Қазақстан Республикасында тұратын немiстердi этникалық қайта өрлету жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 23 сәуiр N 639

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасында тұратын немiстердi этникалық қайта

өрлету жөнiндегi қосымша шаралар (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
     2. Тиiстi министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық
атқарушы органдар, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi
республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражаттардың
есебiнен және шегiнде көрсетiлген шараларды жүзеге асыру жөнiнде
практикалық шаралар қабылдасын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 23 сәуiрдегi
                                            N 639 қаулысымен
                                             Бекiтiлген

                Қазақстан Республикасында тұратын немiстердi
                     этникалық қайта өрлету жөнiндегi
                              ҚОСЫМША ШАРАЛАР

______________________________________________________________________
N і          Шаралар          іОрындалуі      Орындауға        іЕскер-
р/і                           імерзiмi і      жауаптылар       ітулер
с і                           і        і                       і
______________________________________________________________________
 1і           2               і    3   і        4              і   5
______________________________________________________________________
  I. Ұйымдастыру шаралары
     саласында:

1 Қазақстан немiстерiнiң III    1998    Бiлiм және мәдениетминi,
  съезiн өткiзу                 жылы    "Қайта өрлеу" Қазақстан
                                қазан   немiстерiнiң ассоциациясы
                                        (келiсiм бойынша),
                                        Сыртқыiсминi

2 Қазақстан еңбек               1997    Бiлiм және мәдениетминi,
  армияшыларының II съезiн      жылы    Ғылымминi - Ғылым академиясы,
  өткiзу                        тамыз   Еңбекәлеуметқорғауминi,
                                        "Қайта өрлеу" Қазақстан
                                        немiстерiнiң ассоциациясы
                                        (келiсiм бойынша)

3 Қазақстан мен Германия        үнемi   Бiлiм және мәдениетминi,
  арасында жастар туризмiн              "Қайта өрлеу" Қазақстан
  дамытуға, немiс жастар                немiстерiнiң ассоциациясы
  топтарының шығармашылық               (келiсiм бойынша)
  алмасуына жәрдем көрсету

4 Қазақстандағы немiс           1997    Бiлiм және мәдениетминi,
  жастарының жиынын өткiзу      жылы    "Қайта өрлеу" Қазақстан
                                қазан   немiстерiнiң ассоциациясы
                                        (келiсiм бойынша), Немiс
                                        жастарының одағы (келiсiм
                                        бойынша)

5 Бұрынғы қазақстандық          1997    Сыртқыiсминi, Экономика және
  азаматтарды Қазақстан         жылы    саудаминi, Қаржыминiнiң
  аумағындағы жобаларды                 жанындағы Сырттан
  Германия бағдарламаларының            қарызға алу жөнiндегi
  шеңберiнде жүзеге асыруға             комитет, Инвестмемкомы
  тарту туралы келiсiм
  қабылдау жөнiнде ГФР
  Үкiметiмен келiссөз
  процесiне бастамашылық
  жасау

6 Немiстердiң экономикалық,     жыл     Бiлiм және мәдениетминi,
  әлеуметтiк және демографиялық сайын   Экономика және саудаминi,
  проблемаларын жүйелi түрде            Еңбекәлеуметқорғауминi,
  талдау, көшi-қон процестерiн          облыстар мен Алматы
  зерделеу, немiс ұлтты                 қаласының әкiмдерi,
  азаматтарды тұрақтандыру және         "Қайта өрлеу" Қазақстан
  оларды мәдени-тiлдiк арнайы           немiстерiнiң ассоциациясы
  қанағаттандыру үшiн жағдай            (келiсiм бойынша)
  жасау

  II. Мәдениет саласында:

7 Республиканың немiс           1997    Немiстер iсi жөнiндегi
  тұрғындарының мәдениетi       жылы    үкiметаралық
  мен бiлiм алуы мәселелерiн            қазақстан-герман
  шешу үшiн бiрлескен                   комиссиясының қазақстандық
  уағдаластықтың шеңберiнде             бөлiгi
  екi жақты жұмыс тобын
  құру

8 Кездесу орталықтарына,        үнемi   Бiлiм және мәдениетминi,
  мұражайларға, кiтапханаларға,         облыстар мен Алматы
  тiл және мәдениет жөнiндегi           қаласының әкiмдерi
  балалар жексенбiлiк
  мектептерiне қажеттi үй-жай
  бөлiнуiне жәрдемдесу

9 Немiс театрының, Немiс театр  1997-   Бiлiм және мәдениетминi,
  академиясының, концерттiк     1998    Алматы қаласының әкiмi
  ұйымының қатысуымен           жылдары
  республикалық немiс мәдени
  орталығын құру

10 Жамбыл облыстық тарихи -     1997-   Бiлiм және мәдениетминi,
  өлкетану мұражайының жанынан  1998    Жамбыл облысының әкiмi,
  немiс суретшiсi Л.Брюмердiң   жылдары "Қайта өрлеу" Қазақстан
  халық мұражайын құру мәселесiн        немiстерiнiң ассоциациясы
  пысықтау                              (келiсiм бойынша)

11 Солтүстiк Қазақстан            >>    Бiлiм және мәдениетминi,
   облысының Петерфельд                 Солтүстiк Қазақстан және
   селосындағы және Павлодар            Павлодар облыстарының
   облысының Я.Геринг атындағы          әкiмдерi
   ұжымшарындағы мұражайлардың
   материалдық-техникалық
   базасын нығайту жөнiнде
   шаралар қабылдау

12 Қарағанды, Павлодар облыстық   >>    Бiлiм және мәдениетминi,
   филармонияларының жанынан            Қарағанды  және
   кәсiпқой концерттiк топтар           Павлодар облыстарының
   құру туралы мәселенi пысықтау        әкiмдерi

13 Жыл сайын: республикалық     үнемi   Бiлiм және мәдениетминi,
   және облыстық деңгейде               облыстық (қалалық) мәдениет
   фестивальдар, конкурстар,            басқармалары, "Қайта
   мәдениет күндерiн, немiс             өрлеу" Қазақстан
   кәсiпқой және әуесқой                немiстерiнiң ассоциациясы
   шығармашылық ұжымдарының,            (келiсiм бойынша)
   ансамбльдерiнiң, топтары
   мен әншiлерiнiң гастрольдерiн
   немiс суретшiлерiнiң жеке
   және топтық көрмелерiн,
   немiс жазушылары мен
   журналистерiне арналған
   шығармашылық кездесулер
   мен семинарлар, мәдениет
   қызметкерлерiнiң
   семинарларын,
   конференцияларын, кездесулерiн
   өткiзудi көздейтiн
   бiрлескен жоспарлар
   әзiрлеу және оларды
   жүзеге асыру

14 Жыл сайын Немiс театр        >>      Бiлiм және мәдениетминi,
   академиясына, музыкалық              Қостанай облысының
   колледждердiң немiс топтарына        әкiмi, "Қайта өрлеу"
   оқушылар қабылдауға                  Қазақстан немiстерiнiң
   жәрдемдесу. Қостанай                 ассоциациясы (келiсiм
   мәдениет және өнер                   бойынша)
   колледжiнен немiс тобын
   ашу

15 Қазақстан немiстерiнiң       >>      Ғылымминi - Ғылым
   тарихы мен мәдениетiнiң              академиясы, Бiлiм және
   зерттеушiлерi бiрлестiгiн            мәдениетминi, Мемлекеттiк
   құру. Ғылыми-теориялық               архив, "Қайта өрлеу"
   және ғылыми-тәжiрибелiк              Қазақстан немiстерiнiң
   конференциялар, семинарлар           ассоциациясы (келiсiм
   өткiзiп, Қазақстандағы               бойынша)
   немiс ұйымдары архивiн
   құру

16 Әдеби жинақтарды, көркем     үнемi   Бiлiм және мәдениетминi,
   каталогтарды, әдiстемелiк            Баспасөз және бұқаралық
   құралдарды, ғылыми жинақтар          ақпарат iстерi жөнiндегi
   және мәдениет жөнiндегi түрлi        ұлттық агенттiк (келiсiм
   жарнамаларды шығаруға                бойынша), "Қайта өрлеу"
   жәрдемдесу                           Қазақстан немiстерiнiң
                                        ассоциациясы (келiсiм
                                        бойынша)

   III. Бiлiм беру саласында:

17 Оқу орындарында немiс тiлiн  1997-   Бiлiм және мәдениетминi,
   үзбей оқытуды дамытуға       1998    "Қайта өрлеу" Қазақстан
   ықпал ету. Жалпы бiлiм       жылдары немiстерiнiң ассоциациясы
   беретiн мектептер мен                (келiсiм бойынша)
   балалар бақшаларында немiс
   тiлiн тереңдетiп оқытатын
   арнаулы сыныптар мен
   топтарды ұйымдастыру
   тәжiрибесiн тарату

18 Немiс мәдени орталықтарының  1997    Бiлiм және мәдениетминi,
   мектеп жасына дейiнгi        жыл     облыстар мен Алматы
   және мектеп оқу орындарының          қаласының әкiмдерi "Қайта
   жанынан тiл және мәдениет            өрлеу" Қазақстан
   балалар жексенбiлiк                  немiстерiнiң ассоциациясы
   мектептерiн ұйымдастыру              (келiсiм бойынша)
   тәжiрибесiн жалғастыру.
   Оларды қажеттi әдiстемелiк
   және оқулық әдебиеттермен
   қамтамасыз ету жөнiнде
   шаралар қолдану

19 Ересек тұрғындарға арналған  үнемi   Бiлiм және мәдениетминi,
   немiс тiлiнiң кешкi және             "Қайта өрлеу" Қазақстан
   жексенбілiк курстарының              немiстерiнiң ассоциациясы
   жұмысы үшiн жағдай                   (келiсiм бойынша),
   туғызуға жәрдемдесу.                 облыстар мен Алматы
   Оларды өткiзудiң                     қаласының әкiмдерi
   әдiстемесiн жасау

20 Немiстердiң iсi жөнiндегi    үнемi   Немiстер iсi жөнiндегi
   үкiметаралық қазақстан-              үкiметаралық қазақстан-
   герман комиссиясының                 герман комиссиясының
   келiссөздер процесiнiң               қазақстандық бөлiгi
   негiзiнде бұрын
   Қазақстаннан Германияға
   тұрақты тұруға қоныс
   аударған ГФР азаматтарын
   немiс тiлiнiң мұғалiмдерi
   ретiнде тартуға бастамашылық
   жасау

21 Қазақстан немiстерiнiң       1997-   Бiлiм және мәдениетминi,
   қатарынан Қазақстан мен      1998    "Қайта өрлеу" Қазақстан
   Германия оқу орындарында     жылдары  немiстерiнiң ассоциациясы 
   жоғары бiлiмдi мамандар              (келiсiм бойынша)
   даярлау жөнiнде бағдарлама
   жасау

22 Қазақстан немiстерi          үнемi   Бiлiм және мәдениетминi,
   қоғамдық бiрлестiктерiнiң            Ғылымминi - Ғылым
   Ассоциациясы құрған                  академиясы, "Қайта өрлеу"
   стипендиаттар тiзiмiнiң              Қазақстан немiстерiнiң
   негiзiнде Қазақстан                  ассоциациясы (келiсiм
   немiстерi үшiн Герман                бойынша)
   академиялық айырбастау
   қызметiмен бiрлескен
   бағдарлама әзiрлеуге
   бастамашылық жасау. Немiс
   тiлiн жетiлдiру үшiн мектеп,
   жастар және академиялық
   алмасу жүйесiн кеңейтуге
   жәрдемдесу

23 "Қазақстанның кәсiптiк-      1997-   Бiлiм және мәдениетминi,
   техникалық бiлiм беруiне     1998    "Қайта өрлеу" Қазақстан
   жәрдемдесу" қазақстан-       жылдары немiстерiнiң ассоциациясы
   герман жобасын жүзеге асыру          (келiсiм бойынша)
   барысына немiс тiлiн
   тереңдетiп оқытатын қазақ-немiс
   лицейлерi мен колледждерiн
   құру жөнiндегi жұмысты
   жандандыру

24 Немiстердiң бiлiм жағдайынан 1997-   Бiлiм және мәдениетминi,
   деректер жинау, оны талдау   1998    Ғылымминi - Ғылым
   мен болжау және олардың      жылдары академиясы, "Қайта өрлеу"
   мәдени дамуына ықпал ету             Қазақстан немiстерiнiң
   және Қазақстандағы немiс             ассоциациясы (келiсiм
   ұлтты азаматтардың пайдасына         бойынша)
   кеңейтiлген жұмыстар
   жүргiзудiң герман-қазақстан
   бағдарламаларын жүзеге асыру
   жөнiндегi орталық құру жөнiнде
   шаралар қабылдау

25 Арнаулы сыныптарда және тiл  үнемi   Бiлiм және мәдениетминi
   курстарында жұмыс iстейтiн
   немiс тiлi оқытушыларының
   семинарларын өткiзудi
   практикаға енгiзу

26 Германияда және ТМД-да       >>      Бiлiм және мәдениетминi,
   шығатын, немiс тiлiн тереңдетiп      "Қайта өрлеу" Қазақстан
   оқытатын арнаулы сыныптарға,         немiстерiнiң ассоциациясы
   балалар бақшаларындағы               (келiсiм бойынша)
   топтарға және жоғары және
   арнаулы орта оқу орындарының
   бөлiмдерiне арналған
   оқулықтарды, оқу құралдарын,
   әдiстемелiк және басқа да
   әдебиеттердi алу үшiн
   қаражат бөлудiң мүмкiндiгiн
   қарастыру

27 Немiс тiлi бойынша мектеп    жылына  Бiлiм және мәдениетминi,
   оқушыларының республикалық   бiр рет "Қайта өрлеу"Қазақстан
   олимпиадасын өткiзу жөнiндегi        немiстерiнiң ассоциациясы
   жұмысты жалғастыру                   (келiсiм бойынша)

   IV. Экономика саласында:

28 ГФР Үкiметiмен мына бағыттар 1997    Немiстер iсi жөнiндегi
   бойынша: Германияның         жылы    үкiметаралық қазақстан-
   азаматтарын - Қазақстанның           герман комиссиясының
   бұрынғы азаматтарын                  қазақстандық бөлiгi
   Қазақстандағы немiстер тығыз
   тұратын жерлерде кәсiпкерлiк
   қызмет жөнiндегi жобаларды
   жүзеге асыруға тарту жөнiнде;
   Қазақстандағы шағын және
   орташа бизнестiң аясындағы
   немiс кәсiпкерлерiнiң
   жобаларын жүзеге асыру үшiн
   экономикалық ынтымақтастық
   және Германияны дамыту
   жөнiндегi (BMZ) Германияның
   Iшкi iстер федеральдық
   министрлiгiнiң желiсi бойынша
   қаржылық және техникалық
   көмектердi пайдалану туралы
   келiссөздер жүргiзу

29 Қазiр Германияда тұратын     1997    Экономика және саудаминi,
   Қазақстанның бұрынғы         жылы    Инвестмемкомы, Қаржыминi,
   азаматтарын шағын және               Сыртқыiсминi, "Қайта өрлеу"
   орташа бизнестi дамытуға             Қазақстан немiстерiнiң
   олардың қатысуын көздейтiн           ассоциациясы (келiсiм
   қазақстандық жобаларды жүзеге        бойынша)
   асыруға тарту жөнiнде
   бағдарлама жасау

30 Орташа және шағын бизнес     >>      Экономика және саудаминi,
   саласындағы жобаларды жүзеге         Инвестмемкомы, Қаржыминi,
   асыру үшiн қаражат тартудың          "Қайта өрлеу" Қазақстан
   кестесiн жасау                       немiстерiнiң ассоциациясы
                                        (келiсiм бойынша)
                                        Қазақстан Эксимбанкi

31 Даму жөнiндегi бiрлескен     >>      Экономика және саудаминi,
   қоғам, Даму жөнiндегi                Инвестмемкомы, Қаржыминi,
   банк және басқа да бiрлескен         "Қайта өрлеу" Қазақстан
   инфрақұрылымдық объектiлер           немiстерiнiң ассоциациясы
   құрудың мүмкiндiгiн қарау            (келiсiм бойынша)
                                        Ұлттық банк (келiсiм бойынша)

32 Қаржыландыру үшiн ұсынылған  >>      Экономика және саудаминi,
   басымдықты жобаларды анықтау         Инвестмемкомы, Қаржыминi,
   үшiн тендерлiк комиссия құру         "Қайта өрлеу" Қазақстан
                                        немiстерiнiң ассоциациясы
                                        (келiсiм бойынша)

33 Қазақстандағы немiстер тығыз >>      Экономика және саудаминi,
   тұратын жерлерде арнаулы             Инвестмемкомы, Қаржыминi,
   экономикалық аймақтар құрудың        "Қайта өрлеу" Қазақстан
   дұрыстығы мен мүмкiндiгi             немiстерiнiң ассоциациясы
   туралы ұсыныстарды қарау             (келiсiм бойынша)
                                        

34 Қазақстан кәсiпкерлерiне     >>      Республикалық салааралық
   (немiс ұлтты) арналған               бiлiктiлiк арттыру
   Германия кәсiпорындарында            институты, Экономика
   тәжiрибеден өткiзу арқылы            және саудаминi,
   оқыту курстарын құру                 Инвестмемкомы, "Қайта
   жөнiнде шаралар қабылдау             өрлеу" Қазақстан
                                        немiстерiнiң ассоциациясы
                                        (келiсiм бойынша),
                                        Еңбекәлеуметқорғауминi

   V. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк көмек саласында:

35 Қазақстанда медициналық      >>      Денсаулықминi,
   орталықтар, әлеуметтiк               Еңбекәлеуметқорғауминi,
   қорғау станцияларын,                 Инвестмемкомы,
   медициналық-сауықтыру                Қаржыминi, облыстардың
   профилакторийлерiн және              және Алматы қаласының
   өзге де медициналық                  әкiмдерi, "Қайта өрлеу"
   мекемелер желiлерiн құру             Қазақстан немiстерiнiң
   жөнiндегi герман                     ассоциациясы (келiсiм
   бағдарламаларын жүзеге               бойынша)
   асыруға, оларды штаттармен,
   үй-жайлармен және қажеттi
   дәрi-дәрмектермен әрi
   техникамен қамтамасыз етуге
   жәрдемдесу

   VI. Бұқаралық ақпарат құралдары және баспа жұмыстары саласында:

36 Белгiленген тәртiппен        үнемi   Баспасөз және бұқаралық
   Әл-Фараби атындағы Қазақтың          ақпарат iсi жөнiндегi
   ұлттық университетi                  ұлттық агенттiк
   журналистика факультетiнiң           (келiсiм бойынша), Бiлiм
   жанынан немiс бұқаралық              және мәдениетминi,
   ақпарат құралдары үшiн               Сыртқыiсминi, Әл-Фараби
   кадрлар даярлау жөнiнде              атындағы Қазақ ұлттық
   бөлiм ашу. Немiс бұқаралық           университетi
   ақпарат құралдары
   мамандарының тәжiрибеден
   өтуi және олардың бiлiктiлiгiн
   көтеру мәселелерi жөнiнде
   келiссөз процестерiне
   бастамашылық жасау

37 Республиканың немiс          1997-   Баспасөз және бұқаралық
   бұқаралық ақпарат            1998    ақпарат iсi жөнiндегi
   құралдарының материалдық-    жылдары ұлттық агенттiк (келiсiм
   техникалық базасын нығайту           бойынша), "Қазақстан
   жөнiнде шаралар қабылдау             теледидары және радиосы"
                                        республикалық корпорациясы

38 Республикалық теледидар      1997    Баспасөз және бұқаралық
   және радио бойынша           жылы    ақпарат iсi жөнiндегi
   "Guten Abend" студиясы               ұлттық агенттiк (келiсiм
   хабарларының уақыты мен              бойынша), "Қазақстан
   қызметiн тұрақты негiзде             теледидары және радиосы"
   кеңейту мәселесiн қарау              республикалық корпорациясы

39 Немiс тарапымен "АзияСАТ"    >>      Немiстер iсi жөнiндегi
   жер серiгi арқылы теле-              үкiметаралық қазақстан-
   радио арнасын құру мүмкiндiгi        герман комиссиясының
   туралы келiссөз процесiн             қазақстандық бөлiгi,
   жүзеге асыру                         Баспасөз және бұқаралық
                                        ақпарат iсi жөнiндегi
                                        ұлттық агенттiк (келiсiм
                                        бойынша)
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады