Бiрлескен мемлекеттiк экспорттық-импорттық валюталық бақылау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 24 сәуiр N 653. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.26. N 845 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 26 қыркүйектегі  N 845  Қаулысымен.

      Экспорттан валюталық қаражаттардың түсуiнiң толықтығы мен уақыттылығын және валюталық қаражаттарды импорттың мақсатына пайдаланудың негiздiлiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық және кедендiк заңдарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi мен Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) Бiрлескен мемлекеттiк экспорттық-импорттық валюталық бақылау туралы ереженi бекiтсiн. 
      2. Бiрлескен мемлекеттiк экспорттық-импорттық валюталық бақылау жүйесiн: 
      1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап - Алматы қаласының және Алматы облысының шегiнде; 
      1997 жылдың 1 қазанынан бастап - бүкiл республика бойынша кезең-кезеңмен қолдануға енгiзу белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi 1997 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн мерзiмде бiрлескен мемлекеттiк экспорттық-импорттық валюталық бақылауды iс жүзiнде жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн автоматтандырылған жүйе әзiрлесiн және оны енгiзсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi Бiрлескен мемлекеттiк экспорттық-импорттық валюталық бақылау жүйесiнiң жұмыс iстеуi жөнiндегi жауапты орган болып айқындалсын. 
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С. Павловқа жүктелсiн. 

    Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады