Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 24 шiлдедегi N 1174

      Қазақстан Республикасында шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге активтерiн, мiндеттемелерiн және меншiк капиталын бағалау әдiстерiн таңдап алу құқығын берген реформаланған бухгалтерлiк есеп жүйесiнiң енгiзiлуiне және экономиканың тұрақтану тенденциясының байқалуына, инфляция деңгейiнiң төмендеуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Шаруашылық жүргiзу субъектiлерге негiзгi қорларды (қаражатты) индекстеу тәртiбi мен ережелерi туралы заңдарға сәйкес дербес шешiм қабылдау ұсынылсын.
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасында негiзгi қорларды (құрал-жабдықтарды) индекстеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 қазандағы N 1178 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 44, 475-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 қазандағы N 1178 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 шiлдедегi N 958 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 275-құжат);

 

     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21

қазандағы N 1178 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы"

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 шiлдедегi N 889

қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 30, 275-құжат).



     Қазақстан Республикасы

       Премьер-Министрiнiң

       бiрiншi орынбасары





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады