Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын
тауарларға және құмар ойын бизнесiне арналған акциздердiң ставкалары
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31
желтоқсандағы N 1747
қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 516-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
"Спирттiң барлық түрi (тауар өндiрушiде осындай
өнiмдi шығару құқығына Қазақстан Республикасының
лицензиясы болған жағдайда ликер-арақ, күшейтiлген
сусындар, күшейтiлген шырындар, шарап, бальзам,
емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмектер жасауға
босатылғандарынан, сондай-ақ мемлекеттiк медици.
налық мекемелерге босатыландарынан басқа) 3,0 экю/литр"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Спирттiң барлық түрi (тауар өндiрушiде
көрсетiлген өнiмдi шығару құқығына
Қазақстан Республикасының лицензиясы
болған жағдайда емдiк және фармацевтикалық
дәрi-дәрмектердi дайындау үшiн босатылатын.
дықтарынан, сондай-ақ мемлекеттiк медициналық
мекемелерге босатылатындарынан басқа) 0,3 экю/литр"
"Коньяктар 0.3 экю/литр" деген жол алынып тасталсын;
"Өңделмеген мұнай" деген жолдағы 2-бағандағы "7 экю/тонна"
деген сөздер "3 экю/тонна" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Электр энергиясы 0,03 теңге-кВт. сағат"
"Импортталатын акцизделетiн тауарларға арналған акциздердiң
ставкалары және жеке адамдардың Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы алып өтетiн, акциз салуға жатпайтын акцизделетiн
тауарлардың нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997
жылғы 30 мамырдағы N 907
қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 23, 209-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
"2207, Спирттiң барлық түрлерi (тауар өндiрушiнiң
2208- ликер-арақ бұйымдарын, күшейтiлген
ден" сусындарды, күшейтiлген шырындарды,
шараптарды, бальзамды өндiру құқығына
Қазақстан Республикасының лицензиясы
бар болса, аталған өнiмдердi әзiрлеу
үшiн әкелiнетiндерiнен басқа) 3,5 экю/литр
Күшейтiлген сусындар, күшейтiлген
шырындар мен бальзамдар, арақ, ликер-
арақ бұйымдары, коньяктар 3,0 экю/литр"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"2207, Спирттiң барлық түрлерi
2208-
ден 0,3 экю/литр
Күшейтiлген сусындар, күшейтiлген
шырындар мен бальзамдар, арақ, ликер-
арақ бұйымдары, коньяктар 1,7 экю/литр"
"2709 00-ден өңделмеген мұнай" деген жолдағы 3-бағандағы "7,0 экю/тонна" деген сөздер "3,0 экю/тонна" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"271600000 Электр энергиясы 0,03 теңге/кВт. сағат".
2. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
3. Осы қаулы спирттiң барлық түрлерi, күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар мен бальзамдар, арақ, ликер-арақ бұйымдары, коньяктар, сондай-ақ өңделмеген мұнай бойынша 1997 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, ал электр энергиясы бойынша - 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi