Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Польша Республикасы Үкiметiнiң арасындағы халықаралық автомобиль тасымалы туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 1 қазандағы N 1400

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1. 1997 жылғы 23 мамырда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасы Үкiметiнiң арасындағы

халықаралық автомобиль тасымалы туралы келiсiм бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң қабылдаған шешiмiн белгiленген тәртiппен

Польша тарапына хабарласын.


     Қазақстан Республикасы

       Премьер-Министрiнiң

       мiндетiн атқарушы



             Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

          Польша Республикасы Үкiметiнiң арасындағы

            халықаралық автомобиль тасымалы туралы

                           КЕЛIСIМ


     Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының

Үкiметi, бұдан әрi "Келiсушi Жақтар" деп аталады,

      екi ал арасында, сондай-ақ олардың аумағы бойынша транзитпен,

жолаушылар мен жүктiң автомобиль тасымалдарын дамытуға ынталана

отырып, төмендегiлер туралы келiстi:


                        ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ


     1-бап.



 
       1. Осы Келiсiмнiң ережелерi Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының арасында, олардың аумағы бойынша транзитпен, сондай-ақ үшiншi елдерге және керi қарай Келiсушi Жақ елдерiнiң бiрiнде тiркелген автокөлiк құралдарымен орындалатын халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалдарына қолданылады.
      2. Келiсушi Жақтардың бiрiнiң елiндегi тасымалдаушыға екiншi Келiсушi Жақтың аумағында орналасқан екi пункт арасында жолаушылар немесе жүк тасымалдарын орындауға тыйым салынады.
      Егер екiншi Келiсушi Жақтың құзырлы органынан арнайы рұқсат алынған жағдайда, аталмыш тасымалдарды орындауға рұқсат етiледi.
      3. Осы Келiсiм Келiсушi Жақтардың басқалай бекiткен халықаралық келiсiмдерi мен шарттарынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
 
      2-бап.
 
      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:
      1. "тасымалдаушы" анықтауы бiр Келiсушi Жақ елiнiң аумағында өмiр сүретiн немесе тұрғылықты тұратын және осы елдiң пәрмендi заңдарына сай халықаралық автокөлiк тасымалын орындайтын жеке немесе заңды тұлғаны бiлдiредi.
 
      2. "автокөлiк құралының" анықтауы:
      а) адамдар мен жүктердiң автомобиль тасымалын орындау үшiн немесе осындай тасымалдарды орындауға арналған көлiк құралын тарту үшiн құрастырылған немесе жабдықталған механикалық жүргiзушi бар автокөлiк құралын бiлдiредi;
      б) (а) тармағында көрсетiлген шарттарды орындайтын көлiк құралынан тұратын, сондай-ақ тiркемесi немесе жартылай тiркемесi бар автопойызды бiлдiредi;
      в) құрамында, оның ажырамас бөлiгi болып табылатын және жүк болып есептелмейтiн арнайы тұрақты бекiтiлген жабдығымен бiрге механикалық жүргiзгiшi бар автокөлiк құралын бiлдiредi.
      3. "Автобус" анықтауы өзiнiң құрылысы бойынша 9 адамнан (жүргiзушiнi қоса) тасымалдауға арналған автокөлiк құралын бiлдiредi. Бұл анықтау қайта жабдықталған, соның нәтижесiнде орын саны қысқарған автокөлiк құралына да қатысты.
      4. "Жолаушыларды" жүйелi тасымалдарын алдын ала анықталған және жарияланған қозғалыс кестелерi мен тарифтер және белгiленген маршрутқа сай бағыт алатын автобустармен жолаушылардың тасымалын бiлдiредi.
      5. "Жолаушылардың маятниктi тасымалдары" анықтауы жөнелту пунктiнен бағытталған пунктке дейiн ұйымдастырылған жолаушылар тобын бiрнеше рет тасымалдауды бiлдiредi. Жүрiп кету немесе бағытталу жерi, сондай-ақ соның аймағын жөнелту немесе бағыт алу пунктi деп түсiну қажет. Осындай тасымал кезiнде жол бойында бiрде-бiр жолаушы қосымша отырғызылмайды немесе түсiрiлмейдi. "Керi қарай" бағытпен бірiншi және "солай қарай" бағытпен соңғы жол жүру автобустың бос күйiнде жасалады.
      6. "Жүйеленбеген тасымалдар" анықтауы 4 және 5 тармақтарда ескертiлгендерден басқа тасымалдарды бiлдiредi.
 
                         ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ
 
      3-бап.
 
      1. 4-бапта қарастырылған тасымалдарды қоспағанда, жолаушылардың жүйеленген, маятниктi және жүйеленбеген тасымалдарын автобустармен жүзеге асыру үшiн Келiсушi Жақтардың құзырлы органдарымен берiлетiн рұқсаттар талап етiледi.
      2. Келiсушi Жақтардың құзырлы органдарының келiсiмi бойынша, олардың елдерiнiң аумағынан өтетiн жол учаскесiнде ғана жолаушылардың жүйелi тасымалдарын орындауға рұқсат берiледi.
 
      4-бап.
 
      1. Екi мемлекет арасында немесе олардың аумағы бойынша транзитпен автобус арқылы жолаушылардың жүйеленбеген тасымалдарын орындауға рұқсат мына жағдайларда талап етiлмейдi, яғни бүкiл жол бойы жолаушылардың бiр тобы сол бiр автобуспен жол жүрген жағдайда, әрi:
      а) жол жүру автобус тiркелген Келiсушi Жақ елiнiң аумағында басталған және аяқталған жағдайда;
      б) автобус тiркелген Келiсушi Жақ елiнiң аумағында жол жүру басталған және екiншi Келiсушi Жақ мемлекетiнiң аумағында аяқталып, автобус осы аумақтан бос кеткен жағдайда.
 
      2. Сонымен қатар, мыналарға рұқсат талап етiлмейдi:
      а) Екiншi Келiсушi Жақ мемлекетiнiң аумағында орналасқан пункттен, алдын ала сонда жеткiзiлген жолаушылар тобын (1 тармақтың "б" тармақшасында көрсетiлген жағдайда), сол тасымалдаушымен керi қарай мақсатта алғашқы жөнелту пунктiне бос автобустың кiруi үшiн

 

рұқсат талап етiлмейдi;

     б) бұзылған автобусты басқамен алмастырғанда.


     3. 1 тармақта және 2 тармақтың "а" тармақшасында қарастырылған

тасымалдарды орындау кезiнде автобус жүргiзушiсiнде Атқару

хаттамасында анықталған үлгiдегi жолаушылар тiзiмi жазылған құжат

болуы тиiс.


                          ЖҮК ТАСЫМАЛДАРЫ


     5-бап.



 
       1. Екi Келiсушi Жақ елдерiнiң арасында, олардың аумағы арқылы

 

транзитпен жүк тасымалдау, сондай-ақ үшiншi елдерге жүк тасымалдау

рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылады.

     2. Әрбiр рейске және әрбiр автокөлiк құралына жеке рұқсат

берiледi. Рұқсат солай және керi қарай бiр рейс жасауға ғана құқық

бередi, Жүксiз жүретiн автокөлiк құралының жол жүруi үшiн де рұқсат

талап етiледi.

     3. Келiсушi Жақтардың құзырлы органдары жыл сайын бiр-бiрiне

өзара келiсiлген рұқсаттардың санын тапсырады.

     4. Рұқсаттардың пәрмендi мерзiмi - бiр күнтiзбелiк жыл.


     6-бап.


     1. Мына тасымалдар үшiн рұқсаттар талап етiлмейдi:

     а) көшi-қон кезiнде қозғалмалы мүлiктi;


 
       б) материалдар мен заттар, соның iшiнде жәрмеңкелерге, көрмелерге және коммерциялық емес сипаттағы шараларға арналған мәдени шығармаларды;
      в) көлiк құралдарын, хайуандарды, спорт инвентарьлары мен спорт шараларын жүргiзуге арналған мүлiктердi;
      г) театр әшекейлерi мен реквизиттерiн, ән-күй аспаптарын, кино түсiру, радио және теледидар хабарларын түсiруге және цирк көрiнiстерiне арналған жабдықтар мен құралдарды;
      д) қаза болғандардың денесi мен мәйiтiн;
      е) табиғи опат, апат және күйреу кезiнде көмек көрсету;
      ж) жүк көтерiмдiлiгi 3,5 т және жалпы салмағы 6 т дейiн орындалатын автомобильдермен.
      2. Бұзылған көлiк құралына техникалық көмек көрсету мақсатымен жiберiлген автомобильдердiң жол жүруi үшiн рұқсаттар талап етiлмейдi.
 
      7-бап.
 
      1. Жүкпен немесе жүксiз бағыт алған автокөлiк құралының ауқымы немесе салмағы, оське түсiру күшi екiншi Келiсушi Жақтың аумағында белгiленген нормадан асқан жағдайда, тасымалдауды орындау үшiн осы Келiсушi Жақтың құзырлы органдарының арнайы рұқсаты талап етiледi.
      2. Осы баптың 1 тармағында ескертiлген арнайы рұқсат автокөлiк

 

құралының белгiленген маршрут бойынша жол жүруiн шектеуi немесе басқа

мiндеттер немесе шектеулерге мүмкiндiк бередi.

     3. Әрбiр Келiсушi Жақ өз аумағы бойынша екiншi Келiсушi Жақ

елiнiң тасымалдаушыларымен қауiптi материалдары, жүктер мен

қалдықтарды тасымалдауға арнайы рұқсат беру құқығына ие болады.


                        ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


     8-бап.


     3, 5, 7-баптарда айтылған рұқсат беру, сондай-ақ оларды

пайдалану әдiсi мен шарты Атқару Хаттамасымен анықталады.


     9-бап.



 
       Әрбiр Келiсушi Жақ мемлекетiнiң аумағындағы пәрмендi iшкi заңдарға сай осы Келiсiмде ескертiлген жолаушылар мен жүк тасымалдарына салықтар мен алымдар салынады.
 
      10-бап.
 
      1. Жабдықтар, сондай-ақ автокөлiк құралын пайдалануға қажеттi қорлар, соның iшiнде механикалық жүргiзгiшi бар көлiк құралында жасаушы-зауытпен белгiленген отын багiндегi отын мөлшерi, май және жағармай материалдары Келiсушi Жақтардың әрқайсысының iшкi заңдарына сай кедендiк баждар мен салықтардан, алымдардан босатылады.
      2. Екiншi Келiсушi Жақ елiнiң аумағына бұзылған немесе апатқа ұшыраған автокөлiк құралын жөндеу мақсатымен уақытша әкелiнген қосалқы бөлшектер осы Келiсушi Жақ елiнiң iшкi заңдары қаншалықты мүмкiндiк беруiне қарай кедендiк баждардан, салықтар мен алымдардан босатылады.
      Ауыстыруға пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер керi қайтарылады.
 
      11-бап.
 
      1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау және пайда болған мәселелердi шешу үшiн Келiсушi Жақтардың құзырлы органдары тұрақты әрекет жасайтын Аралас Комиссия құрады.
      2. Аралас Комиссияның мәжiлiсi қажет болуына қарай екi елдiң аумағында кезекпен жүргiзiлетiн болады.
      3. Аралас Комиссия осы Келiсiмге Атқару Хаттама құрастыратын болады.
 
      12-бап.
 
      1. Бiр Келiсушi Жақ елiнiң тасымалдаушысы екiншi Келiсушi Жақ елiнiң аумағында осы Келiсiмнiң ережелерiн бұзған жағдайда осы Келiсушi Жақтың құзырлы органдары бұл жөнiнде аумағында автокөлiк құралы тiркелген Келiсушi Жақтың құзырлы органдарына хабарлайды.
      2. Аумағында бұзу орын алған Келiсушi Жақтың құзырлы органдары екiншi Келiсушi Жақтың құзырлы органдарынан мыналарды сұрауы мүмкiн:
      а) бұзу жасаған тасымалдаушыға ескертпе жасалуын;
      б) бұзу болған Келiсушi Жақ елiнiң аумағында тасымалдаушының

 

тасымал орындау құқығын уақытша, жартылай немесе толық тоқтатуды.

     3. 2 тармақ негiзiнде қабылданған шаралар туралы Келiсушi

Жақтардың құзырлы органдары бiр-бiрiне хабарлайды.


     13-бап.


     Бiр Келiсушi Жақ елiнiң тасымалдаушылары, сондай-ақ автокөлiк

құралының экипаж мүшелерi екiншi Келiсушi Жақ елiнiң аумағында болған

кезiнде тасымалға және жол қозғалысына қатысты осы аумақта пәрмендi

заң нормалары мен ережелердi сақтауға мiндеттi.


                         ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР


     14-бап.


     Осы Келiсiмге дипломатиялық арналар бойынша нота алмасу жолымен

толықтырулар және өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.


     15-бап.



 
       1. Осы Келiсiм дипломатиялық арналар бойынша осы Келiсiмнiң

 

күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекет iшiнiң процедураларын Жақтардың

орындағаны жөнiнде соңғы мәлiмдеме алынған күннен соң 30-шы күнi

күшiне енедi.

     2. Осы Келiсiм анықталмаған мерзiмге бекiтiлдi және Келiсушi

Жақтардың бiрi екiншi Келiсушi Жаққа өзiнiң осы Келiсiм күшiн

тоқтатқаны жөнiндегi ниетiн жазбаша жiберген күннен бастап 6 ай

өткенге дейiн күшiнде қалады.


     1997 жылғы 23 мамырда Алматы қаласында екi данада, әрқайсысы

қазақ, поляк және орыс тiлдерiнде, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей

болып жасалды.


     Осы Келiсiмдi түсiндiруде алауыздық туындаған жағдайда орыс

тiлiндегi мәтiн үстем болады.


     Қазақстан Республикасының        Польша Республикасының

          Үкiметi үшiн                     Үкiметi үшiн





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады