"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 қаулысының қосымшасына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
"1.2. Салық салу және бюджет саясаты" бөлiмшесiнiң реттiк нөмiрi 7-жолдар алынып тасталсын.
2. "Республиканың жергiлiктi бюджеттерiн түзу мен атқару жөнiндегi жұмыстың жай-күйiне кешендi тексерiстер жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 наурыздағы N 227 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 8, 89-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi