"Есеп" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 7 шiлде N 1066. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.07.23. N 1046 қаулысымен. ~P991046

      Қазақстан Республикасында халықаралық практикаға негiзделген бухгалтерлiк есеп пен аудит жүйесiн енгiзу, оны одан әрi жетiлдiру және қаржы саласындағы кадрлардың бiлiктiлiгi мен оларды қайта даярлаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Шаруашылық жүргiзу құқығымен "Есеп" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi мiндетiн жүзеге асыратын орган болып табылады деп айқындалсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.04.09. N 392 қаулысымен.
               P990392_
      3. Кәсiпорынның қызметi:
      бухгалтерлiк есеп пен аудит саласындағы практикалық проблемаларға зерттеулер мен талдау жүргiзуге;
      қаржы қызметi саласындағы қызметкерлердi қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыруға;
      бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында шетел практикасын зерделеуге, бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында стандарттарды әзiрлейтiн халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасауға бағытталады деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есеп және аудит методологиясының департаментi белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның Жарғысын бекiтiп, тiркесiн, жарғылық қорды қалыптастырып, басқа да ұйымдық мәселелердi шешетiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiленген

тәртiппен "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысымен  

P960790_

  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29,
256-құжат) бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың
тiзбесiне толықтырулар енгiзу туралы қаулының жобасын дайындап,
Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрiнiң
        бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады