Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру институтына тыңдаушылар қабылдау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 24 қыркүйек N 1371. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1998.12.14. N 1284 қаулысымен.

      "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2730 U952730_  Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру институтына 1997 жылға Президент Әкiмшiлiгiнде, Премьер-Министр Кеңсесiнде, министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдарда, барлық деңгейдегi мәслихаттар мен әкiмшiлiктерде мемлекеттiк лауазымдардағы азаматтардың есебiнен "Мемлекеттiк және муниципальдық басқару" мамандығы бойынша мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау факультетiне, сырттай оқытудың 2,5 жылдық циклына 30 адам, оның iшiнде 10 адам ақылы негiзде, санында тыңдаушылар қабылдау жариялансын.
      2. Тыңдаушыларды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелерi бойынша, ал ақылы негiзде түсушiлерге ауызша емтихандардың нәтижелерi бойынша конкурстық негiзде жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру институты 1998 жылдан бастап, жоғары бiлiмi бар және мемлекеттiк қызметте екi жылдан кем емес жұмыс стажы бар адамдар қатарынан оқудың күндiзгi түрi бойынша тыңдаушылар қабылдауды iске асырсын.
     4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру институтына тыңдаушылар қабылдау жөнiндегi қабылдау комиссиясының құрамы бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы                                      

Қазақстан Республикасы         
Үкiметiнiң               
1997 жылғы 24 қыркүйектегi       
N 1371 қаулысына            
қосымша                  

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн
арттыру институтына тыңдаушылар қабылдау жөнiндегi қабылдау
комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Байзақов С.Б.      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
                     МҚҚИ ректоры, төраға

Қалабаев Н.Б.      - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
                     Кеңсесi Мемлекеттiк қызмет, кадр және
                     бақылау бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi,
                     төрағаның орынбасары <*>

Тоқтыбеков Ә.Ә.    - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
                     МҚҚИ мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау
                     факультетiнiң деканы, комиссияның хатшысы

                  Комиссия мүшелерi

Бектұрғанов Е.Ө.   - Қазақстан Республикасының Президентi
                     Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк қызмет және кадр
                     саясаты бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары
                     (келiсiм бойынша)

Темiрболатов С.Ғ.  - Қазақстан Республикасы Конституциялық
                     Кеңсесiнiң мүшесi (келiсiм бойынша)

Серiков Т.П.       - Қазақстан Республикасының Парламентi
                     Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)

Қуанышбаева Р.С.   - Қазақстан Республикасының Парламентi
                     Мәжiлiсiнiң Заң шығару және сот-құқықтық
                     реформасы жөнiндегi тұрақты комитетiнiң
                     төрағасы (келiсiм бойынша)

Дәмiтов Б.Қ.       - Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет
                     министрлiгi Бiлiм беру - кәсiптiк
                     бағдарламалар басқармасының бастығы

Ермекбаев К.Б.     - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
                     МҚҚИ проректоры
     ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.29. N 392а қаулысымен .  

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады