Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 15 мамыр N 834

      Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң Басқармасы төрағасының есебiн тыңдап және Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң 1996 жылғы қызмет нәтижелерiн қарап Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң Басқармасының жылдық есебi, Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң жылдық балансы және кiрiс пен шығын есебi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi Тексеру комиссиясының қорытындысы назарға алынсын.
      3. Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi аудиторының - "Делойт и Туш" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң қорытындысы назарға алынсын.
      4. 1996 жылдың қорытындысы бойынша кiрiстi бөлудiң мынадай тәртiбi белгiленсiн:
      Резервтiк қор - 38 976 000 теңге,
      Дивидендтер қоры - 78 000 000 теңге,
      Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi 1997 жылдың 1 маусымына дейiн мерзiмде дивидендтердi аударуды жүргiзсiн.
      Өндiрiстiк және әлеуметтiк даму қоры 25 063 000 теңге. Таза пайданың 637 486 000 теңге мөлшерiндегi қалған бөлiгi Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң жарғылық қорын көбейтуге жiберiлсiн.
      5. Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң жарғылық қорының мөлшерi 1 700 000 000 теңге болып айқындалсын.
      6. "Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 4 шiлдедегi N 916 P950916_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 23, 264-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

     аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ
Банкi Жарғысының 11-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
     "1. Осы Жарғыны тiркеуден өткiзген кездегi Банктiң жарғылық қоры
1 700 000 000 теңгеден тұрады және әрқайсысының нақты құны 100 теңге
тұратын 17 000 000 жай акцияларға бөлiнген.";
     Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банк Жарғысына қосымша
мынадай редакцияда жазылсын:

                           "Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ
                            Банкiнiң Жарғысына

                                                  ҚОСЫМША

                Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi
                      акцияларының құрылымы туралы

     NN     АКЦИОНЕР    Акциялар     Акциялардың   Банктiң Жарғылық
     п/п                саны            нақты      қордағы үлесi
                        (дана)          құны            (%)
                                        (теңге)

     I Қазақстан        17 000 000      100            100
       Республикасының
       Үкiметi".

     7. Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң Басқармасы
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының талаптарына
сәйкес Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң жарғылық қорын
тiркеудi жүзеге асырсын.
     8. Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң евробондтар
шығаруы және оларды халықаралық қаржы рыноктарында орналастыруы
мақұлдансын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады