Бұрын шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздар жөнiндегi берешектi жоюды қамтамасыз ету және облигациялардың одан әрi құнсыздануын тоқтату үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. 1997 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақ ССР-нiң 1990 жылғы Мемлекеттiк iшкi 5 проценттiк заемының айналысы тоқтатылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақ ССР-нiң Мемлекеттiк iшкi 5 проценттiк заемын осы заемның облигацияларын ұстаушыларына дер кезiнде хабарлай отырып, 1997 жылдың 31 желтоқсанынан дейiн мерзiмде өтеудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақ ССР-нiң 1990 жылғы Мемлекеттiк iшкi 5 проценттiк
заемының айналысын тоқтату мен өтеудiң тәртiбi туралы қоса берiлiп
отырған Ереже бекiтiлсiн.
4. "Қазақ ССР-iнiң 1990 жылғы Мемлекеттiк iшкi 5 проценттiк
заемын шығару туралы" Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң 1989 жығы 20
желтоқсандағы қаулысының күшiн жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 23 қарашадағы
N 1660 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақ ССР-нiң 1990 жылғы Мемлекеттiк iшкi 5
проценттiк заемының айналысын тоқтату
мен өтеудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Қазақ ССР-нiң 1990 жылғы Мемлекеттiк iшкi 5 проценттiк заемын шығару туралы" Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң 1989 жылғы 20 желтоқсандағы N 405 қаулысына сәйкес заңды тұлғалар арасында орналастыруға арналған облигациялар түрiнде 16 жылға - 1990 жылдың 1 қаңтарынан 2006 жылдың 1 қаңтарына дейiн шығарылған Қазақ ССР-нiң 1990 жылғы Мемлекеттiк iшкi 5 проценттiк заемын өтеудiң тәртiбiн белгiлейдi.
2. Мемлекеттiк 5 проценттiк заемының облигацияларын толық өтеу (негiзгi борыш және кiрiстi төлеу) 1997 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен 1997 жыл бойы жүзеге асырылады. Заемды ұстаушылар облигациялары мен купондарын 1997 жылдың 31 желтоқсанына дейiн ақы төлеуге ұсына алады. Бұл мерзiм аяқталған соң ақы төлеуге ұсынылмаған облигациялар мен купондар өз күшiн жоғалтады және ақы төлеуге жатпайды.
3. Облигацияларды өтеу кезiнде ұстаушыларға алдағы жылдары өтелген сомалар есептен шығарыла отырып, облигациялардың бастапқы құны мен жылына 5 процент мөлшерiнде кiрiс төленедi. Өтеу құнын есептеу аталған қаулымен бекiтiлген Қазақ ССР-нiң 1990 жылғы Мемлекеттiк iшкi 5 проценттiк заемын шығарудың шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Облигацияларды өтеу өкiлеттi банктер - "Казагроөнеркәсiпбанкi" АҮАҚ және "Тұрғынүйқұрылысбанкi" ЖАҚ (Бұдан әрi - банктер) арқылы жүргiзiледi.
II. Банктер арқылы орналастырылған
заем облигацияларын өтеудiң тәртiбi
5. Қазақ ССР-нiң 1990 жылғы мемлекеттiк iшкi 5 проценттiк заемының орналастырылғанын растайтын құжаттардың негiзiнде Банктер заем күшiнде болған кезеңде орналастырудың және төленген кiрiстiң нақты көлемiн көрсете отырып, облигациялар ұстаушылардың тiзiлiмiн жасап, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тапсырады.
6. Банктер берген тiзiлiмдердiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi олардың шоттарына мынадай мөлшерде ақша аударады: - "Қазагроөнеркәсiпбанкi" АҮАҚ - 1 466 (бiр мың төрт жүз алпыс алты) теңге, оның iшiнде: негiзгi борышты өтеуге - 1 320 (бiр мың үш жүз жиырма) теңге және кiрiстi төлеуге (өткен жылдарда өтелген соманы есепке ала отырып, 6 жылға жылына 5%) - 146 (бiр жүз қырық алты) теңге;
"Тұрғынүйқұрылысбанкi" ЖАҚ - 102 625 (бiр жүз екi мың алты жүз жиырма бес) теңге, оның iшiнде: негiзгi борышты өтеуге - 96 210 (тоқсан алты мың екi жүз он) теңге және кiрiстi төлеуге - 6 415 (алты мың төрт жүз он бес) теңге.
7. Ақша Банктердiң шоттарына түскен сәттен бастап екi аптаның iшiнде Банктер қаражатты заем ұстаушылардың шоттарына есептейдi.
8. Банктер облигациялар ұстаушыларға мемлекеттiк заемды және кiрiстi өтеудi нақты ұсынылған облигациялар мен купондар бойынша жүзеге асырады.
9. Таратылған немесе қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар (облигация ұстаушылар) бойынша заем растайтын құжаттардың негiзiнде олардың құқықтық мұрагерлерiне өтеледi.
10. Құқықтық мұрагерлер болмаған кезде, Банктер ақша түскеннен кейiн екi апта мерзiм iшiнде талап етiлмеген сомаларды республикалық бюджеттiң кiрiсiне қайтаруға тиiс.
11. Заем өтелгеннен кейiн Банктер бiр айдың iшiнде нақты өтелген облигациялар туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне мәлiметтер бередi.
III. Өзге банктер арқылы орналастырылған
заем облигацияларын өтеудiң тәртiбi
12. Қазақ ССР-нiң 1990 жылғы Мемлекеттiк iшкi 5 проценттiк заемының облигацияларын өзге банктер арқылы сатып алған заем ұстаушылар тiзiлiм жасау үшiн тиiстi құжаттарды Банктерге көрсетуге тиiс. Уәкiлеттi Банктер 1997 жылдың 1 желтоқсанына дейiн мемлекеттiк заем ұстаушылардың тiзiлiмiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынады, ол Банктердiң шоттарына қосымша ақша аударады.
Заем толық өтелгеннен кейiн бiр айдың iшiнде банктер нақты өтелген облигациялар мен купондар туралы еркiн нысанда жасалған есептi ұсынады.
IV. Облигацияларды жоюдың тәртiбi
13. Мемлекеттiк iшкi 5 проценттiк заемының өтелген және ақы төленген облигациялары мен купондары жойылуға тиiс. Аталған жұмысты орындау үшiн Банктер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп қажеттi акт ресiмдей отырып, өтелген облигациялар мен купондарды бухгалтерлiк есеп деректерiмен салыстырады. Мұнан соң тәуелсiз тараптар қатыстырыла отырып комиссия тағайындалады және ақы төленген облигациялар мен купондарды тексеру мен жою жүргiзiледi.