1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң құрылымы аппарат қызметкерлерiнiң шектi санына сүйене отырып 297 адам болып 1-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiне екi вице-министр, сондай-ақ 17 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 898 қаулысымен.
P980898_
4. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң аппараты үшiн 11 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауында қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес мекемелер мен ұйымдардың болатыны назарға алынсын (2-қосымша).
6. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлiгiне Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының қызметiн жергiлiктi атқарушы органдармен, медициналық ұйымдармен және сақтандырылған азаматтарға дәрiгерлiк қызмет көрсету жөнiндегi медициналық қызметпен айналысатын тұлғалармен өзара қарым-қатынасты үйлестiру тапсырылсын. 7. <*> ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.01.29. N 70 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1556 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi (Бiлiм, мәдениет және денсаулықминi) туралы ЕРЕЖЕ I. Миссиясы Қоғамның рухани дамуын, ұлттық бiлiм беру жүйесiнiң тиiмдi қызметiн денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, салауатты өмiр салтын ынталандыру. II. Қызметiнiң басымдықтары * Бiлiм беруде, мәдениетте, денсаулық сақтауда, туризм мен спортта және Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң басқа да қызмет салаларында реформалар жүргiзу. * Бiлiм берудiң барлық деңгейiнде сапаны арттыру. * Аурулардың алдын алу және салауатты өмiр салтын ынталандыру. * Ұлттық мәдени игiлiктердi сақтау және молайту. * туризмдi дамыту. III. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiк бiлiм, мәдениет, денсаулық сақтау, туризм және спорт салаларында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады.
2. Министрлiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Министрлiк тиiстi аумақтық органдардың қызметiн үйлестiредi және ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдарға басшылық жасайды.
4. Министрлiктiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте орталық атқарушы органдарды ұстауға көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады.
5. Министрлiктiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
IV. Министрлiктiң мiндеттерi, функциялары және құқықтары
6. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
бiлiм, мәдениет, денсаулық сақтау, туризм және спорт саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және iске асыру;
бiлiм, мәдениет, денсаулық сақтау, туризм және спорт саласындағы жекешелендiру бағдарламасын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында кепiлдiк берiлген тегiн орта бiлiм алуын қамтамасыз ету;
елде санитарлық-эпидемиологиялық игiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау;
ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдардың материалдық-техникалық және ғылыми-өндiрiстiк базасын дамыту;
кадрлар даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;
Министрлiк құзыретiнiң шегiнде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.
7. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды атқарады:
бiлiмдi, мәдениеттi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамытудың тұжырымдамаларын, стратегияларын, мемлекеттiк бағдарламаларын және даму жоспарын әзiрлейдi, заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
Үкiметтiң тапсырмасы бойынша бiлiм, мәдениет, денсаулық сақтау, туризм және спорт саласындағы халықаралық келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге, келiсiм-шарт жасауға қатысады және оларға қол қояды;
бiлiмнiң барлық деңгейiн жалпыға бiрдей мiндеттi (мемлекеттiк) стандартын әзiрлейдi және бекiтедi. Шетелдiк несиелер мен инвестицияларды тарту және пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
оқыту технологиялары саласында, бiлiмдi информатикаландыруды, бiрiншi кезекте мектептердi компьютерлендiрудi қамтамасыз етедi, инновациялық саясатты жүргiзедi;
меншiк нысанына қарамастан, заңдарда белгiленген тәртiппен, республиканың жоғары және орта арнаулы оқу орындарын лицензиялауды, мемлекеттiк аттестациялауды және аккредитациялауды, бiлiм беру, медициналық, туристiк қызметтердi, археологиялық және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру жұмыстарын лицензиялауды жүзеге асырады,оқу орындарын лицензиялауға, аттестациялауға және аккредитациялауға арналған нормативтер мен үлгi ережелердi (нұсқауларды, регламенттердi) әзiрлейдi және бекiтедi, бiлiм беру, фармацевтикалық және санитарлық-эпидемиологиялық, сондай-ақ басқа да қызмет түрлерiне министрлiк құзыретiнiң шегiнде лицензиялар бередi;
республикалық бюджет есебiнен шетелде бiлiм алып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғайды;
кадрлар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырыстың көлемiн айқындауға қатысады және оларды жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмдi қоса есептегенде (ведомстволық оқу орындарын қоспағанда), жоғары оқу орындарына орналастыруды жүзеге асырады;
меншiк нысанына қарамастан оқу орындарына арналған бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi, халықаралық шарттардың негiзiнде олардың сәйкестiгiн айқындайды. Қазақстан Республикасының аумағында бiлiм туралы шетел құжаттарын тану (нострификация) мәселелерiн шешедi;
денсаулық сақтауды, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi, халыққа дәрi-дәрмекпен көмектеседi;
мүдделi ұйымдармен бiрлесiп республикалық, халықаралық жарыстарды және кешендi шараларды жүргiзудi қамтамасыз етедi.
8. Өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн Министрлiк белгiленген тәртiппен:
жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басқа да ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға;
облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана әкiмдерiнiң тиiстi бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау басқармаларының және туризм мен спорт комитеттерiнiң басшыларын лауазымдарға тағайындауына және босатуына келiсiм беруге; <*>
меншiк нысандарына қарамастан, белгiленген тәртiппен органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан Министрлiк құзыретiнiң мәселелерi бойынша ақпарат сұрауға және алуға;
баспа қызметiмен айналысуға, ведомстволық журналдар, газеттер, басқа да баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдарын иеленуге;
арнаулы орта, жоғары оқу орындары және басқа мекемелердi, ұйымдар мен кәсiпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге, мемлекеттiк мекемелердiң, ұйымдардың, кәсiпорындардың құрылтайшысы болуға, олардың жарғыларын бекiтуге;
меншiк нысанына қарамастан бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт мекемелерiнiң қызметiн лицензиялауға;
бiлiм, мәдениет, денсаулық сақтау, туризм және спорт мекемелерiн, ұйымдарын және кәсiпорындарын инспекциялауға;
ведомстволық бағынысты ұйымдарда бюджеттiк және бюджеттен тыс қаржылардың қалыптасуы мен пайдаланылуының дұрыстығы мен тиiмдiлiгiне тексеру жүргiзуге;
қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ мемлекеттiк нысаналы және кешендi бағдарламаларды iске асыру бойынша Министрлiктiң құзыретi шегiнде салааралық жеке аймақаралық үйлестiрудi жүзеге асыруға құқығы бар.
ЕСКЕРТУ. 8-тармақтың 3-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
1998.08.03. N 735 қаулысымен. P980735_
V. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
9. Министрлiкке Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басшылық етедi. Министрдiң екi вице-министрi болады, оларды Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының Бас директоры, комитеттердiң төрағалары және басқа да құрылымдық бөлiмшелердiң (заңды тұлға құқығындағы) басшыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық Бас дәрiгерiн Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
10. Министр министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген тапсырмалардың орындалуына және өз мiндеттерiн жүзеге асыруына, стратегиялық жоспар тапсырмаларының орындалуына дербес жауап бередi.
11. Осы мақсатта Министр:
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда Министрлiктi бiлдiредi;
комитеттер (заңды тұлға құқығындағы) туралы ережелердi қоспағанда, Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелердi бекiтедi;
комитеттердiң, департаменттердiң және басқармалардың қызметiне басшылық жасайды;
Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының жергiлiктi атқарушы органдарымен, медициналық ұйымдармен және сақтандырылған азаматтарға медициналық қызмет көрсету жөнiндегi қызметпен айналысатын тұлғалармен өзара қарым-қатынасын реттейдi;
өз құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
12. Министрлiкте құрамына Министр, вице-министрлер, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының Бас директоры, комитеттердiң төрағалары және басқа да құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары кiретiн алқа құрылады.
Алқаның құрамына өзге де тұлғалар кiруi мүмкiн. Алқаның сандық құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi, жеке құрамын - Министр белгiлейдi. Алқаның шешiмдерi хаттамалармен, қаулылармен ресiмделедi және бұйрықпен бекiтiледi. 13. Орталық аппарат қызметкерлерiнiң қызметтiк және лауазымдық мiндеттерi мен Министрлiктiң Жұмыс регламентiн Министр бекiтедi. 14. Министрлiк заңды тұлға болып табылады және оның банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi болады. 15. Министрлiк заңдарда белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылады және таратылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1556 қаулысына 1 қосымша Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Бiлiм комитетi (заңды тұлға құқығында) Мәдениет комитетi (заңды тұлға құқығында) Денсаулық сақтау комитетi (заңды тұлға құқығында) Туризм және спорт комитетi (заңды тұлға құқығында) Экономика және қаржы департаментi Әкiмшiлiк департаментi Астана қаласындағы Өкiлдiгi (заңды тұлға құқығынсыз) <*> ЕСКЕРТУ. 1-қосымша толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.09.14. N 883 қаулысымен. P980883_ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1556 қаулысына 2 қосымша Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауындағы мекемелер мен ұйымдардың ТIЗБЕСI ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінiң 1998.03.24. N 256 қаулысымен. P980256_ БIЛIМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРI Жоғары оқу орындары Ақмола аграрлық университетi Л.М.Гумилев атындағы Еуразия университетi Жұбанов атындағы Ақтөбе университетi Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетi Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетi "Семей" мемлекеттiк университетi О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетi Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институты Батыс Қазақстан аграрлық университетi Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетi Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетi Қарағанды металлургия институты Қарағанды мемлекеттiк политехникалық университетi Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi Қостанай мемлекеттiк университетi Қостанай ауыл шаруашылығы институты Рудный индустриялық институты Ш.Есенов атындағы Ақтау университетi С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi Солтүстiк Қазақстан университетi Шығыс Қазақстан техникалық университетi I.Жансүгiров атындағы Талдықорған университетi Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогика институты Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетi Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттiк консерваториясы Қазақ көлiк және коммуникациялар академиясы Т.Жүргенов атындағы мемлекеттiк театр және кино институты Қазақтың сәулет-құрылыс академиясы Қазақ мемлекеттiк басқару академиясы Қазақ мемлекеттiк көркемсурет академиясы Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогика институты Қазақтың дене тәрбиесi институты Қазақтың ұлттық техникалық университетi Қазақ мемлекеттiк аграрлық университетi Алматы технологиялық институты Алматы энергетика және байланыс институты Қазақтың мемлекеттiк заң университетi Абылай хан атындағы қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті <*> М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті <*> Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті <*> М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті <*> Атырау мұнай және газ университеті <*> Арнаулы орта оқу орындары (колледждер) К.Байсейiтова атындағы республикалық музыка колледжi П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжi Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжi Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi Республикалық көркемсурет колледжi Таңсықбаев атындағы Алматы сәндiк-қолданбалы өнер колледжi Х.Мұңайтпасов атындағы Республикалық спорт колледжi N 2 республикалық спорт колледжi Кентау экономикалық колледжi Жамбыл қазақ-түрiк есеп-экономика колледжi Ақтөбе темiр жол көлiгi колледжi Түлкiбас агробизнес және туризм колледжi Мектеп-интернаттар Шымкент республикалық әскери мектеп-интернаты Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты Б.Момышұлы атындағы Республикалық Алматы әскери мектеп-интернаты А.Жұбанов атындағы Республикалық қазақ музыкалық орта мектеп-интернаты Басқа мекемелер Республикалық Оқушылар сарайы Бiлiм беру жүйесiнiң басқару және ғылыми-педагогтiк кадрларының бiлiктiлiгiн көтеру республикалық институты Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы <*> "Тұран" республикалық бiлiм беру орталығы Ақыл ой және дене кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдердiң әлеуметтiк бейiмделу және кәсiптiк-еңбекке оңалту республикалық ғылыми-өнеркәсiп орталығы Оқу-ғылыми физика-технологиялық орталығы Оқу-ғылыми өндiрiстiк орталығы. Ақтөбе қаласы (Қазақ көлiк және коммуникациялар академиясының филиалы) Қазақтың дене тәрбиесi институтының бiлiктiлiк көтеру курсы Жану проблемалары институты (басқа ұйымдар) Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапхана Республикалық "Ғылыми-тәжiрибе бiрлестiгi" кәсiпорны Мектеп жиhаздарын жасау және жөндеу жөнiндегi республикалық бiрлестiк (шаруашылық жүргiзу құқығында) Азиялық даму банкiнiң жобаларын үйлестiру бөлiмi (заем қаражаты есебiнен қаржыландырылады) Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң шаруашылық басқармасы (шаруашылық жүргiзу құқығында) Республикалық "Қазақбiлiмжабдықтау" өндiрiстiк бiрлестiгi 1-ЖҚБ-мен бiрге (шаруашылық жүргiзу құқығында) 2-ЖҚБ (шаруашылық жүргiзу құқығында) Республикалық бiлiм берудің мемлекеттік стандарттары орталығы <*> Бiлiм беруді информатикаландырудың республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы <*> "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы <*> МӘДЕНИЕТ МЕКЕМЕЛЕРI Театрлар Абай атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет театры М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық драма театры Лермонтов атындағы орыс мемлекеттiк академиялық драма театры Ғ.Мүсiрепов атындағы Қазақтың балалар мен жасөспiрiмдерге арналған театры Мемлекеттiк қуыршақ театры Сац атындағы орыстың мемлекеттiк балаларға және жасөспiрiмдерге арналған театры Мемлекеттiк республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры Мемлекеттiк республикалық корей музыкалық комедия театры Республикалық немiс драма театры Концерттiк ұйымдар Қазақконцерт қазақ мемлекеттiк гастрольдық-концерттiк бiрлестiгi Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттiк филармониясы Мемлекеттiк классикалық би ансамблi "Салтанат" мемлекеттiк ансамблi "Гүлдер" мемлекеттiк ансамблi "Қазақстан Камератасы" мемлекеттiк ансамблi Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттiк халық аспаптар оркестрi Мұражайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орталық мұражайы Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өнер мұражайы Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптары мұражайы Алтын және бағалы металдар мұражайы Республикалық кiтап мұражайы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау тарихы мұражайы Кiтапханалар Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасы Жамбыл атындағы мемлекеттiк республикалық жасөспiрiмдер кiтапханасы С.Бегалин атындағы мемлекеттiк республикалық балалар кiтапханасы Соқыр және нашар көретiн азаматтарға арналған республикалық кiтапхана Басқа мекемелер Республика Сарайы "Қазақ мемлекеттiк циркi" қазыналық кәсiпорны "Материалдық мәдениет ескерткiштерiнiң ғылыми-зерттеу және жобалау институты" қазыналық кәсiпорны Кинобейнефильмдердi уақытша пайдалану және қалпына келтiру жөнiндегi республикалық өндiрiстiк бiрлестiк "Саз" дыбыс жазу фирмасы Ұлттық продюсерлiк орталық Ш.Айманов атындағы қазақ кинофабрикасы Республикалық мемлекеттiк жөндеу-құрылыс және қайта жаңғырту басқармасы (шаруашылық жүргiзу құқығында) Шаруашылық есептегi жабдықтау орталығы Республикалық құрлыс және қайта жаңғырту басқармасы Халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы Үй-жайлар мен ғимараттар басқармасы Қазақ мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институты <*> СПОРТ Спорттың ойын және қысқы түрлерi бойынша жоғары спорттық шеберлiкке баулу жөнiндегi республикалық мектеп Спорттың қолданбалы түрлерi бойынша жоғары спорттық шеберлiкке баулу жөнiндегi республикалық мектеп Спорттың қолданбалы түрлерi бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi Олимпиялық резерв Республикалық мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер мектебi Спортшылардың допингке қарсы республикалық зертханасы <*> Спорт резервін даярлау жөніндегі республикалық оқу-жаттықтыру орталығы <*> Спорт ғимараттары "Монтажник" спорт-сауықтыру кешенi "Медеу" спорт-сауықтыру кешенi Орталық стадион Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы Орталық жүзу бассейнi "Достық" оқу-спорт кешенi Жоғары спорттық шеберлiкке баулу жөнiндегi республикалық мектептiң ат-спорт базасы "Бутаковка" оқу-жаттығу кешенi Республикалық яхта-клубы Басқа мекемелер Штаттық ұлттық командалар дирекциясы "Қазақспортжабдықтау" басқармасы "Спортлото" аймақтық кәсiпорны Талдықорғанның "Жетiсу" стадионы Ақтөбе қалалық спорттық кешенi Н.Әбдiров атындағы Қарағанды спорт комбинаты ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ "Медсанкөлiк жабдықтау" мемлекеттiк кәсiпорны Шығыс және қазiргi заманғы медицинаның шаруашылық есептегi республикалық ғылыми-практикалық орталығы Салауытты өмiр мәселелерi жөнiндегi ұлттық орталық Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерiнiң республикалық госпиталi Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы Қазақ республикалық лепрозориi "Ақсай" республикалық балалар ауруханасы "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы Республикалық емхана Республикалық қан орталығы "Бурабай" республикалық балалардың өкпе аурулары санаториi "Бурабай" республикалық өкпе ауруларының санаториi "Алатау" Республикалық балалар санаториi Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция Тырысқаққа қарсы ғылыми-зерттеу институты Тырысқаққа қарсы Атырау станциясы Тырысқаққа қарсы Арал теңiзi станциясы Тырысқаққа қарсы Ақтөбе станциясы Тырысқаққа қарсы Орал станциясы Тырысқаққа қарсы Талдықорған станциясы Тырысқаққа қарсы Маңғыстау станциясы Тырысқаққа қарсы Қызылорда станциясы Тырысқаққа қарсы Шымкент станциясы Орталық санитарлық-эпидемиологиялық жол станциясы Батыс Қазақстан санитарлық-эпидемиологиялық жол станциясы Ақмола санитарлық-эпидемиологиялық станциясы Әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық станция Республикалық дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерi Республикалық сот медицинасының орталығы Орталық есту органдарын протездеу лабораториясы СПИД жөнiндегi республикалық орталық Республикалық арнаулы медициналық қамтамасыз ету базасы Қазақтың кардиология ғылыми-зерттеу институты Академик Б.Жарбосынов атындағы урологиялық ғылыми орталығы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты Қазақ өкпе аурулары ғылыми-зерттеу институты Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы Қазақтың көз аурулары ғылыми-зерттеу институты Н.А.Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталық Терi-венерологиялық ғылыми-зертте институты Педиатрия және балалар хирургиясының ғылыми орталығы "Стоматология" республикалық ғылыми-клиникалық орталығы Апат жөнiндегi медицина орталығы Медициналық және экономикалық проблемалар ғылыми орталығы Республикалық урология ғылыми-зерттеу институтының филиалы, Қызылорда қаласы Республикалық ғылыми-медициналық кiтапхана Республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталық "Дезинфекция" АҚ Қоғамдық денсаулық сақтау мектебi Қазақ мемлекеттiк медицина институты Ақмола мемлекеттiк медицина академиясы Ақтөбе мемлекеттiк медицина академиясы Қарағанды мемлекеттiк медицина академиясы Семей мемлекеттiк медицина академиясы Оңтүстiк Қазақстан медицина академиясы Орта медицина және фармацевтика қызметкерлерiн даярлайтын республикалық колледж Алматы дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институты Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы <*> Семей қаласындағы радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу орталығы <*> Газеттер мен журналдардың редакциялары "Қазақстан мұғалiмi" газетiнiң редакциясы "Учитель Казахстана" газетiнiң редакциясы "Спорт" газетiнiң редакциясы "Қазақстан мектебi", "Қазақстан тарихы" журналының редакциясы "Бастауыш мектеп" журналының редакциясы "От басы және балабақша" журналының редакциясы "Вестник высшей школы" журналының редакциясы, "Iзденiс-Поиск" қосымшасы "Қазақстан жоғарғы мектебi" журналының редакциясы "Қазақ тiлi мен әдебиетi" журналының редакциясы қосымшасы - "Ұлағат" "Русский язык и литература в казахской школе" журналының редакциясы "Здравоохранение Казахстана" журналының редакциясы "Денсаулық" журналының редакциясы "Информатика, физика, математика" журналының редакциясы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1556 қаулысына 3 қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 сәуiрдегi N 559 қаулысы;
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 сәуiрдегi N 692 қаулысы;
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 878 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 22, 194-құжат);
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 тамыздағы N 1268 қаулысы;
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және функционалдық қамтамасыз ету департаментi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 тамыздағы N 1269 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 38, 364-құжат);
<*>
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 тамыздағы N 1268 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 қазандағы N 1412 қаулысы.
ЕСКЕРТУ. 3-қосымшаның 6-абзацы күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.11.25.
N 1656 қаулысымен. P971656_