1. Қосымшаға сәйкес 29 408 000 АҚШ доллары сомасындағы жобаны қаржыландыруға арналған қаражатты бөлу бекiтiлсiн.
2. Жобаны қаржыландыруға арналған қаражатты мақсатты әрi тиiмдi пайдалану жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгiне жүктеледi деп белгiленсiн.
3. "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкiнiң арасындағы Займ жобасы (Арнайы операциялар) (Бiлiм жүйесiн басқаруды оңалту және жақсарту жобасы) туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 12 шiлдедегi Заңымен бекiтiлген халықаралық шарттың мәртебесi бар Займ туралы келiсiмге сәйкес былай деп белгiленсiн:
Азия Даму Банкiнiң займ қаражаты есебiнен қаржыландырылатын аталған жоба бойынша берiлетiн тауарлар, көрсетiлетiн қызметтер қосылған құн салығынан және кеден төлемдерiнен босатылады;
Азия Даму Банкi займы қаражатының есебiнен резидент еместiң кiрiсi төлем көзiнен табыс салығын төлеуден босатылады.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
жобаны қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкi арқылы 9 408 000 АҚШ долларына баламды мөлшерде қаражатты өтеусiз бөлсiн.
Азия Даму Банкiнiң займы бойынша негiзгi қарыздарды, проценттер мен осыған қатысты төлемдердi уақытында өтеуге бақылау жасауды жүзеге асырсын.
5. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi жергiлiктi шығындарды қаржыландыруға бағытталған Азия Даму Банкiнiң займ қаражатын игеру үшiн Азия Даму Банкiне қабылданымды жағдайларда банкте ағымдағы есепшот ашсын.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң жанындағы
Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитет аталған жобаны iске асыруға жалпы үйлестiрудi және Азия Даму Банкiнiң ережелерiне сәйкес тауарлар мен қызметтердi сатып алулар жүргiзуге бақылауды жүзеге асырсын. 7. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Жобаның жергiлiктi жерлерде жүзеге асуына көмек көрсетсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 мамырдағы N 853 қаулысына Қосымша Бiлiм жүйесiн басқаруды оңалту және жақсарту жобасын қаржыландыруға бағытталған қаражатты бөлу --------------------------------------------------------------------- Санаттар | АДБ тарапынан | Үкiмет | қаржыландыру | |----------------------| тарапынан | Шетелдiк | Жергiлiктi|қаржыландыру |шығындар |шығындар |(мың АҚШ |(мың АҚШ |(мың АҚШ | доллары) |доллары) |доллары) | --------------------------------------------------------------------- А. Базалық бағасы 1. Мамандарды даярлау: а) шетелде оқыту 300 0 0 б) елде оқыту 0 288 0 2. Оқулықтар мен оқу құралдары 1200 1000 400 3. Консалтингтiк қызмет: а) шетелде 400 0 0 б) жергiлiктi 0 79 0 4. Жиhаз және құрал-жабдық: а) жиhаз 0 927 1456 б) құрал-жабдық 11589 610 0 5. Орындалуы а) Жобаны орындау жөнiндегi бөлiм бойынша ағымдағы шығындар 0 63 27 б) жобаны орындау үшiн ағымдағы шығындар 0 0 3960 6. Салық және баж 0 0 3072 Б. Мүмкiн кездейсоқтық 1. кездейсоқтық 1263 569 301 2. бағаның өсуi 604 405 192 В. Қызмет үшiн алым 663 0 0 ЖИЫНТЫҒЫ 16059 3941 9408