Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң қоғамдық тамақтандыру еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 24 шiлдедегi N 1165

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң қоғамдық тамақтандыру еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын құруға рұқсат етiлсiн.
      Еншiлес кәсiпорынның орналасатын жерi Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасының Президентi Резиденциясының үйi деп белгiленсiн.
      Еншiлес кәсiпорынның қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қызметкерлерiн қоғамдық тамақтандыруды қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын сауда және технологиялық жабдықтары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң балансына берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi белгiленген тәртiппен аталған еншiлес кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн.
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады