"McGuire, Woods, Battle & Boothe, L.L.P" халықаралық заң фирмасын Айзенберг компаниясы тобының Қазақстан Республикасына талаптары бойынша Стокгольм қаласындағы Сауда палатасының Төрелiк институтындағы сот процестерiне байланысты Қазақстан Республикасының мүддесiн қорғауға тарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 18 шiлдедегi N 1136

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қазақстан Республикасына "Юниверсал Саплай Компани" қойған талабы бойынша N 039/1997 қозғалған iс, Қазақстан Республикасына "Айзенберг Экспорт Компани, Лтд" және "Эйша Хаус, Лтд" қойған талабы бойынша қозғалған N 038/1997 iс бойынша Стокгольм қаласындағы Сауда палатасының Төрелiк институтында Айзенберг компаниясы тобының талаптары бойынша тiкелей сот iстерiн адвокат ретiнде жүргiзуге, үкiмет органдарымен, басқа да тиiстi талаптармен келiссөздер жүргiзуге, сот құжаттарын және сайысушылық қағаздарын, iске қатысты құқықтық мәселелер мен процедуралық зерттеулердi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiруге және қорғауға "МсGuirе, Wооds, Battle & Вооthе, L.L.Р" халықаралық заң фирмасын таңдап алуы туралы шешiмi мақұлдансын.
      2. Консультациялық қызмет көрсету кешенiне жасалған шарттың мәтiнi мақұлдансын.
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi К.А.Колпаков Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан "МсGuirе, Wооds, Battle & Вооthе, L.L.Р" халықаралық заң фирмасымен Консультациялық қызмет кешенiн көрсетуге жасалған шартқа қол қойсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, ай сайын

"МсGuirе, Wооds, Battle & Вооthе, L.L.Р" халықаралық заң фирмасы
ұсынатын, жалпы сомасы 200 000 (екi жүз мың) АҚШ доллары көлемiнен
аспайтын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi 
N 620  

P970620_

  қаулысында көрсетiлген тәртiппен шоттарға өтем жасауды
жүзеге асырады деп белгiлесiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады