1. "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысына P950656_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 194-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлген төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың тiзбесi мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Ақмолаауылшармаш" АҚ, Ақмола облысы".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оңалту мен қаржылық сауықтыру рәсiмдерiн жүргiзуi үшiн "Ақмолаауылшармаш" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығын берсiн.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi