"Маңғыстаумұнайгаз" ашық акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн сату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 28 мамырдағы N 897

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Тендерлiк комиссияның "Central Asia Petrolium LTD" компаниясын (бұдан әрi - Компания) тендердiң жеңiмпазы деп тану және оған Компания мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi арасында жасасылған шартқа сәйкес "Маңғыстаумұнайгаз" ашық акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiнiң 60 процентiн сату туралы қорытындысына келiсiм берiлсiн.
      2. Мүдделi орталық атқарушы органдарға Маңғыстау облысының әкiмiмен бiрлесiп шарттың ережелерiн орындауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану тапсырылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады