Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар "Кең дала" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк емес сыртқы заемдары бойынша мерзiмi өткен төлемдерiн өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 12 қаңтар N 7

      Қазақстан Республикасының шетел несие берушiлерi алдындағы мiндеттемелерiн орындау және дефольт фактiлерiне жол бермеу, сондай-ақ республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар бұрын берiлген мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 23 қыркүйекте берiлген N 001 және N 002 мемлекеттiк кепiлдiктерiне сәйкес, шетел банктерi шоттарының негiзiнде "Кең дала" акционерлiк қоғамы үшiн "Өтеу шегерiлген несие" бөлiмi бойынша 1998 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде төлем жасау күнiндегi бағамдық айырманың өзгерiсiн ескере отырып, 5,024 мың (бес миллион жиырма төрт мың) АҚШ доллары мөлшерiндегi мерзiмi өткен төлемдi төлесiн;
      заемшының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды пайдалануы жөнiндегi қызметiне қаржылық тексерiс жүргiзсiн және оларды пайдалануды бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тарту мақсатында, материалдарды құқық қорғау органдарына, соттарға берсiн.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, 1998 жылдың 15 қаңтарына дейiн мерзiмде "Кең дала" акционерлiк қоғамымен 1998 жылғы 30 қаңтарға дейiн мерзiмде қаражатты қайтару мерзiмiн көздей отырып, республикалық бюджеттен алынған ақшалай қаражатты қайтару жөнiндегi 1997 жылғы 27 маусымдағы 23-20 /НШ-в несие шартына қосымша несие келiсiмiн ресiмдесiн;

 

     алынған қаражатты республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету

жөнiнде барлық қажеттi шараларды қабылдасын.

     3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады