Қазақ мемлекеттiк циркi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 18 сәуiр N 18

      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес цирк өнерiн одан әрi дамыту үшiн жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазақ мемлекеттiк циркi" қазыналық кәсiпорны "Астана холдинг" компаниясының басқарушысына мүлiктiк кешен ретiнде жиырма жылдық мерзiмге жалға берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi он күндiк мерзiм iшiнде "Астана холдинг" компаниясының басқарушысымен, негiзiнен қазыналық кәсiпорын қызметiнiң бейiнiн сақтау жөнiндегi жалға алушының мiндетiн ескере отырып тиiстi жалға беру шартын жасасын, осы қаулының орындалуы бойынша өзге де қажеттi шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрi И.Н. Тасмағамбетовке жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады