Қазақ жерiнде мұнай-газ өнеркәсiбi дамуының бастамасы болған, егемен Қазақстан экономикасының негiзi болып табылатын бiрiншi мұнайдың ашылуына 1999 жылы 100 жыл толуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Мерейтой - Қазақстан мұнай өнеркәсiбiнiң 100 жылдығы 1999 жылдың 5 қыркүйегі атап өтiлсiн.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.02.12. N 120 қаулысымен.
P990120_
2. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы ұсынған Қазақстан
мұнай өнеркәсiбiнiң 100 жылдығына арналған негiзгi шаралар
мақұлдансын (қоса берiлiп отыр).
3. Мерейтой - Қазақстан мұнай өнеркәсiбiнiң 100 жылдығын өткiзу
жөнiндегi ұйымдастыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрамда бекiтiлсiн.
4. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясының мерейтой шараларын
Қазақстан аумағында мұнай операцияларымен айналысатын
кәсiпорындардың ерiктi жарналарының есебiнен қаржыландыру туралы
ұсынысына келiсiм берiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 11 желтоқсандағы
N 1749 қаулысымен
мақұлданған
Қазақстан мұнай өнеркәсiбiнiң 100 жылдығына
арналған негiзгi шаралар
___________________________________________________________________
рет | |Орындалу |Орындалуына
N | Шаралар |мерзiмi |жауапты адамдар
_____|___________________________________|___________|_____________
1 | 2 | 3 | 4
_____|___________________________________|___________|_____________
| | |
1 |Қазақстанның 2 томдық мұнай |1999 |Ұйымдастыру
|энциклопедиясын шығару |жылдың 1 |комиссиясы,
| |маусымына |"Қазақойл"
| |дейiн
|ҰМК
_____|___________________________________|___________|_____________
2 |"Қазақстан мұнайына 100 жыл" деген |1999 жылдың|бұл да сол
|жалпы атаумен бейнероликтер түсіру |наурыз-шiл.|
| |десі |
| | |
_____|___________________________________|___________|_____________
3
4
_____|___________________________________|___________|_____________
5 |Қарашұңғыл N 7 тұңғыш |1999 жылдың|Ұйымдастыру
|мұнай скважинасының орнында |4 қыркүйегі|комиссиясы,
|рәміздік белгіні орнату мен |не дейін |"Қазақойл"
|салтанатты түрде ашуды ұйымдастыру | |ҰМК
_____|___________________________________|___________|_____________
6
7
_____|___________________________________|___________|_____________
8 |Мұнай-газ өнеркәсiбiн дамытуда |1999 жылдың|Ұйымдастыру
|ерекше көзге түскен: |1 маусымына|комиссиясы,
|* зейнеткер-өндiрiс ардагерлерiн - |дейiн |"Қазақойл" ҰМК
|100 адам; | |
|* зейнеткер мемлекеттiк қызмет. | |
|шiлердi - 75 адам; | |
|* еңбек озаттарын - 325 адам - | |
|Қазақстан Республикасының | |
|ордендерiмен және медальдарымен | |
|марапаттауға ұсыну | |
_____|___________________________________|___________|_____________
9 |Мұнайшы күнi қарсаңында еңбек | |Ұйымдастыру
|ұжымдары мен облыстарда салтанатты | |комиссиясы,
|жиналыстар өткiзудi тапсыру | |облыстардың,
| | |қалалардың,
| | |аудандардың
| | |әкiмдерi
_____|___________________________________|___________|_____________
10 |Астана қаласында салтанатты |1999 жылдың|Ұйымдастыру
|жиналыс, жиналыс |3 қыркүйегі|комиссиясы,
|қорытындылары | |"Қазақойл" ҰМК
|бойынша баспасөз | |
|конференциясын ұйымдастыру | |
_____|___________________________________|___________|_______________
11 | Атырау қаласында "Қазақстан |1999 жылдың|Ұйымдастыру
| мұнайына - 100 жыл. Каспий |5 қыркүйегі|комиссиясы,
| маңы мемлекеттері ХХІ | |"Қазақойл" ҰМК
| ғасырда" атты халықаралық | |
| ғылыми-тәжірибелік | |
| конференция ұйымдастыру | |
_____|___________________________________|___________|________________
12 | Үкімет делегацияларының |1999 жылдың|Ұйымдастыру
| қатысуымен Атырау қаласында |5 қыркүйегі|комиссиясы,
| Қазақстан мұнайының 100 | |"Қазақойл"
| жылдығына арналған салтанат | | ҰМК
| ұйымдастыру | |
_____|___________________________________|___________|________________
ЕСКЕРТУ. 10,11,12-жолдармен толықтырылды - ҚРҮ-нің 1999.02.12.
N 120 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 11 желтоқсандағы
N 1749 қаулысына
қосымша
Мерейтой - Қазақстан мұнай өнеркәсiбiнiң 100 жылдығын
өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комиссиясының
құрамы
Жандосов - Қазақстан Республикасы
Ораз Әлиұлы Премьер-Министрінің
орынбасары - Қазақстан
Республикасының Қаржы
министрі, төраға
Кешубаев Ғ.Қ. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министр
Кеңсесi Басшысының орынбасары, төрағаның
орынбасары
Ұйымдастыру комиссиясының мүшелерi:
Әблязов М.Қ. - Қазақстан Республикасының Энергетика,
индустрия және сауда министрi
Үпiшев Е.Е. - Мұнай тасымалдау жөнiндегi "ҚазТрансОйл"
ұлттық компаниясының президентi
Қаппаров Н.Д. - "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясының
президентi
Сағдиев М.Р. - Қазақстан Республикасы Ардагерлерiнiң
Орталық кеңесiнiң төрағасы
Жақыпов Қ.Қ. - Батыс Қазақстан облысының әкiмi
Мусин А.Е. - Ақтөбе облысының әкiмi
Сапарбаев Б.М. - Қызылорда облысының әкiмi
Жақиянов Ғ.Б. - Павлодар облысының әкiмi
Абдуллаев Қ.А. - Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi
Жақсыбеков Әділбек - Астана қаласының әкімі
Рыскелдіұлы
Тасмағамбетов - Атырау облысының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы
Қиынов Ләззат - Маңғыстау облысының әкімі;
Кеттебайұлы
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.28. N 959 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.07.09. N 947 қаулысымен.