Ертiс өзенiне салынатын көпiрдiң жобасын жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 4 тамыздағы N 1212

      Ертiс өзенi арқылы салынатын көпiрдiң жобасын одан әрi жүзеге асыру және Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қорының 21 530 000 000 (жиырма бiр миллиард бес жүз отыз миллион) жапон йенi мөлшерiндегi займының қаражатын, сондай-ақ 6 791 000 000 (алты миллиард жетi жүз тоқсан бiр миллион) жапон йенiне бара-бар мөлшердегi мемлекеттiк бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 28 321 000 000 (жиырма сегiз миллиард үш жүз жиырма бiр миллион) жапон йенi сомасында Жобаны қаржыландыруға бағытталған қаражатты қосымшаға сәйкес бөлу бекiтiлсiн.
      2. Аталған Жобаны қаржыландыруға бағытталған қаражаттың түпкiлiктi заемшысы бөлiнген қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуы, сондай-ақ негiзгi борышты, проценттердi және iлеспе төлемдердi өтеу үшiн жауаптылық жүктелетiн Шығыс Қазақстан облысының әкiмi болып табылады деп белгiленсiн.
      3. Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры займының қаражатынан қаржыландырылатын, аталған Жоба бойынша әкелiнетiн тауарлар, орындалатын жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер "Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры мен Қазақстан Республикасы арасындағы Ертiс өзенiне салынатын көпiр құрылысының жобасы бойынша Қарыз туралы 1997 жылғы 12 наурыздағы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 мамырдағы Заңымен бекiтiлген Заем туралы келiсiмге сәйкес қосылған құнға салық пен кедендiк төлемдер төлеуден босатылады деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қорының займы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң несиесi бойынша негiзгi борыштың, проценттердiң және iлеспе төлемдердiң уақытында өтелуiне бақылау жасауды жүзеге асырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған Жобаны қоса қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында:
      Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне қайтарымды негiзде 1997 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражатты уақытында бөлудi қамтамасыз етсiн;
      келесi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде Жобаны Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қорымен келiсiлген Жобаны жүзеге асыру кестесiне сәйкес көлемдерде қоса қаржыландыру үшiн қаражат көздесiн;
      түпкiлiктi заемшы - Шығыс Қазақстан облысының әкiмiмен Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры займының қаражаты мен Жобаны қоса қаржыландыру мақсатында республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөнiнде келiсiм жасассын.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сырттан қарыз алу

жөнiндегi комитетi аталған Жобаны жүзеге асыруды жалпы үйлестiрудi
және тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер сатып алуды Жапонияның
Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қорының ережелерiне сәйкес
жүргiзуге бақылау жасауды жүзеге асырсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 4 тамыздағы
                                           N 1212 қаулысына
                                               қосымша
____________________________________________________________________
     Санат             |Жапонияның Халықаралық|Қазақстан Республикасы
                       |Экономикалық Ынтымақ. |Үкiметiнiң тарапынан
                       |тастық Қоры тарапынан |қаржыландыру,
                       |қаржыландыру,         |жапон йенi
                       |жапон йенi            |
_______________________|______________________|____________________
     Құрылыс жұмыстары |  18 307 000 000      | 6 027 000 000
_______________________|______________________|____________________
     Консультациялық   |   1 392 000 000      |   162 000 000
     қызметтер         |                      |
_______________________|______________________|____________________
     Көзделмеген       |   1 831 000 000      |   602 000 000
     шығыстар          |                      |
_______________________|______________________|____________________
     Жиынтығы             20 530 000 000        6 791 000 000
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады