Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң орман және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 8 шiлде N 1072. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.22. N 382 қаулысымен. ~P980382

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және

аңшылық шаруашылығы комитетi туралы қоса берiлiп отырған Ереже

бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрiнiң

       бiрiншi орынбасары



                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 8 шiлдедегi

                                         N 1072 қаулысымен

                                             бекiтiлген


             Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

          министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы

                         комитетi туралы

                               ЕРЕЖЕ


     I. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi (бұдан әрi - Комитет) республиканың орман қорына, орман және аңшылық шаруашылығында, өз қарауындағы ерекше қорғалатын табиғат аумақтарына министрлiктiң құзыретiнiң және өзiне берiлген өкiлеттiктердiң шегiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      Комитет сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ормандардың, аңшылық фаунасының жай-күйiне, ұдайы өндiрiлуiне, күзетiлуiне, қорғалуы мен пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау жасау органы болып табылады.
      2. Комитет пен оның жергiлiктi жерлердегi органдары өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комитет пен оның қарауындағы ұйымдар (облыстық органдар құқығында) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республиканың ормандарын, орман және аңшылық ресурстарын, оларды күзету, қорғау және ұдайы өндiру, ұтымды және сарықпай пайдаланылуын басқару мен бақылаудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құрайды.
      4. Комитеттiң жүйесiндегi мемлекеттiк ұйымдардың ормандарды, аңшылық фаунасын ұдайы өндiру, күзету, қорғау, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын ұстау және дамыту жөнiндегi қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен орталықтан жүзеге асырылады. Жекелеген шараларды қаржыландыру үшiн сондай-ақ жергiлiктi бюджеттердiң, заңды тұлғалардың, азаматтардың (шетелдiктердi қоса алғанда) ерiктi құрмалдықтары, отандық және шетелдiк инвестициялар тартылуы мүмкiн.
      Комитеттiң аппаратын және оның жергiлiктi жерлердегi органдарын ұстау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiн ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырады.
      5. Комитет өз құзыретiнiң шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының ғылыми мекемелерiмен, басқа ғылыми қоғамдық бiрлестiктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасайды.
      Комитет пен оның жергiлiктi жерлердегi органдарының өздерiнiң құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерiн ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан барлық орман және аңшылықты пайдаланушылардың, сондай-ақ азаматтардың орындауы мiндеттi.
      6. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өзiнiң атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi бар.
 
      2. Мiндеттерi
 
      7. Комитеттiң өз қызметiнiң аясындағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      республикада орман және аңшылық шаруашылығын жүргiзу, өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жұмыс iстеуi мен дамытылуы мәселелерiнде бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты әзiрлеу және жүргiзу;
      орман және аңшылық ресурстарын күзету, қорғау, ұдайы өндiру, ұтымды және сарықпай пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      ормандар мен аңшылық фаунасының жай-күйiне, ұдайы өндiрiлуiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      орманды, аңшылық шаруашылығын және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын дамыту жөнiнде басым бағыттарды айқындау, мемлекеттiк және ұлттық бағдарламаларды әзiрлеу және жүзеге асыру;
      орман қоры мен ауланатын жануарлардың мемлекеттiк есебiн жүргiзу, ормандық экологиялық жүйелер мен аңшылық фаунасының жай-күйiн бақылау мен болжамдауды жүзеге асыру, орманды пайдалану нормативтерiн бекiту;
      ормандарды өрттен, ағашты заңсыз кесуден, орман заңдары мен орман пайдаланудың басқа да бұзушылықтарынан күзету, ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау;
      орман ресурстарын ұдайы өндiру, республика аумағының және оның жекелеген аймақарының ормандылығын арттыру, қорғаныштық орман өсiру;
      орман және аңшылық шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын басқарудың экономикалық нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру;
      аңшылық шаруашылығын дамыту, аңшылық фаунасын күзету және ұдайы өндiру, оның ұтымды пайдаланылуын ұйымдастыру;
      ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жүйесiн дамыту;
      орман және аңшылық шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын нормативтiк-әдiстемелiк, ғылыми және жобалық жағынан қамтамасыз ету;
      орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары саласында ғылыми-техникалық ынтымақтастықты және сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту.
 
      3. Функциялары
 
      8. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын аумақтарын, орман және аңшылық шаруашылығын дамытудың кешендi бағдарламасын болжамдауды және әзiрлеудi жүзеге асырады;
      ормандарды топтар мен қорғаныштық санаттарға жатқызу және оларды бiр топтан немесе қорғаныштық санаттардан басқасына көшiру туралы белгiленген тәртiппен ұсыныстар әзiрлейдi және енгiзедi;
      орман қорының мемлекеттiк есебiн жүргiзудi мемлекеттiк орман кадастры мен орманның экологиялық жүйесiнiң мониторингiн жүргiзудi, орман және аңшылықты орналастыруды жүзеге асыруды, орман және аңшылық шаруашылығын, ерекше қорғалатын аумақтарды ұйымдастыру мен дамыту жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
      қоршаған ортаны мемлекеттiк қорғау органдарымен және облыстық атқарушы органдармен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу жөнiнде есептi кеспе ағаштарды бекiтедi;
      кеспе ағаш қорын бөледi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен қосалқы ресурстарды пайдалану лимитiн бекiтедi, ормандық ресурстарды дайындауға рұқсат бередi;
      су қорғауды, алқапты және топырақ қорғауды, санитарлық және басқа да ормандар, функцияларының табиғат қорғауды күшейту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      ормандарды өрттен, ағашты өз бетiмен кесуден, орманға зиян келтiрудiң басқа да әрекеттерiнен сақтаудың авиациялық және жер үстiндегi күзетiн ұйымдастырады;
      мемлекеттiк орман күзетiн, орманды патологиялық қадағалауды және зиянкестер мен аурулардың ошағын есепке алудың жүзеге асырылуын, орманды зиянды жәндiктер мен аурулардан қорғау жөнiндегi профилактикалық басқа да шаралардың жүргiзiлуiн басқарады;
      ормандық ресурстарды ұдайы өндiру, ормандардың өнiмдiлiгi мен сапалық құрамын арттыру, оларды күтiп-баптау, алқап қорғайтын орман жолақтарын құру, құмды жерлердi, эрозияға ұшыраған жерлердi және жайылымдылық алаптарды ормандандыру жөнiндегi жұмыстардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
      селекциялық және орман питомнигi шаруашылығы негiзiнде ағаш тұқымы iсiн ұйымдастырады және дамытады, сүректi және шiлiк бұта тұқымдарының тұқымын дайындауды, екпе материал өсiрудi ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;
      ормандық ресурстарды пайдалануға беру, ағаш саудаластығын өткiзу, орман пайдаланушыларға орман алқаптарын бекiтiп беру, сондай-ақ кеспе ағаш қорын игеру жөнiндегi орман шаруашылығының аумақтық органдарының жұмысын ұйымдастырады;
      сүректi, кесiндi мен сүректiң ұсақ тауарлы қалдықтарын қоса алғанда, дайындау мен ұқсатуды, қосалқы ағаш материалдарын орманның тамақ өнiмдерiн, дәрi-дәрмектiк және техникалық шикiзатты, сондай-ақ басқа да қосалқы ормандық пайдалануды дайындау мен ұқсатуды, көмекшi селолық шаруашылықты дамытуды ұйымдастырады;
      барлық орман пайдаланушылардың орман заңдарын, ормандар мен орман қоры жерлерiн пайдаланудың белгiленген тәртiбi мен ережелерiн, орман шаруашылығын жүргiзу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттарды, ормандық ресурстарды пайдалану саласындағы басқа да нормалар мен ережелердi сақтауы бойынша аумақтық органдар мен орман шаруашылығы ұйымдарының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi жұмысын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      орман және аңшылық шаруашылығын өндiру мен сату саласында бiрыңғай саясат әзiрлеу мақсатында саланың дамуының перспективаларының тенденцияларын талдауды, болжамдауды және айқындауды жүзеге асырады;
      орманды орман таксасы аудандары бойынша бөлiп бередi, сондай-ақ өсiп тұрған сүректi босатудың такса бойынша ұсынысын әзiрлейдi;
      өзiнiң құзыретiнiң шегiнде орман және аңшылық шаруашылығын жүргiзу; орман және аңшылық ресурстары үшiн жалгерлiк төлемдердi қоса алғанда орманды пайдаланғаны үшiн төлем тәртiбi, ормандар мен аңшылық фаунасына өрттен, өнеркәсiп қалдықтарының, ормандар және жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары туралы заңдарды бұзудан келтiрiлген зиянның мөлшерiн есептеу мәселелерi бойынша республика заңдарының, нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң жобаларын жасайды;
      ауланатын жануарлардың түрлерiн күзетудi, ұдайы өндiрудi және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ шетел азаматтары үшiн аң аулауды ұйымдастыруды қоса алғанда кәсiпшiлiк, спорттық-әуесқойлық аң аулауды қамтамасыз етедi;
      аңшылық ресурстарын пайдалануға арналған лимиттер мен квоталар бойынша ұсыныстар әзiрлейдi, бекiтiлген лимиттер мен квоталарға сәйкес республика аумағында ауланатын жануарларды аулауға құқық беретiн рұқсаттар берудi жүзеге асырады;
      жануарларды мемлекеттiк есепке алу мен кадастры қызметiн (аң аулау объектiсiне жатқызылған, сондай-ақ орман үшiн зиянды және пайдалы жәндiктер бойынша) ұйымдастырады, аңшылық фаунасы ресурстарын түгендеу, аңшылық және орман шаруашылығына зиянын тигiзетiн жануарлар санын реттеу жөнiндегi жұмысты жүргiзедi, республика аумағында аңшылық алаптарын аңшылықты пайдаланушыларға бекiтiп беру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, белгiленген тәртiппен аңшылықты пайдаланушыларға аңшылық алаптары бекiтiп беруге, аң аулауға құқық беруге арналған шарттарды жасасады және олардың орындалуын бақылайды;
      заңды тұлғаларға - аңшылықты пайдаланушыларға аң аулауға құқық беретiн белгiленген бiрыңғай үлгiдегi аңшылық билет берудi ұйымдастырады және олардың есебiн жүргiзедi;
      өзiнiң қарауындағы мемлекеттiк табиғат қорықтарының, мемлекеттiк ұлттық табиғат парктерiнiң, мемлекеттiк заказниктердiң және басқа да ерекше қорғалатын табиғат аумақтары мен объектiлерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi, олардың жүйесiн одан әрi дамыту туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
      ормандарды рекреациялық және ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалануды қамтамасыз етедi;
      бүкiл кешеннiң iшiнде жүргiзiлетiн шаралар бойынша сала кәсiпорындарын жобалық-сметалық құжаттармен қамтамасыз ету үшiн жобалау-iздестiру жұмыстарын ұйымдастырады;
      орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жұмыс iстеуi саласында басым бағыттарды және аса маңызды ғылыми-техникалық проблемаларды айқындайды, олар бойынша ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргiзудi, сондай-ақ ғылым, техника және озық тәжiрибе жетiстiктерiн енгiзудi ұйымдастырады;
      салада орман және аңшылық шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын стандарттар жасау және метрологиялық қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады және үйлестiредi;
      орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық органдарын және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды белгiленген тәртiппен қаржыландырады;
      орман туралы бiлiмдердi насихаттау, республика халқын өсiмдiк және жануарлар дүниесiне аялай қарау, рухында тәрбиелеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      салада өз құзыретiнiң шегiнде сыртқы экономикалық ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi жұмысты жүзеге асырады және үйлестiредi;
      орман және аңшылық шаруашылығының, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының мемлекеттiк және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзге де көздердiң есебiнен қалыптастырылатын материалдық-техникалық базасын дамыту мен жетiлдiру жөнiндегi жұмысты жүргiзедi;
      саланы бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету, олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      салада қауiпсiз жағдай жасау және еңбектi қорғауды жақсарту жөнiндегi әдiстемелiк және ұйымдастырушылық басқаруды жүзеге асырады.
 
      4. Құқықтары
 
      9. Комитет өз құзыретiнiң шегiнде:
      атқарылуы мiндеттi нұсқаулар беруге;
      Комитетке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн статистика органдарынан және тиiстi министрлiктердiң, мемлекеттiк органдар мен ведомстволардан, жергiлiктi атқарушы органдардан бағыныстық және меншiк нысандарына қарамастан заңды тұлғалардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан белгiленген тәртiппен қажеттi есеп деректерiн сұрауға және алуға;
      белгiленген тәртiппен орман және жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары туралы заңдарды бұзушыларды жауапкершiлiкке тарту, оларға Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу қаражатын мемлекеттiң кiрiсiне өндiрiп алу туралы талап шағымын қою туралы жұмысты жүргiзуге;
      орман және жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары туралы заңдардың талаптарын бұзған жағдайда объектiлердiң құрылысын салу, қайта жаңарту және өзге шаруашылық қызметiн шектеуге, тоқтату тұруға немесе тыйым салуға;
      заңдарда белгiленген жағдайлар мен тәртiпте лицензиялауды жүзеге асыруға;
      арнайы уәкiлеттi органдардың сұраулары бойынша орман, өзге де жабайы өскен және аңшылық ресурстарына экспорт мен импортқа арналған лицензиялар беру туралы қорытындылар беруге;
      орман заңдарын бұзғаны үшiн залалдың мөлшерiн есептен шығару үшiн пайдаланылатын аяқталған объектiге, дайын өнiм мен қызмет көрсетулерге арналған есеп айырысудың көтерме бағасын белгiленген тәртiппен бекiтуге, сондай-ақ орман тәртiбiн бұзғаны үшiн және жануарлар дүниесi туралы заңдарды бұзғаны үшiн айыпұл санкцияларының мөлшерiн (өзгерiсiн) белгiлеу туралы ұсыныстар әзiрлеуге;
      бағаларды индекстеу туралы мемлекеттiк статистика деректерiнiң негiзiнде орман алаптары жерiн ауыл шаруашылықтық емес мұқтаждарға алу кезiнде орман шаруашылығы өндiрiсi шығынын өтеудiң нормативтерiн нақтылау туралы белгiленген тәртiппен ұсыныс енгiзуге;
      орман, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жұмыс iстеуi және оларды дамыту саласында бағдарламалар, жобаларды жасау үшiн ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды тартуға;
      нормативтiк актiлердi жасау, өзге де проблемаларды қарау жөнiнде топтар мен комиссиялар құруға, өз қызметiнiң мәселелерi бойынша конференциялар, кеңестер, семинарлар шақыруға және өткiзуге;
      орман, аңшылық шаруашылығы саласында, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын дамытуды бiрлескен халықаралық бағдарламалар жасауға қатысуға, өз құзыретiнiң шегiнде белгiленген тәртiппен шет елдердiң тектес органдарымен, халықаралық ұйымдармен шарттар, келiсiмдер жасасуға;
      белгiленген тәртiппен аумақтық органдарын, орман және аңшылық шаруашылықтарының, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату, қызметтiң осы салаларында басқару құрылымы мен мемлекеттiк бақылауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      саланың мемлекеттiк ұйымдарына қатысты уәкiлеттi орган болуға олардың жарғылары мен ережелерiн бекiтуге, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыруға;
      орман, аңшылық шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының мәселелерi бойынша өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiруге;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орман, аңшылық шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының мәселелерi бойынша ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық, жобалау-iздестiру және өндiрiстiк жұмыстарда мемлекеттiк тапсырысшы ретiнде iс-қимыл жасауға;
      өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк меншiктегi мүлiкке иелiк етудi, оны пайдалануды және билiк жасауды жүзеге асыруға;
      министрлiктермен, өзге де атқарушы органдармен, ұйымдармен хат жазысуға және өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша орталық атқарушы органдарға ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
 
      5. Қызметiнiң ұйымдастырылуы
 
      10. Комитет пен оның ұйымдары Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетiнiң бiртұтас жүйесiн құрайды.
      11. Комитеттi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Комитеттiң төрағасы сондай-ақ лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк орман инспекторы болып табылады.
      Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
      Комитеттiң орман шаруашылығы мәселелерiмен шұғылданатын жетекшi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас орманшысы болып табылады.
      12. Комитеттiң төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап бередi.
      13. Комитет төрағасы осы мақсатта:
      өзiнiң орынбасары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiгi дәрежесiн айқындайды;
      Комитет қызметкерлерiн, республикалық бағыныстағы мемлекеттiк табиғат қорықтарының және мемлекеттiк ұлттық табиғат парктерiнiң, "Охотзоопром" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң және басқа да ұйымдардың бiрiншi басшыларын, ведомстволық бағыныстағы орман және орман аңшылық шаруашылықтары басшыларының орынбасарларын, бас орманшыларды, бас инженерлердi, бас аңшылықты жүргiзушiлердi және бас бухгалтерлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiмен келiсiм бойынша облыстық орман шаруашылығы бiрлестiктерi мен мемлекеттiк ұлттық табиғат парктерiнiң бас директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      тәртiптiк шаралар қолданады;
      өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      белгiленген адам саны мен еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Комитет аппаратының штат кестесiн, сондай-ақ Комитеттiң қарауындағы аумақтық органдар мен республикалық бағыныстағы ұйымдардың құрылымын, ережелерi мен жарғыларын бекiтедi;
      Комитетке ведомстволық бағыныстағы аумақтық органдардың және республикалық бағыныстағы ұйымдардың басшыларымен жалға алу жөнiнде келiсiм-шарттарға қол қояды;
      өз құзыретiнiң шегiнде Комитеттi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдарды бiлдiредi;
      өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      14. Орман, аңшылық шаруашылығында және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жұмыс iстеуiнде, ғылым мен техниканың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау, ғылыми негiзделген бiрыңғай техникалық саясатты айқындау, өндiрiсте отандық және шетелдiк ғылымның, техника мен озық тәжiрибенiң ең жаңа жетiстiктерiн пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу үшiн Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнде ғылыми-техникалық кеңес құрылады.
      Ғылыми-техникалық кеңес туралы ереженi және оның құрамын Комитет төрағасы бекiтедi.
      15. Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк орман күзетi жүйесiнiң қызметкерлерi айырым белгiсi бар нысанды киiм-кешекпен және бiрыңғай үлгiдегi қызмет куәлiгiмен қамтамасыз етiледi.
      Нысанды киiмдердiң сипаттамасын, оны берудiң нормасын және аталған киiм-кешектi киiп жүруге құқығы бар қызметкерлердiң лауазымдық санаттарының табелiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      16. Мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметшiлерi белгiленген тәртiппен қызметтiк-штаттық қарумен қамтамасыз етiледi.
      17. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады