Қазақстан Республикасы спортшыларының 1998-2000 жылдардағы өтетiн кезектi Олимпиадалық және Азиялық ойындарға дайындығының кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 27 желтоқсандағы N 1847. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Спорт командаларының Нагано қаласында /Жапония/ 1998 жылы өтетiн ХVIII қысқы Олимпиадалық ойындарға, Бангкок қаласында /Тайланд/ 1998 жылы өтетiн ХIII жазғы Азия ойындарына, Кангвон қаласында /Оңтүстiк Корея/ өтетiн IV қысқы Азиялық ойындарға және Сидней қаласында /Австралия/ өтетiн ХХVII жазғы Олимпиадалық ойындарға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Туризм және спорт комитетi Ұлттық Олимпиада комитетiмен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Спорт комитетiмен бiрлесе отырып және "Динамо" дене тәрбиесi-спорт қоғамының орталық кеңесiмен, "Жастар" дене тәрбиесi-спорт қоғамының республикалық кеңесiмен, спорт түрлерi жөнiндегi республикалық федерациялармен келiсе отырып, спорт командаларын және жекелеген спортшыларды 1998-2000 жылдардағы кезектi Олимпиадалық және Азиялық ойындарға әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жыл сайын республикалық бюджетте "Дене тәрбиесi және спорт жөнiндегi шаралар" бағдарламасы бойынша кезектi Олимпиадалық және Азиялық ойындарға командалар мен спортшылардың дайындығы мен қатысуына қаржы көздейтiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Туризм және спорт комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып бiр ай мерзiм iшiнде Олимпиадалық ойындарда 1-6 орындар және Азиялық ойындарда 1-3 орындар алған спортшыларға және олардың жаттықтырушыларына сыйақы төлеудiң тәртiбi мен мөлшерi туралы нұсқаулықты әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен бекiтсiн.
      4. Облыстардың және Ақмола мен Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы" 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 U952261_ және "1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 1996 жылғы 19 желтоқсандағы N 3276 U963276_ Жарлықтарын орындау үшiн:
      1998-2000 жылдардағы Олимпиадалық және Азиялық ойындарға қатысуға үмiткер спортшыларға оларды дайындаудың нысаналы бағдарламасын орындауды қамтамасыз ететiн қажеттi жағдайларды жасауға;
      спорт резервтерiн дайындау жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге, балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң жүйесiн сақтауға және облыс орталықтары мен жекелеген қалаларда дарынды балалар үшiн спорт мектеп-интернаттарын ашуға жәрдемдессiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады