Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 5 мамырдағы N 786. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң құрылымы, сондай-ақ алқаның сандық құрамы - 9 адам болып бекiтiлсiн.
     2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
     "Қазақстан Республикасының Кеден комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 желтоқсандағы N 1551 қаулысы :
     "Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне қызметтiк жеңiл автомобильдер лимитiн көбейту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1654 қаулысы

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң            
1997 жылғы 5 мамырдағы      
N 786 қаулысына          
қосымша               

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден
комитетiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Кедендiк бақылау және кiрiстер департаментi
     Энергиялық ресурстарды бақылау жөнiндегi департамент
     Экономикалық қауiпсiздiк және контрабандамен күрес департаментi
     Заң департаментi
     Құжаттамалық және қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету департаментi
     Кадр басқармасы
     Баспасөз орталығы     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады