Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 наурыздағы N 290 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 19 тамыз N 1265. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.21. N 1636 қаулысымен. ~P971636

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 наурыздағы N 290 P970290_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 71-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      осы қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ережеде:
      5-тармақтың 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) еңбектi қорғау жөнiндегi ережелер мен нормаларды, сондай-ақ еңбектi қорғау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қойылатын ұйымдастыру-әдiстемелiк және жалпы техникалық талаптарды;
      еңбек жөнiндегi нормаларды, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығын (БТБА), Қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығын (БА), Жұмысшылар кәсiптерiнiң және қызметшiлер лауазымдарының жiктегiшi (ҚДЖ), ұйымдастыру, нормалау және еңбек ақы төлеу мәселелер жөнiндегi нұсқаулықтарды өз құзыретiнiң шегiнде белгiлеу және бекiту".
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады