Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне тауар кредитiн беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 24 наурыздағы N 336 қаулысына сәйкес Iшкi iстер министрлiгiнiң мекемелерi алған 8234,4 мың (сегiз миллион екi жүз отыз төрт мың төрт жүз) АҚШ доллары сомасындағы несиелiк ресурстарды қайтару мерзiмi 2001 жылдың маусымына дейiн ұзартылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Iшкi iстер министрлiгi берешектi 1999 жылдан бастап өтеудi көздей отырып, 8234,4 мың (сегiз миллион екi жүз отыз төрт мың төрт жүз) АҚШ доллары сомасындағы несиелiк ресурстарды қайтару туралы 1997 жылдың 1 тамызына дейiн мерзiмде тиiстi келiсiм жасассын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi несиелiк ресурстардың пайдаланылуы мен қайтарылуына жыл сайын бақылау жасайтын болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары