Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 сәуiрдегi N 558 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 қарашадағы N 1605 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.19. N 269 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кеден комитетiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен төленетiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне пайдаланылатын импортталған жабдықтардың, шикiзаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердiң, дәрi-дәрмектердiң және тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 сәуiрдегi N 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 16, 131-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен төленетiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне пайдаланылатын импортталған жабдықтардың, шикiзаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердiң, дәрi-дәрмектердiң және тауарлардың тiзбесi реттiк нөмiрлерi 265-268, мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
     "265 Металдардың бетiн өңдеуге арналған            3810 10 000
          препараттар: бояу балқитын ұстатқышпен
          дәнекерлеуге арналған немесе металдан
          тұратын және басқа да материалдарды
          дәнекерлеуге арналған ұнтақтар мен
          пасталар

      266 Күрделi органикалық, басқа жерде              3814 00
          аталмаған езгiштер мен қосқыштар:
          бояуларды немесе лактердi кетiруге
          арналған дайын құрамдар

      267 Теледидарлардың пластмассалық               3901-3914-тен
          бөлiктерiн өндiруге арналған полимер*         (3902, 3909
                                                        10 000
                                                        қоспағанда)

      268 Теледидарлар шығаруға арналған                8529 90"
          жинақтаушылар

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады