Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 18 маусымдағы N 984. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiн және оның аумақтық органдарын статистикалық және талдамалық ақпаратпен қамтамасыз етiлетiн мемлекеттiк органдар тiзбесiне енгiзсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
1997 жылғы 18 маусымдағы  
N 984 қаулысымен     
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi (Қаржыминiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi) туралы
ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi (Бұдан әрi - Департамент) мемлекеттiк меншiктi бiрден-бiр сатушы ретiнде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiруге және мемлекеттiк мүлiкке билiк етуге өкiлеттi мемлекеттiк органдардың және барлық деңгейдегi әкiмдердiң оған сату үшiн берген республикалық және коммуналдық меншiкке иелiк ету жөнiндегi құқықты жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады. 
      2. Департамент өзiне берiлген өкiлеттiк шеңберiнде өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне Премьер-Министрдiң өкiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
      Департаменттiң өз құзыретiне жататын мәселелер жөнiндегi шешiмдерiн барлық органдар, ұйымдар лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы мiндеттi. 
      3. Департамент заңды тұлға болып табылады, белгiленген тәртiпте валюталық және ағымдағы шоты, мөрi және бланкiлерi болады. 
      4. Департаменттiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi. 
      5. Департаменттiң облыстарда, Алматы және Байқоңыр қалаларында өзiнiң аумақтық органдары болады. 
      Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық органдары Департаментпен бiртұтас құрылымға жатады, өздерiнiң қызметiн Департамент оларға жүктеген өкiлеттiктер шегiнде және барлық деңгейдегi әкiмдермен өзара iс-қимылда ұйымдастырады. 
      6. Департамент аппаратын және оның аумақтық органдарын ұстауға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады. 

II. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

        7. Мыналар департаменттiң негiзгi мiндеттерi болып табылады: 
      мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен жүзеге асыруға қатысады; 
      өзiне өкiлеттi органдардың сатуға берген акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк үлесiн, акциялар пакеттерiн аталған пакеттер сатылған сәтке дейiн басқаруды қамтамасыз етедi, олардың басқару органдарында мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi; 
      сатып алу-сату шарттарының сақталуына бақылау жасайды, жекешелендiру туралы заңдардың сақталуын қамтамасыз етедi; 
      өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүлiктiк құқығы мен мүддесiн қорғайды. 
      8. Негiзгi мiндеттерге сүйене отырып Департамент: 
      мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп белгiленген тәртiппен мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру бағдарламасын әзiрлейдi және жүзеге асырады; 
      өзiнiң құзыретiне қатысты мәселелердi реттейтiн заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын әзiрлеуге қатысады; 
      өз құзыретi шегiнде заңды және жеке тұлғалардың атқаруы мiндеттi болып табылатын нормативтiк құқықтық актiлер шығарады; 
      өзiне берiлген мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың мүлкiне, сондай-ақ акционерлiк қоғамдар мен басқа да шаруашылық серiктестiктердiң мүлкiндегi мемлекеттiң үлесiне меншiктiк құқылылығын осы мүлiктi сатуға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады; 
      мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiрудiң нақты түрлерi мен әдiстерiн айқындайды; 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiк объектiлерiн сатуды және соған байланысты барлық шараларды ұйымдастырады; 
      жекешелендiрiлетiн кәсiпорындарды сатар алдында дайындық жұмысын жүргiзедi, бұл мақсат үшiн тәуелсiз сарапшылар мен консультанттарды тартады, осы шаралар жөнiндегi ведомствоаралық комиссиялардың жұмысына қатысады; 
      құнды қағаздар рыногының қатысушылары инвестицияларының инвестициялық-жекешелендiру қорларын трансформациялауға қатысады; 
      жекешелендiруге жататын мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкiне сараптама жасау мен оның құнын бағалау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
      қажет болған жағдайда жекешелендiруге байланысты жұмыстарды жүргiзуге қатысуы үшiн тәуелсiз сарапшыларды, аудиторлар мен консультанттарды тартады; 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша мемлекеттiк меншiктi сатудан түсетiн қаражаттың бiр бөлiгiн жекешелендiрiлетiн объектiлердi сату алдындағы дайындыққа, аукциондар, тендерлер, конкурстар ұйымдастыруға және өткiзуге, заңды және жеке тұлғаларды шарттық негiзде сарапшылар, консультанттар ретiнде тартуға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру үшiн пайдаланады. 
      өзiнiң қызмет аясына қатысты мәселелер бойынша халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi. 
      9. Департамент: 
      қолданылып жүрген заңдарға және заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес акциялардың (мүлiк үлесiнiң) мемлекеттiк акциялар пакетiн (мүлiктiк үлестi) ұстаушының акционерлердiң жалпы жиналыстарында құқылығын жүзеге асыруға; 
      алдына қойған мiндеттердi орындау үшiн өз қызметiне мүдделi мемлекеттiк басқару органдарының және өзге де мемлекеттiк мекемелердiң келiсiмi бойынша сол ведомстволардың мамандарын тартуға; 
      өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заң бойынша тиiстi қызметпен шұғылдануға құқылы өкiлдер мен делдалдарды олармен жасалатын шарттар негiзiнде тартуға; 
      қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес мемлекеттiк мүлiктi, соның iшiнде жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар акцияларының (үлестерi) пакеттерiн сату жөнiндегi саудаластықтар өткiзуге; 
      мемлекеттiк меншiк объектiлерiн сату кезiнде заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасуға; 
      мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру кезiнде өзара мiндеттемелердiң шарттары мен сипатын белгiлеуге және олардың орындалуын бақылауға; 
      өз қызметiн жоспарлауға, құрылымы мен штат саны жөнiнде ұсыныс енгiзуге құқылы. 

III. Департаменттiк қызметiн ұйымдастыру 

      10. Департаментке Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басшылық жасайды. Директордың орынбасары болады, оны Департамент директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 
      11. Департамент директоры Департаменттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады. Департаментке жүктелген мiндеттердi орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап бередi. 
      12. Осы мақсаттарға департамент директоры: 
      өзiнiң орынбасарының және Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi жауапкершiлiк деңгейiн айқындайды;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiткен қызмет номенклатурасына сәйкес қызметкерлердi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      тәртiптiк шара қолданады;
      өз құзыретi шегiнде құқықтық нормативтiк актiлер шығарады;
      Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi және оның аумақтық органдары туралы ереженi бекiтедi;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда Департаменттi бiлдiредi; 
      өз құзыретiне жатқызылатын басқа да мәселелер бойынша шешiм қабылдайды.
      13. Департаменттi тарату және қайта ұйымдастыру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады