1. Қосымшаға сәйкес құрамда тауар өндiрушiлердiң мемлекеттiк ресурстардың астығы бойынша берешегiн өтеуiне бақылау жасау жөнiндегi Республикалық жедел комиссия құрылсын.
2. Облыстардың және аудандардың әкiмдерi бiр апталық мерзiм iшiнде тауар өндiрушiлердiң вексельдiк бағдарламалар бойынша берешектi қоса алғандағы мемлекеттiк ресурстардың астығы бойынша берешектерiн өтеуiн бақылау жөнiндегi облыстық және аудандық жедел комиссиялар құрсын және оларға жеке өздерi басшылық жасасын.
3. Жедел комиссиялардың жұмысын материалдық-техникалық қолдауды "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Корпорация) жүзеге асырады деп белгiленсiн.
4. Корпорация мемлекеттiк ресурстардың астығы бойынша берешектердiң есебiнен тапсырылған 1997 жылдың өнiмi астығын балансқа қабылдасын.
5. Корпорацияға:
тауар өндiрушiлердiң мемлекеттiк ресурстардың астығы бойынша берешектерiн өтеуiн талап ету;
мемлекеттiк ресурстарға берешектердi өтеудiң нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен келiсiм бойынша Корпорация мен Қаржы министрлiгi айқындаған тәртiппен қабылданған астықтың 10 процентiне дейiн облыстар әкiмдерiнiң билiгiне ресiмдеу құқығы берiлсiн.
6. Тауар өндiрушiлердiң мемлекеттiк ресурстардың астығы бойынша
берешектерiн өтеуiне бақылау жасау жөнiндегi Республикалық жедел комиссия бұқаралық ақпарат құралдарында облыстар мен аудандардың тауар өндiрушiлерiнiң астық берешектерiн мемлекеттiк ресурстарға қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiн орындауының барысын жариялап отырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 шiлдедегi N 1199 қаулысына қосымша Тауар өндiрушiлердiң мемлекеттiк ресурстардың астығы бойынша берешегiн өтеуiне бақылау жасау жөнiндегi республикалық жедел комиссияның ҚҰРАМЫ Есiмов А.С. - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң бiрiншi орынбасары, комиссия төрағасы Павлов А.С. - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң орынбасары, Қаржы министрi, комиссия төрағасының орынбасары Смағұлов Н.Е. - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң кеңесшiсi, комиссия төрағасының орынбасары Қасымов А.К. - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары, бөлiм меңгерушiсi, комиссия мүшесi Отаров К.М. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң орынбасары, комиссия мүшесi Есiмханов К.Е. - "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының вице- президентi, комиссия хатшысы