Жапония Үкiметiнiң жобалық емес грантын жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 31 шiлдедегi N 1187

      Жапония Үкiметiнiң 800 000 000 (сегiз жүз миллион) жапон йенi сомасындағы жобалық емес грантын жүзеге асыру және оны тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Грант қаражатының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуы үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктеледi деп белгiленсiн.
      2. Жапония Үкiметi тегiн көмек ретiнде ұсынған және гранттың есебiнен қаржыландырылатын әкелiнетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер қосылған құнға салынатын салық пен кеден төлемдерiнен босатылады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi:
      екi апталық мерзiм iшiнде гранттың қаражатына сатып алынатын тауарларды алушыларды айқындасын;
      Жапония Үкiметi ұсынған қабылданымды тауарлар тiзiмiнiң негiзiнде сатып алу үшiн қажеттi тауарлардың күнi бұрынғы тiзiмiн дайындасын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Жапонияның Токио-Митцубиси Банкiмен келiсiм бойынша гранттың шоттарына қызмет көрсетуге байланысты банктiк және жолай шығыстарды республикалық бюджеттiң қаражатынан төлеудi қарастырсын;
      тауарларды алушылармен олардың құнын қайтарған сәттегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағамы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiндегi депозиттiк шотқа қайтару туралы келiсiм жасассын.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сырттан қарыз алу

жөнiндегi комитетi;
     осы жобаны жүзеге асыруды жалпы үйлестiрудi жүзеге асырсын;
     Жапонияның Токио-Митцубиси Банкiнде Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң шотын ашсын;
     Жапонияның Үкiметi айқындаған Crown Agents (Ұлыбритания)
тәуелсiз атқарушы агенттiгiмен келiсiм-шарт жасассын;
     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнде
депозиттiк шот ашсын;
     Жапония Үкiметiне Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Бюджеттiк
банкiнiң депозиттiк шотына түскен түсiмдер туралы есептер ұсынсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады