Теледидар, радиохабары және радиобайланысы республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 7 қазандағы N 1419

      Теледидар, радиохабары және радиобайланысы саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету, сондай-ақ теле-радиохабары мен радиобайланысы кәсiпорындарында басқарудың құрылымын одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қосымшаға сәйкес объектiлердiң мүлкiнiң базасында "Қазтелерадио" теледидар, радиохабары және радиобайланысы республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi кәсiпорынға, сондай-ақ "Алматы радио-теледидар хабарын берушi станциясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (бұдан әрi - АРТБС) қатысты мемлекеттiк меншiк құқығына субъект функциясын жүзеге асырушы мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы болып айқындалсын.
      3. Кәсiпорынның негiзгi мiндетi - телерадио бағдарламалары мен телерадио трансляцияларын тарату жөнiндегi қызмет болып айқындалсын.
      4. Уәкiлеттi орган бiр ай мерзiмде кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оны заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi агенттiгiмен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп және "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамның қатысуымен

екi ай мерзiмде мемлекеттiк басқару органдарының жүйесiнде ПАТС,
кiшi АТС, "Алтай" радиотелефон байланысы жүйелерiн одан әрi
пайдаланудың орындылығы және осы жүйелердiң операторларын айқындау
туралы ұсынысты қарасын және Қазақстан Республикасының Үкiметiне
енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы
                                     Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                     1997 жылғы 7 қазандағы
                                       N 1419 қаулысына
                                            қосымша

           "Қазтелерадио" теледидар, радиохабары және
        радиобайланысы республикалық мемлекеттiк қазыналық
            кәсiпорнына кiретiн объектiлердiң тiзбесi

     1. Ақмола ОРТПЦ
     2. Ақтөбе ОРТПЦ
     3. Алматы ОРТПЦ мына құрамда:
        N 5 радиоорталық
        N 7 радиоорталық
     4. Арқалық РТПЦ
     5. Атырау ОРТПЦ
     6. Шығыс Қазақстан ОРТПЦ
     7. Жамбыл ОРТПЦ
     8. Жезқазған РТПЦ
     9. Батыс Қазақстан ОРТПЦ
     10. Қарағанды ОРТПЦ
     11. Қызылорда ОРТПЦ
     12. Көкшетау РТПЦ
     13. Қостанай ОРТПЦ
     14. Маңғыстау ОРТПЦ
     15. Павлодар ОРТПЦ
     16. Солтүстiк Қазақстан ОРТПЦ
     17. Семей РТПЦ
     18. Талдықорған РТПЦ
     19. Оңтүстiк Қазақстан ОРТПЦ
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады