Елдiң аймақтарында газбен жабдықтаудың мемлекеттiк желiсiн құру жөнiндегi шаралар туралы<*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 22 қыркүйек N 1368. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.16. N 1166 қаулысымен.

      ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.16. N 1166
               қаулысымен. P991166_

      Халықты және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi табиғи газбен кiдiрiссiз жабдықтау, қысқы жылыту кезеңiне әзiрлiк, сондай-ақ берiлген газ үшiн қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi белгiленген тәртiппен апталық мерзiмде "Ақтөбеоблгаз", "Оралоблгаз", "Маңғыстауоблгаз", "Атырауоблгаз", "Қостанайоблгаз", "Алматыгаз", "Алаугаз" (Оңтүстiк Қазақстан) және "Жамбылгаз" акционерлiк қоғамдарынан олардың балансындағы жоғары, орта және төмен қысымдағы газ құбырларын Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң жанындағы шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Энергоорталық-ЕС-Қазақстан" мемлекеттiк кәсiпорнына берудi қамтамасыз етсiн. <*>
      2. <*>
      ЕСКЕРТУ. Атауы және 1-тармақ өзгертiлдi, 2-тармақ алынып
               тасталды, 3,4-тармақтар тиiсiнше 2,3-тармақтар
               болып саналды - ҚРҮ-нiң 1997.10.09. N 1431 қаулысымен.
               P971431_
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан "Трактебель" компаниясымен "Энергоорталық-ЕС-Қазақстан" мемлекеттiк кәсiпорнының және "Трактебель" компаниясының арасында көрсетiлген аймақтардың тұтынушылары үшiн газ беру жөнiнде келiсiм-шарт жасау нысанасына келiссөздер жүргiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi осы қаулының 1-тармағы орындалған соң "Энергоорталық-ЕС-Қазақстан" мемлекеттiк кәсiпорнын жабық акционерлiк қоғам етiп қайта құрсын.
      4. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi

"Энергоорталық-ЕС-Қазақстан" мемлекеттiк кәсiпорнына тұтынушыларға
газды сату жөнiнде оған жүктелген функцияларды атқаруда көмек
көрсетсiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. Жаңа 4-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.09.29.
              N 1379 қаулысымен.
     5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1997 жылғы 15
тамыздағы N 276 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады