Мемлекеттiк қаржы ақпаратын жариялау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 9 маусым N 941. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.04.13. N 565 қаулысымен. ~P000565

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 6-тармағын орындау үшiн және мемлекеттiк қаржы ақпаратын жариялау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1997 жылдың 10 маусымына дейiн баспасөзде жариялау үшiн республикалық, жергiлiктi бюджеттер мен бюджеттен тыс қорлардың атқарылуының тоқсан сайынғы есебiнiң нысанын, сондай-ақ мемлекеттiң жинақталған қаржы балансының атқарылуының жылдық есебiнiң нысанын әзiрлеп, бекiтсiн;
      есептi кезеңнен кейiн 40 күннен соң орталық баспасөз органдарында мемлекеттiк борышқа қызмет көрсету жөнiндегi шығыстарды бөлiп көрсете отырып, республикалық бюджеттiң тоқсандық атқарылуы туралы ақпарат жарияласын.
      2. Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарына есептi кезеңнен кейiн 40 күннен соң жергiлiктi баспасөз органдарында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысан бойынша жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуының тоқсандық есебiн, сондай-ақ берешектер бойынша: еңбекақы, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына жарналар, электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау жөнiндегi жұмыстарға ақы төлеу жөнiндегi деректердi жариялау ұсынылсын.
      3. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры:
      есептi кезеңнен кейiнгi айдың 30-ына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры, Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры және Қазақстан Республикасының Жол қоры бюджеттерiнiң атқарылуы туралы ақпарат, сондай-ақ 40 күннен кейiн - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысандар бойынша жоғарыда аталған бюджеттен тыс қорлар бюджеттерiнiң атқарылуы туралы тоқсандық есеп ұсынсын;
      есептi кезеңнен кейiн 40 күннен соң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысан бойынша Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры, Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры және Қазақстан Республикасының Жол қоры бюджеттерiнiң тоқсандық атқарылуы туралы тиiстi ақпаратты, сондай-ақ берешектер бойынша: қорларға мiндеттi жарналар жөнiндегi және қорлардан төленетiн мiндеттi төлемдер жөнiндегi деректердi жарияласын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi есептi қаржы жылы аяқталғаннан кейiн 3 айдан соң орталық баспасөз органдарында мемлекеттiң жинақталған қаржы балансының жылдық атқарылуы туралы белгiленген нысан бойынша ақпарат жарияласын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады