1. Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi, министрлiктердiң және мемлекеттiк комитеттердiң басшылары "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын жетiлдiру жөнiндегi бұдан былайғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын орындауға байланысты мәселелердi шешу үшiн:
3 күн мерзiм iшiнде тарату комиссиясын құрсын;
таратылатын және қайта ұйымдастырылатын орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың iстерi мен мүлкiн қабылдау-өткiзудi заңдарда белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн, олардың қалыпты жұмыс iстеуi, қаржыландырылуы мен материалдық-техникалық қамсыздандырылуы, сондай-ақ олардың қызметкерлерiне тиiстi жеңiлдiктер мен өтемақылардың берiлуiн қамтамасыз етсiн;
осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге ұйымдастыру-құқықтық шараларын қабылдасын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi нақтылау туралы қажеттi шаралар қабылдасын және ұсыныс енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне республиканың заңдарын Жезқазған, Көкшетау және Семей облыстарын тарату туралы қабылданған шешiмге сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
4. Жезқазған, Көкшетау және Семей облыстары әкiмдерiнiң аппараттарында тарату iсiн жүргiзу үшiн 1-3-қосымшаларға сәйкес құрамда тарату комиссиялары құрылсын.
5. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрiнiң орынбасары Н.В.Радостовецке, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң орынбасары К.М.Отаровқа және Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрiнiң орынбасары Р.Қ.Тоқсейiтовке Жезқазған, Көкшетау және Семей облыстарын тарату туралы шешiмдердi орындау үшiн құрылған ведомстволық тарату комиссияларының жұмысын
үйлестiру өкiлеттiгi берiлсiн. 6. Тарату комиссиясы (Н.В.Радостовец, К.М.Отаров, Р.Қ.Тоқсейiтов) 1997 жылдың 4 шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулының орындалуы туралы баяндасын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 мамырдағы N 107 қаулысына 1-қосымша Жезқазған облысы әкiмiнiң аппаратын тарату iсiн жүзеге асыру жөнiндегi комиссияның ҚҰРАМЫ Радостовец Н.В. - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрiнiң орынбасары, төраға Дмитриев О.В. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Аймақтардың жұмысын үйлестiру бөлiмiнiң бас инспекторы Молдахметов Н.С. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары Мусалимов И.Г. - Қарағанды облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Оспанов Х.А. - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгi Өнеркәсiп департаментiнiң директоры Сатпаев С.Қ. - Жезқазған облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 мамырдағы N 107 қаулысына 2-қосымша Көкшетау облысы әкiмiнiң аппаратын тарату iсiн жүзеге асыру жөнiндегi комиссияның ҚҰРАМЫ Отаров К.М. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң орынбасары, төраға Әдiлбеков Д.З. - Көкшетау облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Жәрменов Б.Б. - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгi Аймақтық саясат және әлеуметтiк сала департаментi директорының мiндетiн атқарушы Қалиев Қ.Қ. - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Самусев Ю.М. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Аймақтардың жұмысын үйлестiру бөлiмiнiң бас инспекторы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 мамырдағы N 107 қаулысына 3-қосымша Семей облысы әкiмiнiң аппаратын тарату iсiн жүзеге асыру жөнiндегi комиссияның ҚҰРАМЫ Тоқсейiтов Р.К. - Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрiнiң орынбасары, төраға Бергенов А.С. - Семей облысы әкiмiнiң мiндетiн атқарушы Быстров А.М. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Аймақтардың жұмысын үйлестiру бөлiмiнiң бас инспекторы Елубаев Ж.С. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары Сизов А.П. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары Сухорукова В.Н. - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары