"Қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамына шет елдiк инвестицияларды тарту үшiн жағдай жасау жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 27 мамырдағы N 890

      "Қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамы құрылтайшыларының 1997 жылғы 23 мамырдағы жалпы жиналысының өтiнiш жасауы негiзiнде және "Қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамына шет елдiк инвестицияларды тарту және оның құрылтайшыларының берешектерiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi заңда белгiленген тәртiппен:
      "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты", "Лениногор полиметалл комбинаты" және "Зырьян қорғасын комбинаты" ашық акционерлiк қоғамдарының жалпы жиналысына "Қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамының оларға тиесiлi акцияларға билiк ету мәселелерi жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
      жоғарыда аталған акционерлiк қоғамдарға олардың несиелiк берешектерiн өтеу мақсатында "қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамының акцияларын сату ұсынылсын;
      Швейцарияның "Казастур Цинк А.Г." фирмасымен "Қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамының өнеркәсiптiк кешендерiн тұрақтандыру және дамыту жөнiндегi ынтымақтастық туралы белгiленген тәртiппен шарт жасассын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне бюджетке, мемлекеттiк Медетшi банкiне және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне берешегiн несиелердi өтеу есебiне "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты", "Лениногор полиметалл комбинаты" және "Зырьян қорғасын комбинаты" акционерлiк қоғамдарынан "Қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының оларға тиесiлi 14 процентiн нақты құны бойынша қабылдау ұсынылсын.
      3. Қаржы министрлiгiне, мемлекеттiк Медетшi банкiне және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне оларға тиесiлi "Қазмырыш" акционерлiк қоғамының акциялар пакетiн ұстаушы болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiн айқындау тапсырылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi:
      "Бұқтырма СЭС" акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысында Бұқтырма СЭС-ның мүлiктiк кешенiн "Қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамының негiзгi инвесторы ретiнде "Казастур Цинк А.Г." фирмасына ұзақ мерзiмдi мүлiктiк жалға беру туралы мәселенi қарасын;
      "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының мүлiктiк кешенiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк жекешелендiру департаментiне, мұнда заңмен көзделген рәсiмдердi пайдалана отырып сатуы үшiн бөлу және беру туралы мәселенi қарасын;
      кейiн оны жоғарыда аталған кешенiнiң құрамына енгiзумен Текелi энергия комбинатын басқаруға жасасылған шартты бұзу жөнiнде шаралар қабылдасын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады