Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы Үкiметтерiнiң арасындағы Ортақ ғылыми-технологиялық кеңiстiк құру туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 29 мамырдағы N 899

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1997 жылғы 14 наурызда Бiшкек қаласында қол қойылған

 

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан

Республикасы Үкiметтерiнiң арасындағы Ортақ ғылыми-технологиялық

кеңiстiк құру туралы келiсiм бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қабылдаған шешiмi туралы Қырғыз

және Өзбек Тараптарына хабарласын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


             Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы

      және Өзбекстан Республикасы Үкiметтерiнiң арасындағы Ортақ

                ғылыми-техникалық кеңiстiк құру туралы


                               КЕЛIСIМ



 
       Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Үкiметтерi,
      1994 жылғы 30 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасының арасындағы Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру туралы шартқа және 1996 жылғы 23 тамыздағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы мемлекеттерi Басшыларының 1996-1998 жылдары Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк қалыптастыру жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасы туралы шешiмiне сәйкес (IV тарау, 2-тармақ),
      ғылымды қолдау, ғылыми-технологиялық әлеуеттi сақтау және дамыту жөнiнде шұғыл шаралар қабылдау қажет деп есептей отырып,
      ғылым мен техниканы дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасауға келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына ғылыми-технологиялық әлеуеттi барынша толық және тиiмдi пайдалануға ұмтыла отырып, мыналар жөнiнде келiстi:
 

                                I-бап



 
 
       1. Тараптар қалыптасуы интеграциялық процестердiң дамуымен өзара байланыста кезең-кезеңiмен өтетiн ортақ ғылыми-технологиялық кеңiстiк құру жөнiнде келiсiлген шаралар қабылдайды.
      2. Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң ортақ ғылыми-технологиялық кеңiстiгi осы мемлекеттердi өзара мүдденi, ұлттық нормативтiк-құқықтық базалардың үйлесiмiн, осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң әрқайсысына Келiсiмге қатысушы басқа мемлекеттердiң ғылыми-технологиялық тауарлар мен қызмет көрсету нарықтарын олардың заңдарына сәйкес пайдалануға мүмкiндiк берудi бiлдiретiн ғылым мен техниканың бағыттары бойынша келiсiлген ғылыми-технологиялық саясат жүргiзудi көздейдi.
 

                                2-бап



 
 
       Ортақ ғылыми-технологиялық кеңiстiк құру мақсатында Тараптар:
      - ғылым, технологиялар және ғылыми кадрларды даярлау саласында интеграциялық процестердi үйлестiру тетiгiн құруға;
      - бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзу кезiнде қаржы-экономикалық тетiктердi өзара есеп айырысу жүйесiн құруға;
      - ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн, эксперименталдық және тәжiрибелiк үлгiлер және технологияларды алмасу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуде ғылыми әдебиеттердi, ғылыми-техникалық ақпараттарды, құралдарды, эксперименталдық жабдықтарды, реактивтер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған басқа материалдарды беру кезiнде кедендiк шектеулердi тоқтатуға;
      - ашық ғылыми-техникалық ақпараттар мен коммерциялық сипаты жоқ деректерге еркiн кiрудi қамтамасыз етуге;
      - ғылыми-технологиялық тауарлар мен қызмет көрсету рыноктарында, сондай-ақ ашық мемлекеттiк тапсырыстарға арналған конкурстарға қатысу кезiнде осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң ғылыми-зерттеу ұйымдарына, ғалымдары мен мамандарына тең құқықтар беруге бағытталған нақты мiндеттердi шешуде өзара iс-қимылды қамтамасыз етедi.
 

                                3-бап



 
 
       Осы Келiсiмдi жүзеге асырудың негiзгi шарты ретiнде оны қолдау мен дамытудың нормативтiк-құқықтық базасын жеделдетiп қалыптастырудың қажеттiгiн бiлдiретiн ғылыми-техникалық саланың басымдығын осы Келiсiмге қатысушы барлық мемлекеттердiң тануын, сондай-ақ осы басымдыққа сәйкес аталған саланы мемлекеттiк қаржыландырудың кепiлдендiрiлген деңгейiн қарастырады.
 

                                4-бап



 
 
       Ортақ ғылыми-технологиялық кеңiстiк құруға бағытталған бiрiншi кезектегi шаралар ретiнде Тараптар мынадай:
      Мемлекетаралық ғылыми және ғылыми-технологиялық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру мен олардың мәртебесi туралы;
      Халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарын құру және олардың мәртебесi туралы;
      осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң ғылыми ұйымдарын, ғалымдар мен мамандарын ұлттық ғылыми-технологиялық бағдарламаларды орындауға тартудың тәртiбi туралы;
      ғылыми басылымдар мен мерзiмдi баспасөздi, шетелдiк ғылыми және ғылыми-педагогикалық аударма әдебиеттi валютасыз ауыстыру тәртiбi туралы;
      кiтапханааралық абонемент құру туралы халықаралық және мемлекетаралық Келiсiмдер дайындау және оларға қол қою қажет деп санайды.
 

                                5-бап



 
 
       1. Осы Келiсiмдi iске асыру жөнiнде келiсiлген шешiмдер әзiрлеу мақсатында Ғылыми-технологиялық даму жөнiндегi үйлестiру Кеңесi (ҒТДҮК) құрылады. ҒТДҮК ғылым мен технологиялар саласын мемлекеттiк басқару органдары басшыларынан тұрады, ол өз қызметiн Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық Кеңесi бекiтетiн Ереже негiзiнде жүзеге асырады.
      2. ҒТДҮК ортақ ғылыми-технологиялық кеңiстiк қалыптастырудың тұжырымдамалық мәселелерiн қарайды, ғылыми-технологиялық ынтымақтастықтың басым бағыттары мен нысандарын айқындайды, өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдайды, ғылыми-технологиялық кеңiстiк құрудың нақты мiндеттерiн шешуге байланысты мәселелер бойынша құжаттар жобаларын әзiрлеп, оларды белгiленген тәртiппен мемлекет басшыларының және үкiмет басшыларының қарауына енгiзедi.
      3. ҒТДҮК қызметiн ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Мемлекетаралық Кеңесiнiң Атқарушы комитетi жүзеге асырады.
 

                                6-бап



 
 
       1. Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң ғылыми ұйымдары, ғалымдары мен мамандары мемлекетаралық ғылыми және ғылыми-технологиялық бағдарламалар мен жобалар шеңберiнде орындайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруды, әдетте, тиiстi Тарап өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
      2. Жекелеген мемлекетаралық ғылыми-технологиялық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарын қаржыландыру үшiн арнаулы нысаналы қорлар құрылуы мүмкiн.
      3. Интеграциялық процестiң тұтастай дамуына, сондай-ақ ортақ ғылыми-технологиялық кеңiстiктiң қалыптасуына қарай Тараптар ҒТДҮК-нiң ұсыныстарының негiзiнде үлестiк салым есебiнен Мемлекетаралық ғылыми-технологиялық даму қорын құру мәселесiн қарайды.
 

                                7-бап



 
 
       1. Осы Келiсiмдi жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн Тараптар тиiстi ұлттық нормативтiк-құқықтық актiлер дайындау жөнiнде үйлестiрiлген шаралар қолданады.
      2. Осы келiсiмдi тұтастай жүзеге асыруға қатысу, ортақ ғылыми-технологиялық кеңiстiк құрудың әртүрлi бағыттары бойынша нақты мiндеттердi шешуге, сондай-ақ өзара көп тарапты ынтымақтастықтың бағдарламалары мен жобаларына қатысу сияқты тиiмдi және ерiктi негiзде жүзеге асырылады.
      3. Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiне қайшы келетiн және онда қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға кедергi келтiретiн, сондай-ақ осы Келiсiмге қатысушы басқа мемлекеттерге залал тигiзетiн iс-қимылдардан қалыс қалатын болады.
      4. Тараптар осы Келiсiмге қатынаспайтын мемлекеттермен

 

ғылыми-технологиялық қатынастың нысандары мен шарттарын және тәуелсiз

айқындау құқығын өздерiнде қалдырады.


                                8-бап


     Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.


                                9-бап



 
       1. Осы Келiсiм қол қойылған күннен бастап қолданылады және депозитарийге оған қатысушы Тараптардың барлық қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы үшiншi хабарлау сақтауға тапсырылған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл бойы қолданылады және егер Тараптар өзге шешiм қабылдамаса, өзiнен-өзi келесi бас жылдық кезеңдерге ұзартылады.
      2. Келiсiмге қатысушы елдер Мемлекетаралық Кеңесiнiң Атқарушы комитетi осы Келiсiмнiң депозитарийi болып табылады.
 

                                10-бап



 
 
       Осы Келiсiм қосылу кезiнде осы Келiсiмнiң қолданылып жүрген ережелерiн танитын және оларды толық көлемде орындауға дайын екенiн бiлдiретiн әрбiр мемлекеттiң қосылуы үшiн ашық. Қосылу қосылатын мемлекетпен жасалған жеке Келiсiмде белгiленген шарттар мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады, ол өздерiнiң мемлекетiшiлiк рәсiмдерiне сәйкес барлық Тараптармен алдын ала келiсiлiп, олардың мақұлдауына жатады.
 

                                11-бап



 
 
       1. Кез келген Тарап Келiсiмнен шығатын ниетiн шығудан 6 ай бұрын депозитарийге жазбаша хабарлау жолымен шыға алады.
      2. Кез келген Тарап осы Келiсiмнiң ережелерiн оның мақсаттарына қол жеткiзуге нұқсан келетiндей етiп бұзған жағдайда басқа Тараптар Келiсiмнiң немесе оның сол Тарапқа қатысты жеке ережелерiнiң күшiн тоқтата тұруға не оны Келiсiмге қатысушылар қатарынан шығару туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      3. Тараптардың мiндеттемелерiне байланысты ықтимал даулар мен

 

талаптарды, оның iшiнде материалдық сипаттағыларын шешу мақсатында осы

Келiсiмнiң ережелерi талаптардың барлығы толық реттелгенге дейiн

қатысуын тоқтатқан Тарапқа қолданыла бередi.

     1997 жылғы 14 наурызда Бiшкек қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа

данада жасалды.

     Түпнұсқа дана әрбiр қатысушы мемлекетке осы Келiсiмнiң

куәландырылған көшiрмесiн жолдайтын Қазақстан Республикасының, Қырғыз

Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық

Кеңесiнiң Атқарушы комитетiнде болады.


     Қазақстан                  Қырғыз                  Өзбекстан

     Республикасының            Республикасының         Республикасының

     Үкiметi үшiн               Үкiметi үшiн            Үкiметi үшiн







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады