Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан мұнай өнеркәсібінің 100 жылдығы мерейтойын өткізу
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 желтоқсандағы
N 1749
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 53,
486-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Жандосов Ораз Әлиұлы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары, төраға"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Жандосов Ораз Әлиұлы" Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қазақстан
Республикасының Қаржы
министрі, төраға"
2) Қазақстан мұнай өнеркәсібінің 100 жылдығы мерейтойын өткізу
жөніндегі ұйымдастыру комиссиясының құрамына енгізілсін:
Ұйымдастыру комиссиясының мүшелері:
Жақсыбеков Әділбек - Астана қаласының әкімі
Рыскелдіұлы
Тасмағамбетов Иманғали - Атырау облысының әкімі
Нұрғалиұлы
Қиынов Ләззат - Маңғыстау облысының әкімі;
Кеттебайұлы
3) Н.И.Баев, Р.Т.Шырдыбаев көрсетілген құрамнан шығарылсын".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.