Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 желтоқсандағы N 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 28 қыркүйек N 959

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     "Қазақстан мұнай өнеркәсібінің 100 жылдығы мерейтойын өткізу туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 желтоқсандағы N 1749



P971749_


  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 53,

486-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

     көрсетілген қаулының қосымшасына:

     Қазақстан мұнай өнеркәсібінің 100 жылдығы мерейтойын өткізу жөніндегі

ұйымдастыру комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:


     Ораз Әлиұлы Жандосов         - Қазақстан Республикасы Премьер-

                                    Министрінің бірінші орынбасары,

                                    төраға


             Ұйымдастыру комиссиясының мүшелері:


     Мұхтар Қабылұлы Әблязов      - Қазақстан Республикасының

                                    Энергетика, индустрия және сауда

                                    министрі


     Ерлан Елемесұлы Үпішев       - Мұнай тасымалдау жөніндегі

                                    "ҚазТрансОйл" ұлттық

                                    компаниясының президенті


     Николай Иванович Баев        - Маңғыстау облысының әкімі


     Ғалымжан Бәділжанұлы         - Павлодар облысының әкімі

     Жақиянов


     Қалық Абдуллаұлы Абдуллаев   - Оңтүстік Қазақстан облысының

                                    әкімі;


     "Н.Ж. Қаппаров               - Мұнай тасымалдау жөніндегі

                                    "ҚазТрансОйл" ұлттық

                                    компаниясының президенті"

     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:


     "Нұрлан Жамбылұлы            - "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ

     Қаппаров                       компаниясының президенті";


     А.С.Есімов, А.Ә.Жабағин, Б.М.Қуандыков, В.Л.Левитин, Д.Қ.Ахметов,

З.Қ.Тұрысбеков аталған құрамнан шығарылсын.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі  





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады