"Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесiн
реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377 Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 69-құжат) сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi туралы
ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 8 шiлдедегi
N 1076 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Салық комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (бұдан әрi - Салық комитетi) салық заңдары мен мемлекеттiк бюджетке төлемдердiң, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорларына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi жарналар мен аударымдардың түсуiн көздейтiн басқа да заң актiлерiнiң негiзiнде барлық деңгейдегi бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң атқарылуы үшiн жауаптылықта болатын мемлекеттiк орган болып табылады.
2. Салық комитетi және оның аумақтық органдары өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Салық комитетiнiң құрылымы мен штаттық санын сондай-ақ оның аумақтық органдарының санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi.
4. Салық комитетi мен оның аумақтық органдары республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiн ұстауға көзделген қаражаттың есебiнен ұсталады.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, қазақ және орыс тiлдерiнде атауы жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi және бланкiлерi болады.
II. Салық комитетiнiң негiзгi мiндеттерi,
функциялары және құқықтары
6. Салық комитетiнiң өз қызметi аясындағы негiзгi мiндеттерi:
мемлекеттiк бюджетке салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерiн, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорларына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi жарналар мен аударымдардың уақытында және толық түсуiн қамтамасыз ету;
басқа мемлекеттермен, салық салу мәселелерi жөнiндегi заңдардың, шарттардың жобаларын әзiрлеуге қатысу;
салық заңдарының атқарылуын қамтамасыз ету, оның тиiмдiлiгiн әзiрлеу;
салық төлеушiлерге олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру, салық заңдары мен салық салу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң өзгергендiгi туралы салық төлеушiлердi уақтылы хабарландырып отыру болып табылады.
7. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
салық заңдары мен салық салу мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорларына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi жарналар мен аударымдардың дұрыс есептелуiнiң бюджетке толық және уақытында енгiзiлуiнiң қамтамасыз етiлуiне бақылауды жүзеге асырады;
салық заңдарының бұзылуы туралы арыздарды, хабарламаларды және басқа да ақпараттарды тексерудi жүзеге асырады;
салық төлеушiлердiң арасында салық заңдарының қолданылуы туралы түсiндiру жұмысын жүргiзедi;
салық заңдарының бұзылуына талдау және бағалау жүргiзедi және салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға ықпал ететiн себептер мен шарттарды жою жөнiнде тиiстi ұсыныс енгiзедi;
салықтардың түсуi туралы есептердi алады, қорытады және талдайды, сондай-ақ бюджетке есептелген және төленген салықтардың есебiн жүргiзедi;
аумақтық салық органдарының салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорларына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi жарналар мен аударымдарды жинау жөнiндегi жұмысының ұйымдастырылуына тексерулер жүргiзедi;
тексерулердiң нәтижелерi бойынша анықталған кемшiлiктер мен тәртiп бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайды;
Салық комитетi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары мен аумақтық салық органдары басшыларының есептерiн тыңдайды;
аумақтық салық органдарына әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi, салық органдарының жұмыс тәжiрибелерiн зерделейдi және енгiзедi;
кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар жүргiзедi;
қолда бар келiсiмдерге сәйкес шетелдiк мемлекеттердiң салық органдарымен және халықаралық салық ұйымдарымен байланысты жүзеге асырады, шетелдiк мемлекеттер салық қызметтерiнiң қызметтi ұйымдастыру тәжiрибелерiн зерделейдi және оны Қазақстан Республикасы салық органдарының қызметiнде практикалық қолдану жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi;
өз құзыретiнiң шегiнде салық салу мәселелерi бойынша мемлекетаралық және үкiметаралық келiсiмдердi жүзеге асырады;
белгiленген тәртiппен әдiстемелiк және нұсқаулық материалдарды әзiрлейдi және бекiтедi, салық заңдарының қолданылуы жөнiнде түсiндiрмелер дайындайды;
ақпараттық жүйе мен салық органдарын автоматтандырудың және компьютерлендiрудiң басқа жа құралдарын құру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады.
8. Салық комитетi өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшiн өз құзыретiнiң шегiнде оған "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлығымен Z952235_ берiлген құқықтарды пайдаланады.
III. Салық комитетiнiң қызметiн ұйымдастыру
9. Салық комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бiрыңғай жүйесiне кiредi, және облыстар мен Алматы қаласы бойынша, аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерiнен тұратын тiк бағыныстағы органдары болады.
10. Салық комитетi өзiне берiлген өкiлеттiктердiң шегiнде арнайы атқарушылық және бақылаушылық функцияларды, сондай-ақ аумақтық салық органдарының жұмыстарын үйлестiрудi және оларға басшылықты жүзеге асырады.
11. Салық комитетiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төраға басқарады.
Салық комитетi төрағасының орынбасарын Салық комитетi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
Салық комитетi орталық аппаратының қызметкерлерi, облыстар және Алматы қаласы бойынша салық комитеттерiнiң төрағалары мен төрағаларының орынбасарлары аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерiнiң төрағалары Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтетiн лауазымдар номенклатурасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметiнен босатылады.
12. Салық комитетiнiң төрағасы:
салық комитетi мен оның аумақтық органдарының жұмысын ұйымдастырады және оларға басшылықты жүзеге асырады. Салық комитетiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшiн жеке жауаптылықта болады;
орынбасар мен Салық комитетiнiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауаптылық деңгейiн айқындайды;
Салық комитетiнiң басқармалары мен бөлiмдерi туралы ереженi және аумақтық салық комитеттерi туралы үлгiлiк ереженi бекiтедi;
өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
облыстар, Алматы қаласы бойынша салық комитеттерiнiң құрылымы мен штаттық санын бекiтедi;
тәртiптiк жаза қолданады;
өз құзыретiнiң шегiнде, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға Салық комитетiн бiлдiредi;
өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiм қабылдайды.
13. Барлық деңгейлердегi салық органдарында әлеуметтiк даму және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорлары құрылады.
Салық органдарының әлеуметтiк даму және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорларын құруы мен пайдалануының тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
14. Салық комитетiнiң облыстар мен Алматы қаласы бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерiнiң шешiмдерi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмеген жағдайларда күшiн жоюға немесе тоқтата тұруға құқығы бар.
15. Салық комитетi өз жұмысында орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк бақылаушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
16. Салық комитетiнiң қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде заңмен қорғалады.
17. Салық комитетiнiң қызметкерлерi республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен мiндеттi сақтандырылуға жатады.
18. Салық комитетiн тарату және қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.