Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Тыл департаментi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 31 шiлдедегi N 1191 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.05.22. N 554 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377 U973377_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 10, 36-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер

 

министрлiгiнiң жанындағы Тыл департаментi туралы ереже бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Iшкi iстер

министрлiгiнiң жанындағы Тыл департаментiмен бiрлесiп, бiр айлық

мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне бұрын шығарылған

үкiметтiк нормативтiк актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiру туралы

ұсыныс енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасы

       Премьер-Министрiнiң

       бiрiншi орынбасары

                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 31 шiлдедегi

                                          N 1191 қаулысымен

                                              бекiтiлген

          Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң

                 жанындағы Тыл департаментi туралы

             (Iшкiiсминiнiң жанындағы Тыл департаментi)

                                ЕРЕЖЕ

     I. Жалпы ережелер


 
       1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Тыл департаментi (бұдан әрi - Департамент) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық және әскери жабдықтауды, үйлердiң, ғимараттардың, жабдықтардың және автомобиль техникаларының күрделi құрылысы мен жөндеу-пайдалану мұқтаждарын шаруашылық және тұрмыстық қамтамасыз етудi ұйымдастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң дербес құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
      2. Департамент өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Департамент заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы қазақ, орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
      Департамент коммерциялық ұйым болып табылмайды және бюджеттiк ұйымдар үшiн белгiленген тәртiппен салық салынуға жатады.
      4. Департаменттiң құрылымы мен штаттық кестесiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi бекiтедi.
      5. Департамент өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк меншiктегi өзiне және Департаментке тiкелей бағынысты ұйымдарға сенiп тапсырылған мүлiкке иелiк етудi, пайдалануды және билiк жасауды жүзеге асырады.
      6. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiн тылдық қамтамасыз етудің бiрыңғай жүйесiн құрайтын облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы iшкi iстер басқармаларындағы (бас басқармаларындағы), көлiктегi, оқу орындарындағы және ұйымдардағы шаруашылық басқармалары (бөлiмдерi) Департаменттiң жедел бағыныстылығында болады.
      7. Департаменттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      8. Департаменттегi iс жүргiзу Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
 
      II. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi
 
      9. Департамент Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
      Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн тиiстiлiк табельдерiмен қамтамасыз ету нормалары бойынша көзделген материалдық-техникалық ресурстармен, әскери техникамен, қару-жарақпен, оқ-дәрiлермен және арнаулы құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi бағыттарды әзiрлейдi;
      Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң мұқтажына арналған өнiмдердi мемлекеттiк сатып алуды әзiрлеуге және қалыптастыруға қатысады;
      бөлiнген қаржының негiзiнде мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты мен басқа да қаражаттарды Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн материалдық-техникалық және әскери жабдықтауға, олардың үйлерiнiң, ғимараттарының, жабдықтарының, автомобиль техникаларының күрделi құрылысы мен жөндеу-пайдалану мұқтаждарын шаруашылықтық және тұрмыстық қамтамасыз етуге пайдалану жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi;
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi орталық аппаратының қызметiн шаруашылық қамтамасыз етудi және оның үйлерi мен ғимараттарын күзету жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
      қаржы-шаруашылық жүйелерiн және тiкелей бағынысты ұйымдардың қызметiне бақылау жасауды нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының облыстардағы, республикалық бағыныстағы қалалардағы, астанадағы iшкi iстер басқармаларындағы (Бас басқармаларындағы), көлiктегi және оқу орындарындағы шаруашылық бөлiмшелерiнiң материалдық-техникалық ресурстарды сатып алу және жеткiзу, үйлердiң, ғимараттардың, жабдықтардың, автомобиль техникаларының құрылысын пайдалануды, күрделi және ағымдағы жөндеудi жүргiзу жөнiндегi қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметiн автокөлiкпен қамтамасыз етудi, Iшкi iстер министрлiгi, Департамент және оған тiкелей бағынысты ұйымдар орталық аппаратының, автомобиль көлiктерiн Мемлекеттiк автомобиль инспекциясына есепке қоюды жүзеге асырады;
      Департамент пен оған тiкелей бағыныстағы ұйымдардың объектiлерiнде шаруашылық қызметiн жүргiзу кезiнде қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң мұқтажы үшiн қару-жарақтар, оқ-дәрiлер, әскери және арнаулы техникалар, жеке қорғау және белсендi қорғаныс құралдарын, заттай мүлiктер мен керек-жарақтарды, басқа да материалдық ресурстарды жеткiзу саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға қатысады;
      шетелдiк ұйымдармен әскери-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi өндiрiстiк, ғылыми-техникалық, кооперациялық байланыстарды жүзеге асырады.
 
      III. Департаменттiң функциялары
 
      10. Департамент өз құзыретiнiң шегiнде мынадай функцияларды орындайды:
      Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлерiнiң бөлiмшелерiне арналған әскери және арнаулы мүлiктiң материалдық-техникалық ресурстарын негiзгi берушiнiң мiндетiн атқарады;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң орталық аппараты мен iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң қызметiн, Департаментке тiкелей бағыныстағы ұйымдардың қызметiн қамтамасыз ету және оларға шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi жұмысты зерделейдi және талдайды және талдау нәтижелерiнiң негiзiнде жұмысты жетiлдiру жөнiнде шешiм қабылдайды және ұсыныс енгiзедi;
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Департаменттiң қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомстволық құқықтық актiлерiнiң жобасын әзiрлейдi. Өзiнiң құзыретi мәселелерi жөнiндегi қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылу практикасын қорытады, оларды жетiлдiру, реттеу және оңтайландыру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
      Департаменттiң жұмыс жоспарын әзiрлейдi және оны жүзеге асырады, өзiне тiкелей бағынысты бөлiмшелердiң жұмыс жоспарларын бекiтедi, белгiленген шаралардың орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
      белгiленген мерзiмдерде Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мен Қаржы министрлiгiне жоспарланған кезеңге арналған мемлекеттiк тапсырыс пен шығыстар сметасының жобаларын әзiрлеу үшiн номенклатуралар мен құндық көрiнiстердiң тұрғысындағы материалдық-техникалық ресурстарға мұқтаждықтың есептерiн ұсынады;
      iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң өтiнiмдерiн жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асырады, бөлiмшелердiң әскери және арнаулы мақсаттағы материалдық құралдармен: қару-жарақпен, оқ-дәрiлермен, қорғау және белсендi қорғаныс құралдарымен, криминалистикалық және жедел техникамен байланыс құралдарымен, автомотокөлiгiмен және өрт техникасымен, әскери-инженерлiк және әскери-химиялық мүлiкпен, нысанды киiм-кешекпен қамтамасыз етiлуiнiң есебiн жүргiзедi;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары мен өзге де ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату және олардың қызметi жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
      әскери, қызметтiк-штаттық және азаматтық қаруларды сатып алуды (белгiленген тәртiппен өткiзiлетiн тендерлердiң негiзiнде), сақтауды, сатуды, жөндеудi және ұқсатуды жүргiзедi;
      оқ-дәрiлердiң, жарылғыш заттарды, жеке қорғау мен белсендi қорғаныстың арнаулы құралдарын, арнаулы мақсаттағы әскери-инженерлiк және әскери-химиялық мүлiктi, автомобиль, авиация және су көлiктерi құралдарын, бронды танкi техникаларын, жедел-криминалистикалық техникаларды, байланыс және ақпараттарды есептеу құралдарын, жол полициясының арнаулы жабдықтары мен техникаларын, өртке қарсы техникалар мен жабдықтарды, оларға босалқы бөлшектердi, жинақтаушы бұйымдарды және шығыстық материалдарды, нысанды киiм-кешектi, айырым белгiлерiн, мүкәммалдық және арнаулы заттай мүлiктi, маталар мен құндылықтық материалдарды, наградалық қордың заттарын сатып алуды (белгiленген тәртiппен өткiзiлетiн тендерлердiң негiзiнде), сақтауды және сатуды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен және шетелдiк валютасымен есеп айырысу арқылы экспорттық-импорттық операцияларды жүргiзедi;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң орталық аппараты мен Департаментке тiкелей бағынысты iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн белгiленген тәртiппен тиiстiлiк табельдерiне, қамтамасыз ету мен шығыстың нормаларына сәйкес белгiленген номенклатура бойынша материалдық ресурстармен, заттай мүлiкпен, қару-жарақпен, оқ-дәрiлермен, жеке қорғау және белсендi қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етедi;
      әкiмшiлiк үйлерiн, техникалық пайдалану, оларға Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi орталық аппаратының жеке құрамын орналастыру, көрсетiлген министрлiктiң қызмет бөлмелерiн жиhаздармен, мүкәммалдармен жабдықтау жөнiндегi қажеттi шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Департаменттiң орталық аппаратының балансындағы жабдықтар мен мүкәммалдарды пайдалану мен жөндеудi қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлеген тәртiппен министрлiк пен Департаменттiң орталық аппаратының әкiмшiлiк үйлерiн күзету, өткiзу режимi мен оның өртке қарсы қауiпсiздiгi жөнiндегi қызметiн ұйымдастырады;
      әкiмшiлiк және өндiрiстiк үйлер мен ғимараттарға, демалыс аймақтарына күрделi және ағымдағы жөндеулер жүргiзудi ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Департаменттiң орталық аппаратының балансында тұрған объектiлердi күрделi және ағымдағы жөндеу жөнiнде тапсырысшының функцияларын орындайды, олар бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындайды және оны атқару үшiн мердiгерлiк құрылыс және жөндеу ұйымдарына бередi;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң күрделi құрылыс объектiлерi бойынша жобалауға арналған тапсырмаларды, сондай-ақ әзiрленген жобалау-сметалық құжаттамаларды қарайды және келiседi. Көрсетiлген объектiлерге арналған жобалау-зерттеу жұмыстарының, олардың құрылысын салудың және қайта жаңартудың титулдық тiзiмдерiнiң жобаларын жасайды. Белгiленген тәртiппен мердiгерлiк шарттарын жасасу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң салынып жатқан және қайта жаңартылатын объектiлерiн iске қосу-баптау жұмыстарын орындауды және оларға ақы төлеудi қамтамасыз етедi;
      белгiленген тәртiппен iшкi iстер министрлiгiнiң құрылысы аяқталған объектiлерiн қабылдап алу жөнiндегi комиссияларды құру жөнiнде шаралар қабылдайды, сондай-ақ оларды пайдалануға қабылдап алу жөнiндегi жұмыс комиссияларына қатысады. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Департаменттiң пайдалануға енгiзiлген объектiлерiн қажеттi ресурстармен қамтамасыз етедi;
      аумақтық iшкi iстер органдарының және басқа да бөлiмшелерiнiң арасында автомотокөлiгi мен жүзу құралдарын бөлудi әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң бекiтуiне енгiзедi, облыстардың, республикалық бағыныстағы қалалардың, астананың iшкi iстер басқармалары (бас басқармалары) автошаруашылықтарының, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне және Департаментке тiкелей бағынысты бөлiмшелер автокөлiгiнiң, көлiк жайларының жұмысына бақылау жасауды жүзеге асырады;
      iшкi iстер органдары бөлiмшелерi мен Департаментке тiкелей бағынысты ұйымдардың автокөлiк құралдарына және олардың жұмысының пайдалану көрсеткiштерiне есеп жүргiзедi;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментiмен бiрлесiп iшкi iстер органдары көлiк құралдарының жол-көлiк оқиғалары туралы мәлiметтердi қорытады және талдайды, iшкi iстер органдары көлiк құралдарының жүру қауiпсiздiгiн арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi;
     белгiленген тәртiппен Департамент арқылы қаржыландырылатын бөлiмшелердi қаржылық қамтамасыз етудi, сондай-ақ Департаментке тiкелей бағынысты ұйымдардың қаржы, материалдық және еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалануы жөнiнде бақылау жасауды және өз құзыретiнiң шегiнде өзге де функцияларды жүзеге асырады;
      iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiне Департаментке тiкелей бағынысты демалыс үйлерi мен аймақтарына, пансионаттарға, балалар сауықтыру кешендерiне жолдамалар бөледi және сатады;
      Департаментке тiкелей бағынысты iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiне қызмет көрсететiн сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдарының жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жасайды. Тiкелей бағыныстағы ұйымдарға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес республиканың тауар рыногында және импорттық-экспорттық операциялар бойынша алынған пайдалардың бөлiктерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етуге пайдалана отырып қос мақсаттағы өнiмдер мен халықтық тұтыну тауарларын сатып алу және сату жөнiнде әдiстемелiк көмек көрсетедi;
      iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң желiсi бойынша орталық аппаратқа қызметтiк iссапармен келген шет елдердiң делегациялары мен өкiлдерiн ведомстволық қонақ үйлер мен қонақ үй шаруашылығының басқа да кәсiпорындарына уақтылы орналастыруды қамтамасыз етедi. Азаматтардың көрсетiлген санаттарына автокөлiктiк қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
      тиiстi бөлiмшелердiң жедел-қызметтiк iс-әрекетiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, iшкi iстер органдары үшiн: көлiк құралдарының штаттарын; қару-жарақтың, оқ-дәрiлердiң, жеке қорғау және белсендi қорғаныс құралдарының, жедел және арнаулы техникалардың, байланыс құралдарының, сондай-ақ iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға арналған нысанды киiм-кешектердiң және оның номенклатурасының тиiстiлiк табельдерiн әзiрлеуге қатысады;
      iшкi iстер органдарының қарулануындағы қарулар мен арнаулы құралдарды және шартты негiзде Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарының қаруларын жөндеудi жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнде арттехқаруларға, әскери-инженерлiк және әскери-химиялық мүлiкке, заттай мүлiкке, мүкәммалдарға және басқа да материалдық құндылықтарға, сондай-ақ босалқы бөлшектерге, жинақтаушы бұйымдарға және шығыстық материалдарға есеп жүргiзудiң және олардың iс жүзiндегi санының, сақтау және беру тәртiбi сақталуының дұрыстығына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргiзедi;
      Департаментке тiкелей бағыныстағы ұйымдарға, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың iшкi iстер басқармаларында (бас басқармаларында) және көлiкте өндiрiстiк қуаттардың дұрыс пайдаланылуына, техникалық қауiпсiздiкке және еңбек қорғауға бақылау жасауды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары жүйелерiнiң мекемелерi мен ұйымдарында техникалық қадағалау инспекциясын қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi мен Департаменттiң орталық аппаратының әкiмшiлiк, өндiрiстiк қоймалық және көмекшi үйлерi мен ғимараттарын төлқұжаттандыруды және оларды есепке алуды жүргiзедi, олардың пайдаланылуы мен жөнделуiн ұйымдастырады, сондай-ақ Iшкi iстер министрлiгiнiң облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы басқармаларының (бас басқармаларының), көлiгiнiң және оқу орындарының балансында тұратын негiзгi құралдардың жедел есебiн жүргiзедi. Iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң материалдық базасын нығайту, дамыту, құрылысын салу және қайта жаңарту, жұмысты механикаландырудың қазiргi кездегi құралдарын, есептеудiң техникалық құралдарын, прогрессивтiк технологияларды енгiзу жөнiнде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне ұсыныс дайындайды және шараларды жүзеге асырады;
      Департаменттiң және оған тiкелей бағынысты кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың жұмылдырушылық даярлығы жөнiндегi шаралардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. Төтенше жағдайлар мен ерекше кезеңдер жағдайына арнап Департаменттiң сақтау бөлiмдерiнде Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн қажеттi сақтандыру қорлары мен материалдық ресурстардың резервiн құрады, оларды жаңартып отыруды жүзеге асырады.
 
      IV. Департаменттiң қызметiн ұйымдастыру
 
      11. Департаменттiң қызметi жұмыстарды жоспарлаудың, заңдылықтарды қатаң сақтаудың және қызметтiк, әскери және еңбек тәртiбi атқарылуының, қызметкерлердiң лауазымдық мiндеттерiнiң нақты шектелуiнiң және олардың жұмыстың тапсырылған учаскесiндегi iстiң жай-күйi үшiн жеке жауаптылығын белгiлеудiң негiзiнде ұйымдастырылады.
      12. Департамент өз жұмысында белгiленген тәртiппен өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының және шетел министрлiктерiмен, ведомстволарымен және ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiмен және қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасайды.
      13. Департаменттi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Бастық басқарады. Департаменттiң бастығы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiне тiкелей бағынады.
      14. Департаменттiң қызметiне басшылық жасау дара басшылық принципiнде жүзеге асырылады. Департамент бастығының бұйрығын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi өзгертуi мүмкiн.
      15. Департамент бастығының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасары болады.
      16. Департаменттiң бастығы:
      Департаменттiң жұмысына басшылық жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады және Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшiн жеке жауаптылықта болады;
      өзiнiң орынбасарының, Департаменттiң басқармалары бастықтарының және олардың орынбасарларының, департаментке тiкелей бағынысты ұйымдар басшыларының Департаменттiң құрылымдық және оған тiкелей бағынысты бөлiмшелерiнiң қызметiн ұйымдастырудың және жүзеге асырудың жай-күйi үшiн жауаптылығының дәрежесiн белгiлейдi;
      Департаменттiң бөлiмшелерi мен оған тiкелей бағынысты ұйымдардың функцияларын айқындайды, Департамент аппаратының қызметкерлерi мен оған бағынысты бөлiмшелер бастықтарының қызметтiк мiндеттерiн бекiтедi;
      Департамент пен оған тiкелей бағынысты ұйымдардың қызметкерлерiнiң қызметтiк, әскери және заңдық оқуын ұйымдастырады. Департаменттiң қатардағы және басшы құрамындағы адамдармен бастапқы және арнаулы даярлықтың уақытында жүргiзiлуiне бақылау жасауды жүзеге асырады.
      17. Департамент бастығының:
      өз құзыретi мен өкiлеттiгiнiң шегiнде бұйрықтар шығаруға;
      белгiленген тәртiппен өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк, сот органдарында, қоғамдық және өзге де ұйымдарда Департаменттi бiлдiруге немесе Департаменттi бiлдiрудi тапсыруға;
      әрбiр нақты жағдайда сатып алынатын материалдық-техникалық ресурстар партиясының көлемiнде олардың құнын көрсете отырып заңдық, қаржылық және банктiк құжаттарға, Департамент пен оған тiкелей бағынысты ұйымдар бойынша шығындардың айлық сметаларына бiрiншi қол қоюға, бекiтiлген сметалар мен бөлiнген қаржының шегiнде материалдық ресурстар мен ақшалай қаражаттарға билiк жасауға;
      арнаулы (бюджеттен тыс) қаражаттың есебiнен ұсталатын тiкелей бағынысты ұйымдарға оларды ұстау жөнiндегi кiрiстер мен шығыстардың сметасын, сондай-ақ Департаменттiң жүйесiндегi бөлiмшелерге - шығыстардың сметасын; өндiрiстiк кәсiпорындар бойынша - өндiрiстiк қызметтiң жоспарларын, өнiмнiң өзiндiк құндарын, еңбек жөнiндегi жоспарларды және тұтыну қорларын бекiтуге;
      Департаментке тiкелей бағынысты ұйымдар бойынша объектiлердiң күрделi жөндеуге және қайта жаңартуға арналған жобалық сметалық құжаттамаларды және негiзгi қаражатты бекiтуге;
      берiлген құқықтардың шегiнде келтiрiлген шығындар, материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының жетiспеуi мен жоғалуы бойынша шешiм қабылдауға. Белгiленген тәртiппен, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оларды кейiннен сату және сатудан алынған құралдарды Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының материалдық-техникалық базаларын нығайтуға және дамытуға пайдалану арқылы Департаментке тiкелей бағынысты ұйымдардың негiзгi құралдарына жататын материалдық құндылықтарды жарамсыздыққа шығаруға;
      Департаментке тiкелей бағынысты ұйымдардың бiрiншi басшыларының бұйрықтарын толықтай немесе iшiнара тоқтата тұруға;
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiне: Департаменттiң құрылымы мен құрамы туралы; Департаментке тiкелей бағынысты ұйымдарды құру, қайта жаңарту және тарату туралы; қызметке тағайындау немесе қызметiнен босату үшiн кандидатуралар, Департамент пен оған тiкелей бағынысты бөлiмшелер аппаратының жоғары және орта басшы құрамындағы адамдарға, сондай-ақ ұйымдардың бiрiншi басшылары мен бас бухгалтерлерiне кезектi арнаулы атақтар беру, iшкi iстер органдарының азаматтық қызметкерлерiне көзделген лауазымдарды ауыстыру жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
      Департамент пен оған тiкелей бағынысты ұйымдар аппаратының қатардағы және кiшi басшы құрамындағы адамдарды iшкi iстер органдарына қызметке қабылдауға, қызметке тағайындауға, олардың қызметiн ауыстыруға, iссапарларға жiберуге және қызметiнен босатуға, оларға бастапқы және кезектi арнаулы атақтар беруге;
      Департаменттiң басшы және қатардағы құрамына, сондай-ақ тiкелей бағынысты ұйымдардың басшы және қатардағы құрамына демалыс беруге. Белгiленген өкiлеттiгiнiң шегiнде, Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет атқаруы туралы ережеге сәйкес, оларға көтермелеу және жаза қолдану шараларын қабылдауға;
      азаматтық қызметкерлердiң қатарынан Департамент аппаратының жұмысшыларын, қызметшiлерiн және мамандарын, Департаментке тiкелей бағынысты ұйымдардың басшыларын жұмысқа қабылдауға, қызметке тағайындауға, оларға демалыс беруге және жұмыстан босатуға. Оларға заңдарға сәйкес көтермелеу және жаза қолдану шараларын қабылдауға;
      азаматтық қызметкерлердiң қатарынан Департамент аппаратының қызметкерлерiне, Департаментке тiкелей бағынысты ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларына, өз номенклатурасының қатардағы және кiшi басшы құрамына заңдарға сәйкес үстеме ақы мен қосымша ақы белгiлеуге;
      Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде Департамент пен оған тiкелей бағынысты ұйымдардың қызметкерлерiн (өз номенклатурасы бойынша) iссапарға жiберуге;
      белгiленген тәртiппен Департаменттiң қатардағы, кiшi, орта және аға басшы құрамындағы адамдарды, мамандары мен қызметшiлерiн, сондай-ақ Департаментке тiкелей бағынысты ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын аттестациялау жүргiзуге;
      Департаменттiң есепке алу-бақылау номенклатурасына алынған, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және көлiктiң iшкi iстер басқармаларының (Бас басқармаларының) басшылары ұсынған, қызметке тағайындалатын және қызметi ауыстырылатын адамдардың кандидатураларына қорытынды беруге;
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiне Департамент пен оған тiкелей бағыныстағы ұйымдар аппаратының аға, орта, кiшi басшы және қатардағы құрамындағы адамдарды марапаттау, көтермелеу немесе оларға тәртiптiк жаза қолдану туралы ұсыныс енгiзуге;
      өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiм қабылдауға құқығы бар.
      18. Департаменттi тарату және қайта ұйымдастыру заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады