Облыс бюджеттерiне ресми трансферттер (субвенциялар) бөлу тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 22 сәуiр N 619. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.04.13. N 565 қаулысымен

      "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1737 P961737_ қаулысының 3-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Облыс бюджеттерiне ресми трансферттер

 

(субвенциялар) бөлу тәртiбi бекiтiлсiн.

     2. Аталған Тәртiп өзiнiң аумағында арнайы экономикалық аймақтары

бар облыстарға қолданылады деп белгiленсiн.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                        1997 жылғы 22 сәуiрдегi

                                            N 619 қаулысымен

                                              бекiтiлген


                Облыс бюджеттерiне ресми трансферттер (субвенциялар)

                                    бөлу тәртiбi



 
       1. Осы Тәртiп республика бюджетiнен жергiлiктi атқарушы органдарға бөлiнетiн iшкi ресми трансферттердiң (субвенциялардың) (бұдан әрi - трансферттер) нысанасын, сондай-ақ оларды беру тетiгiн айқындайды.
      2. Объективтi себептер бойынша артта қалған аймақтарда әлеуметтiк қызмет көрсетудiң кепiлдi ең аз деңгейiн қамтамасыз ету, сондай-ақ нысаналы жалпымемлекеттiк бағдарламаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында облыс (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң тепе-теңдiгiн қамтамасыз ететiн трансферттер түрiндегi қаржыландыру тетiгi қолданылады.
      3. Төменгi тұрған бюджеттерге республикалық бюджеттен субвенция түрiнде берiлетiн трансферттердiң көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен, олардың нысанасы - осы Тәртiппен айқындалады.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының хаттауын жасау кезiнде инфляция деңгейiн және нысаналы бағдарламаларды iске асыру мерзiмiн ескере отырып, трансферттердi айлар бойынша бөледi.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы қазынашылық республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының бекiтiлген хаттауына сәйкес трансферттердiң нысанасын айқындайтын Қаржы министрiнiң өкiмi бойынша оларды жергiлiктi бюджеттерге аударады.
      6. Трансферттер облыс бюджеттерiне мынадай көрсеткiштердiң жай-күйiне байланысты берiледi:
      жалпымемлекеттiк салықтар мен алымдар жөнiндегi жоспарлардың жыл басынан бастап орындалуы;
      жергiлiктi бюджеттерге бекiтiлген салықтар мен алымдар бойынша жоспардың жыл басынан бастап орындалуы;
      өткен айлармен салыстырғанда барлық салықтар мен алымдар бойынша түспеген төлемдердiң сомасының өзгеруi және т.б.
      Әр облыс бойынша көрсеткiштердiң нақтылы тiзбесiн және оларды қолдану тетiгiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Экономика және сауда министрлiгiмен келiсе отырып, аймақтың әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiн, сондай-ақ ерекшелiктерiн ескере отырып белгiлейдi.
      7. Трансферттер белгiленген тәртiппен секвестрлеуге жатады.
      8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген трансферт сомаларының мақсатқа сай пайдаланылуына тоқсан сайын талдау жүргiзедi және мақсатқа сай пайдаланылмауы фактiлерi анықталған жағдайда трансферттердi бөлмеуге, қайтарып алуға және оларды анықталған тәртiп бұзушылық сомасының көлемiнде жұмсауға тыйым салуға құқылы.
      9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ай сайын Үкiметке облыс бюджеттерiне бөлiнген трансферттер көлемi туралы ақпарат берiп отырады.
      10. Облыс бюджеттерiне трансферттер түрiнде бөлiнген бюджет қаражатының мақсатқа сай және тиiмдi пайдаланылуына бақылауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi жүзеге асырады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады