Қазақстан Республикасында фармацевтикалық өнiм өндiрудi дамытуды мемлекеттiк қолдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 18 шiлдедегi N 1137.

      Фармацевтикалық және медициналық өнiмдi отандық өндiрушiлерге мемлекеттiк қолдау көрсету, мұндай өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн көтеру және халық пен денсаулық сақтау мекемелерiн дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Денсаулық сақтау министрлiгiмен келiсе отырып, бiр ай мерзiм iшiнде:

      мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнiң дайын дәрiлiк заттар мен таңу материалдарын тұтынуының жылдық көлемiн анықтасын;

      қажеттiлiктердi аталған көлемде барынша отандық өндiрiс өнiмдерiмен қанағаттандыру туралы ұсыныс енгiзсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Қаржы министрлiгiмен және Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп, отандық өндiрiсшiлер iшкi нарықты молықтыруға жеткiлiктi көлемде өндiрiп отырған импортталатын фармацевтикалық өнiмге кеден бажы ставкаларын белгiлеу туралы ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.

      3. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.10.27. N 1087 қаулысымен.

      4. Этил спиртiн бақылаусыз сатуға жол бермеу үшiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiне Қаржы министрлiгiмен және Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп, фармацевтикалық кәсiпорындар мен медициналық мекемелердiң спирттi тұтыну көлемiн анықтасын және оның пайдаланылуына бақылау орнатсын.

      Ескерту. 4-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31 қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ресей Федерациясының 1994 жылы "Фармация" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясына берген техникалық несиесiн өтеу шарттары туралы "Химфарм" Шымкент акционерлiк қоғамымен жасалған шарттың жағдайларын берiлген несие ресурстарын 1998 жылдың 1 шiлдесiнен қайтаруды бастап, 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейiн қайтаруды көздей отырып, қайта қарасын.

      Аталған несие бойынша проценттердi есептеу 1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап тоқтатылсын.

      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрiнiң

      бiрiншi орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады