Б.Байқадамовтың есiмiн есте қалдыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 1343

      Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мәдениет қайраткерi, композитор Б.Байқадамовтың есiмiн есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi:
      1997 жылдың қазанында Алматы қаласында және оның туған жерiнде, Арқалық қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мәдениет қайраткерi, композитор Б.Байқадамовтың 80 жылдың мерейтойына арналған салтанатты мәжiлiстер мен гала-концерттер өткiзсiн.
      Арқалық қаласында хор музыкасының фестивалiн өткiзсiн.
      2. Алматы қаласының әкiмi:
      қала көшелерiнiң бiрiне Б.Байқадамовтың есiмiн беру туралы мәселенi қарасын;
      композитор тұрған, Алматы қаласындағы Төлебаев көшесiндегi

117-үйдiң маңдайшасына мемориалдық тақта орнатсын.
     3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хор капелласына
Б.Байқадамовтың есiмi берiлсiн.
     4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылға
арналған республикалық бюджетте 08 "Демалысты ұйымдастыру және
мәдениет саласындағы қызметтер" функциональдық тобы бойынша көзделген
қаражаттың есебiнен мерейтойлық салтанаттарды қаржыландыруды жүзеге
асырсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады