1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Алматы қаласында Нью-Йорк штаты (Бингхамтон қаласы) Мемлекеттiк университетiнiң жоғары оқу орны мәртебесi бар Жоғары колледжiн ашу туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Жоғары колледждi белгiленген тәртiппен тiркейтiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Жоғары колледжге бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Алматы қаласында Нью-Йорк штаты (Бингхамтон қаласы) Мемлекеттiк университетiнiң Жоғары колледжiнiң ашылғаны туралы Қазақстан Республикасының Елшiлiктерi арқылы хабарлауға жәрдемдессiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару жөнiндегi департаментi Алматы қаласының әкiмiмен бiрлесiп Жоғары колледждi орналастыру мәселесiн шешуге жәрдемдессiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi