Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым белгiсi мен айырым жалауының сипаттамасын және оны қолданудың тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 6 маусымдағы N 932. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 723 қаулысымен. ~P030723

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 маусымдағы N 2368 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым белгiсi мен айырым жалауының сипаттамасы және оны қолданудың тәртiбi бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
1997 жылғы 6 маусымдағы   
N 932 қаулысымен     
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым белгiсi мен айырым жалауының сипаттамасы және оны қолданудың тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым белгiсi (эмблемасы) - iшiнде көгiлдiр реңдегi алтын шаңырақ бейнеленген 8 қырлы алтын жұлдыз. Шаңырақтың үстiнде алтын реңдегi жұлдыздың iшiнде ақ әрiптермен "Кеден" деп және шаңырақтың астында "Customs" деп жазылған (суретi қоса берiлiп отыр).
      Айырым белгiсi (эмблема) Қазақстан Республикасы кеден органдарының иелiгiндегi көлiк құралдарының барлық түрлерiнде қолданылатын және екi жағынан симметриялы орналастырылады.
      Айырым белгiсi Қазақстан Республикасы кеден органдарының нысандық киiмдерiне ерекшелеу белгiсi (эмблемасы) ретiнде пайдаланылады. Ерекшелеу белгiсi iлгекпен тағылады.
      Айырым белгiсiнiң өлшемiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы - жоғары бөлiгi көгiлдiр түстi, ал төменгi бөлiгi жасыл түстi кездеме. Көгiлдiр түс Қазақстан Республикасының ұлттық жалауын, жасыл түс мемлекеттiк шекаралардың жалпы қабылданған халықаралық белгiсiн бiлдiредi. Көгiлдiр және жасыл түстердiң арақатынасы 50:50. Тек ортасында бiздiң планетаны бiлдiретiн 8 қырлы алтын жұлдызы бар шеңбер, және онда - алтындалған жiңiшке жиектi шаңырақ орналасқан. Жұлдыздың iшiнде алтын реңде жоғарғы жақта ақ әрiптермен "Кеден" деп және төменгi жағында "Customs" деп жазылған. Жалау енiнiң оның ұзындығына қатынасы 1:1,5 (сурет қоса берiлiп отыр).
      Кеден органдарының иелiгiндегi өзен, теңiз кемелерiнде және кеден органдары мекемелерiнде қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады