Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Теректi аудандарының шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 27 мамырдағы N 884

      "Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Тайпақ аудандарын тарату, Чапаев ауданын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 7 мамырдағы N 3489 Жарлығына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 507-құжат) 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Таратылған Ақжайық ауданының аумағы қосылып Теректi ауданының;
      Таратылған Тайпақ ауданының аумағы қосылып Ақжайық ауданының (қайта аталған Чапаев ауданының) шекаралары өзгертiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады