Қазақстан Республикасы мұнайшы ардагерлерінің үндеуін және "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" ЖАҚ-ның өтінішін ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан мұнай өнеркәсібінің 100 жылдығы мерейтойын өткізу туралы" 1997 жылғы 11 желтоқсандағы N 1749 P971749_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 53, 486-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақтағы "25 сәуірі" деген сөздер "5 қыркүйегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) аталған қаулымен мақұлданған Қазақстан мұнай өнеркәсібінің 100 жылдығына арналған негізгі шараларда:
реттік нөмірі 1-жолда, 3-бағандағы "1 қаңтарына дейін" деген сөздер "1 маусымына дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2-жолда:
2-бағанда:
"Қазақстан мұнай өнеркәсібінің даму тарихына арналған "Қарашұңғылдан Каспий шельфіне дейін" деген көп сериялы деректі фильм түсіру" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан мұнайына 100 жыл" деген жалпы атаумен бейнероликтер циклін түсіру";
3-бағандағы "1 наурызына дейін" деген сөздер "наурыз-шілдесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3 және 4-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 5-жолда:
2-бағанда:
"Қарашұңғыл N 7 бірінші қазақ мұнай скважинасының орнында ескерткіш-стеланы орнату мен салтанатты ашуды көздеу" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қарашұңғыл N 7 тұңғыш мұнай скважинасының орнында рәміздік белгіні орнату мен салтанатты түрде ашуды ұйымдастыру";
3-бағандағы "25 сәуірі" деген сөздер "4 қыркүйегіне дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6 және 7-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 8-жолда:
3-бағандағы "1 қаңтарына дейін" деген сөздер "1 маусымына дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-бағандағы:
"Ұйымдастыру комиссиясы, Қазақстан Республикасы Ардагерлерінің Орталық кеңесі, облыс әкімдері" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұйымдастыру комиссиясы, "Қазақойл" ҰМК";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10, 11, 12-жолдармен толықтырылсын:
"10. Астана қаласында салтанатты 1999 жылдың Ұйымдастыру
жиналыс, жиналыс 3 қыркүйегі комиссиясы,
қорытындылары "Қазақойл" ҰМК
бойынша баспасөз
конференциясын ұйымдастыру
11. Атырау қаласында "Қазақстан 1999 жылдың Ұйымдастыру
мұнайына - 100 жыл. Каспий 5 қыркүйегі комиссиясы,
маңы мемлекеттері ХХІ "Қазақойл" ҰМК
ғасырда" атты халықаралық
ғылыми-тәжірибелік
конференция ұйымдастыру
12. Үкімет делегацияларының 1999 жылдың Ұйымдастыру
қатысуымен Атырау қаласында 5 қыркүйегі комиссиясы,
Қазақстан мұнайының 100 "Қазақойл"
жылдығына арналған салтанат ҰМК".
ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі