Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы
Үкiметiнiң арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмдi бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының
Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң Мәжiлiсiне
"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан
Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Еркiн сауда
туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасына
ТҮСIНДIРМЕ ЖАЗБА
1994 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру туралы шарттың Дүниежүзiлiк сауда ұйымының принциптерiне негiзделген ережелерiне сәйкес және Қазақстан мен Өзбекстан арасында сауда қатынастарын дамытуға ұмтыла отырып, 1997 жылдың 2 маусымында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмге қол қойылды.
Бұл Келiсiмге қол қоюдың мақсаты жекелеген алымдармен бiрге бiр-бiрiне еркiн сауда режимiн жасау және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрi дамыту мен тереңдетуге қолайлы жағдай туғызу болып табылады.
1997 жылдың бiрiншi жарты жылдығына республикадағы тауар айналымдағы Өзбекстанның үлес салмағы 2,4 % болды және 1996 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 10 %-ке қысқарып, 117,3 млн. АҚШ долларын құрады, оның iшiнде экспорт - 87,9 АҚШ доллары, импорт - 29,3 АҚШ доллары, оң сальдосы - 58,6 АҚШ доллары.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмнiң және аталған Келiсiмге Еркiн сауда режимiнен шегерiмдер туралы хаттаманың күшiне енуi өзара сауда-саттықта импорттық баж алуды жояды, екi мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызмет саласындағы келiсiлген шаралары үшiн жағдай жасайды.
Қаралып отырған Келiсiмдi орындау Өзбекстанмен сыртқы саудада Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер орнатуды талап ететiнiн ескере отырып, "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың, орындаудың және олардың күшiн жоюдың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заң күшi бар Жарлығының 11-бабына сәйкес осы Келiсiмдi бекiту қажет деп есептеймiз. Аталған мемлекетішiлiк рәсiмдi iске асыру Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3- тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың, орындаудың және күшiн жоюдың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заң күшi бар Жарлығының 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаралып отырған
Келiсiм қағидаларының Қазақстан Республикасы заңдарының алдында
басым болуына және олардың тiкелей қолданылуына мүмкiндiк бередi.
Бұл Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы
еркiн сауданың дамуында оң көрiнiс бередi.
Премьер-Министр
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан
Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Еркiн сауда
туралы келiсiмдi бекiту туралы
1997 жылғы 2 маусымда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң
арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан
Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Еркiн сауда туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi,
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты теңдiк және өзара тиiмдiлiк негiзiнде дамытуға ұмтыла отырып,
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының қалыптасқан интеграциялық экономикалық байланыстары мен екi мемлекет экономикаларының өзара толығуын ескере отырып,
бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы шарттың ережелерiн басшылыққа ала отырып,
тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң еркiн қозғалысы өзара келiсiлген шараларды жүзеге асыруды талап ететiнiн мойындай отырып,
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Тарифтер мен сауда жөнiндегi Бас Келiсiмнiң (ТСБК) және Дүниежүзiлiк сауда ұйымының (ДСҰ) принциптерiн ұстанатындықтарын растай отырып,
төмендегiлер жөнiнде келiстi:
1-бап
Тараптар теңдiк, өзара тиiмдiлiк және мүдделiлiк принциптерiн басшылыққа ала отырып, Тараптар мемлекеттерiндегi iс жүзiндегi заң актiлерiн сақтай отырып, олардың меншiк түрлерiне қарамастан, тiкелей шаруашылық байланыстары негiзiнде шаруашылық қызмет субъектiлерi арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытады және кеңейте түседi.
Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапқа зиян келтiретiн iс-әрекеттерден бас тартады.
2-бап
1. Тараптар бiр-бiрiне еркiн сауда тәртiбiн ұсынады.
Тараптар бiр Тарап мемлекетiнiң кедендiк аумағынан шығатын және екiншi Тарап мемлекетiнiң кедендiк аумағына арналған тауарлардың экспортын және/немесе импортын кедендiк ресiмдеулер, сондай-ақ сандық шектеулер үшiн қойылатын алымдардан басқа, бара-бар күшi бар кедендiк баж салығын, салықтарды және алымдарды қолданбайды. Тауарлардың келiсiлген номенклатурасы бойынша аталған сауда тәртiбiнен алып тастаулар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Хаттамамен ресiмделедi.
2. Тараптар осы баптың 1-тармағына сәйкес еркiн сауда тәртiбiнен алынып тастаулардың жалпы тiзбесiн, сондай-ақ осындай алынып тастауларды қолдану тәсiлдерiн жыл сайын әзiрлейдi және келiседi.
3. Осы Келiсiмiң мақсаттары үшiн және оның қолданылу кезеңiнде Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумағынан шығатын тауарлар деп Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Үкiметi Басшылары Кеңесiнiң Шешiмiмен бекiтiлген 1993 жылғы 24 қыркүйектегi Тауарлар шығатын елдi анықтайтын ережелер белгiлеген тауарлар түсiнiледi.
3-бап
Әрбiр Тарап:
осы Келiсiмнiң қолданысы аясына жататын екiншi Тараптың тауарларына iшкi өндiрiстiң ұқсас тауарларына немесе үшiншi елдерден шығатын тауарларға салынатын тиiстi салықтардан немесе алымдардан асып түсетiн iшкi салықтарды немесе алымдарды тiкелей немесе жанама түрде салмайтын;
осы Келiсiмнiң қолданысы аясына жататын тауарларды импорттауға немесе экспорттауға қатысты, ұқсас жағдайларда iшкi өндiрiстiң ұқсас тауарларына немесе үшiншi елдерден шығатын тауарларға қолданылмайтын қандай да болмасын арнайы шектеулер мен талаптар енгiзбейтiн;
екiншi Тараптың мемлекетi аумағынан шығатын тауарларды жинастыруға, қайта тиеуге, сақтауға, тасымалдауға, сондай-ақ төлемдерге және төлемдердi аударуға қатысты осындай жағдайларда өз тауарларына немесе үшiншi елдерден шығатын тауарларға қатысты қолданылатын ережелерге қарағанда басқа ережелердi қолданбайтын болады.
4-бап
Тараптар өзара саудада екiншi Тарапқа қатысты осы Келiсiмнiң шеңберiнде тауарларды экспорттауға және/немесе импорттауға сандық шектеулер енгiзетiн кемсiтушiлiк шараларын немесе оларға бара-бар шараларды қолданудан бас тартатын болады.
Тараптар бiржақты тәртiппен сандық немесе басқа арнайы шектеулер, бiрақ тек ақылға қонымды деңгейде және қатаң белгiлi бiр мерзiмге қоюы мүмкiн.
Бұл шектеулер аса бөлек сипатта болуы тиiс және тек ТСБК/ДСҰ шеңберлерiндегi келiсiмдермен көзделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкiн.
Осы Бапқа сәйкес шектеулер қолданатын Тарап аталған шектеулердi қолдануды енгiзудiң негiзгi себептерi, нысандары мен болжамдары мерзiмдерi туралы толық ақпаратты мүмкiндiгiнше алдын ала екiншi Тарапқа табыс етуi тиiс, содан кейiн консультациялар тағайындалады. Консультациялар барысында қабылданатын шешiмдер тиiстi құжаттармен ресiмделедi.
5-бап
Осы Келiсiм Тараптардың кез-келгенiне өзiнiң тiршiлiк мүдделерiн қорғау үшiн қажет деп есептейтiн немесе өзi қатысушы болып табылатын немесе қатысушы болуға ниет еткен халықаралық шарттарды орындау үшiн сөзсiз қажет деп санайтын сыртқы экономикалық байланыстар саласында халықаралық тәжiрибеде жалпы қабылданған мемлекеттiк реттеудiң шараларын, егер бұл шаралар:
адамдардың өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, жануарлар мен өсiмдiктердi сақтауға;
қоғамдық имандылықты және қоғамдық тәртiптi қорғауға, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
қару-жарақ, оқ-дәрi және әскери техника саудасына;
ыдыраушы материалдарды және радиоактивтi заттардың көзiн жеткiзуге, радиоактивтi қалдықтарды залалсыздандыруға;
алтын, күмiс немесе басқа да бағалары металдар мен асыл тастар саудасына;
орны толмас табиғи ресурстарды сақтауға;
төлем балансының бұзылуына;
мемлекеттiк қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесiнде iшкi бағасы әлемдiк деңгейден төмен болатын өнiмнiң экспортын шектеуге;
өндiрiстiк және интеллектуальдық меншiктi қорғауға;
ұлттық игiлiк құндылықтарын қорғауға;
соғыс уақытында немесе халықаралық қатынастардағы басқа төтенше жағдайларда қолданылатын шараларға;
халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау үшiн БҰҰ-ның Жарғысы негiзiндегi мiндеттердi орындау үшiн iс-қимылдарға;
және ТСБК-нiң ХХ-бабында көзделген басқа жағдайларға қатысты болса бiржақты тәртiпте қолдану құқығына кедергi келтiрмейдi.
Осы бапқа сәйкес шараларды енгiзуге ниеттi Тарап төтенше сипаттағы жағдайлардан басқа, екiншi Тарапқа осындай шараларды қолданудың басталуына дейiн алдын ала шектеулердi енгiзудiң негiзгi себептерi, нысандары мен болжамды мерзiмдерi туралы толық ақпаратты беруге тиiс, содан кейiн консультациялар тағайындалады.
6-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi барлық есеп айырысулар мен төлемдер тиiстi банк аралық келiсiмдер негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
7-бап
Тараптар тұрақты негiздi Тараптарға қатысты кеден статистикасын қоса алғанда, сыртқы экономикалық байланыстарды iштей құқықтық реттеу туралы, соның iшiнде сауда, инвестиция, салық салу, банк және сақтандыру қызметi және көлiк пен кеден мәселелерi жөнiндегi өзге де қызметтер бойынша ақпаратпен алмасатын болады.
Тараптар осы Келiсiмнiң орындалуына ықпал етуi мүмкiн ұлттық заңдардағы өзгерiстер туралы бiр-бiрiне дер кезiнде хабарлап тұрады.
Уағдаласушы Тараптардың өкiлеттi органдары бұндай ақпарат алмасудың тәртiбiн келiседi.
Осы баптың ережелерi:
кез келген Тараптың құзыреттi органдарын заң бойынша немесе Тараптардың бiрiнiң әдеттегi әкiмшiлiк практика барысында алуға болмайтын ақпаратты беруге мiндеттi деп түсiну;
қандай да бiр сауда, кәсiпкерлiк, өндiрiстiк, коммерциялық немесе кәсiби құпияны немесе сауда процесiн жария ететiн ақпаратты немесе жария етiлуi Тараптардың мемлекеттiк мүдделерiне қайшы келетiн басқа ақпаратты беру болып табылмайды.
8-бап
Тараптар олақ iскерлiк практиканың осы Келiсiмнiң мақсаттарына сай келмейтiнiн мойындайды және оның төмендегi әдiстерiне:
Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында бәсекелестiкке кедергi келтiру немесе шектеу немесе оған жасалған жағдайларды бұзу мақсаттарын қойған кәсiпорындар арасындағы шарттарға, кәсiпорындар бiрлестiгi қабылдаған шешiмдерге және iскерлiк практикасының жалпы әдiстерiне;
бiр немесе бiрнеше кәсiпорындардың өздерiнiң үстемдiк жағдайын пайдаланып, Тараптар мемлекеттерiнiң түгел аумағына немесе едәуiр бөлiгiнде бәсекелестiктi шектейтiн iс-әрекеттерiне жол бермеуге және жоюға мiндеттенедi.
9-бап
Статистикалық ақпарат алмасу, кедендiк рәсiмдердi жүргiзу үшiн екi жақты экономикалық қарым-қатынастардың тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын жүзеге асыру кезiнде Тараптар тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлесiмдi жүйесiне және Еуропалық экономикалық одақтастықтың құрамды тарифтiк-статистикалық номенклатурасына негiзделген Сыртқы экономикалық қызметтiң бiрыңғай тоғыз таңбалы Тауарлық номенклатурасын (СЭҚ ТН) пайдаланатын болады. Бұл орайда Тараптар өз мұқтаждары үшiн қажет болған жағдайда тоғыз таңбадан тыс Тауарлық номенклатураны дамытуды жүзеге асырады.
Тауарлық номенклатураның эталондық нұсқасын енгiзу өзара келiсiлген негiзде тиiстi халықаралық ұйымдарға өкiлдiктер арқылы жүзеге асырылады.
10-бап
Тараптар транзиттiк өту принциптерiн сақтау осы Келiсiмнiң мақсаттарына қол жеткiзудiң аса маңызды шарты және оларды халықаралық еңбек бөлiсу мен бiрлесу жүйесiне қосу процесiнiң елеулi буыны екендiгiне келiседi.
Осыған байланысты Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарап мемлекетiнiң және/немесе үшiншi елдiң кедендiк аумағынан шығатын және екiншi Тарап мемлекетiнiң немесе кез келген үшiншi елдiң кедендiк аумағына арналған тауарлардың өз аумағы арқылы кедергiсiз транзитiн қамтамасыз етедi және экспорттаушыларға, импорттаушыларға немесе тасымалдаушыларға өзiнiң экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе тасымалдаушыларына немесе кез келген үшiншi мемлекеттiң экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе тасымалдаушыларына берiлетiн сол құралдар мен қызмет көрсетулерден ешкім түспейтiн шарттарда барлық қолдағы бар құралдар және қамтамасыз ету үшiн қажеттi қызмет көрсетулердi беретiн болады.
Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары бойынша жүктердiң өту тәртiбi мен шарттары тасымалдаудың Халықаралық ережелерiне сәйкес реттеледi.
11-бап
Әрбiр Тарап осы тауарлар өз аумағынан шығатын екiншi Тараптың экспортына қатысты рұқсат етiлмеген тауарларды қайта экспорттауға жол бермейдi, реттеудiң тарифтiк және/немесе тарифтiк емес шараларын қолданады және/немесе оларды өз кеден аумағынан әкету кезiнде сыртқы экономикалық жеңiлдiктер бередi. Тараптар рұқсатсыз қайта экспорттауға тыйым салынатын тауарлардың тiзбесiн белгiлейдi, сондай-ақ мемлекеттiк реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың тiзiмдерiмен алмасады.
Бұл тауарларды үшiншi бiр елге қайта экспорттау, осы тауарлар шығатын елдiң-мемлекеттiң өкiлеттi органы айқындайтын жазбаша келiсiмiмен және шарттарымен жүзеге асырылуы мүмкiн. Осы ереже сақталмаған жағдайда мүдделi Тарап екiншi Тараппен алдын ала консультация алысқаннан кейiн бiр жақты тәртiпте келiсiмсiз қайта экспорттауға жол берген екiншi Тарап мемлекетiнiң кедендiк аумағына бұндай тауарларды шығаруды реттеу жөнiнде шаралар енгiзуге құқығы бар.
Қайта экспорттау деп бiр Тарап мемлекетiнiң кедендiк аумағынан
шығатын тауарды екiншi Тараптың үшiншi елге экспорттау мақсатымен өз
мемлекетiнiң кедендiк аумағынан тыс жерге шығаруы түсiнiледi.
12-бап
Үшiншi елге қатысты экспорттық бақылаудың келiсiлген саясатын
жүргiзу мақсатында Тараптар тұрақты түрде консультациялар өткiзетiн
болады және экспорттық бақылаудың тиiмдi жүйесiн құру үшiн өзара
келiсiлген шараларды қабылдайтын болады.
13-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар арасында бұрынырақта жасалған келiсiмдердiң ережелерiн соңғыларының алғашқыларына не сәйкес келмейтiн, не онымен ұқсас болатын шамасына қарай алмастырады.
14-бап
Осы Келiсiмде, егер бұл қатынастар мен мiндеттемелер осы Келiсiмнiң мақсаттарымен ережелерiне қайшы келмесе, осы Тарап қатысушы болып табылатын Тараптардың кез келгенiне үшiншi елдермен қарым-қатынас орнатуға, қандай да бiр халықаралық келiсiмдерге сәйкес өзiне алған мiндеттемелерiн орындауға ештеңе де кедергi жасамайды.
15-бап
Әрбiр Тарап өзiнiң заңдарына және халықаралық мiндеттемелерiне
сәйкес екiншi Тараптың шаруашылық қызметi субъектiлерiнiң тең
құқықтық, соның iшiнде құқықтарды соттық қорғау және заңды
мүдделерiн қорғау құқықтарын бередi.
16-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдануға қатысты
Тараптар арасындағы даулар келiссөздер жүргiзу жолымен немесе
Тараптарға қолайлы басқа тәсiлдермен шешiлетiн болады.
Тараптар өзара саудадағы шиеленiстi жағдайларды жасамауға
ұмтылатын болады.
17-бап
Қажет болған жағдайда Тараптардың келiсуi бойынша осы Келiсiмге
өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
18-бап
Осы Келiсiм Тараптардың бұл үшiн қажеттi мемлекеттiк iшкi процедураларды орындағандары туралы соңғы мәлiмдеулерi күнiнен кейiн күшiне енедi және Тараптардың бiреуi екiншi Тарапқа оның қолданысын тоқтатқысы келетiн ниетi туралы жазбаша мәлiмдеме жiберген күннен алты ай өткенше күшiнде қалады.
Осы Келiсiм тоқтатылғаннан кейiн оның ережелерi оның күшiнде болған кезеңде Тараптар мемлекеттерiнiң шаруашылық субъектiлерi арасында жасалған, бiрақ орындалмаған контрактiлерiне бес жылдан аспайтын мерзiмге қолданыста болады.
Алматы қаласында 1997 жылғы маусымда екi данада, әрқайсысы
қазақ, өзбек және орыс тiлдерiне жасалды, сондай-ақ барлық
мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мақсатында орыс тiлiндегi
мәтiн басым күшке ие.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi
мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Еркiн
сауда туралы келiсiмге Еркiн сауда тәртiбiнен алып
тастаулар туралы
ХАТТАМА
Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының өкiлеттi өкiлдерi төмендегi туралы осы Хаттаманы жасады:
1-бап
1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмнiң 2-бабымен көзделген алып тастаулар;
N 1 Қосымшаға сәйкес Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларға;
N 2 Қосымшаға сәйкес Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына экспортталатын тауарларға таратылады.
2-бап
1. Осы Хаттаманың 1-бабына сәйкес еркiн сауда тәртiбiнен алып тастаулар таратылатын тауарларға қатысты Тараптар бiр-бiрiне барынша қолайлы жағдай туғызады. Олар:
осындай салықтар мен алымдарды алудың әдiсiн қоса алғанда, импорт кезiнде (N 1 Қосымшада көрсетiлген тауарларға қатысты) және экспорт кезiнде (N 2 Қосымшада көрсетiлген тауарларға қатысты) алынатын салықтар мен алымдарға;
транзиттi кедендiк ресiмдеуге, тасымалдауға, жинастыруға, қайта тиеуге және осы сияқты қызмет көрсетулерге қатысты ережелерге;
төлемнiң әдiстерiне және төлемдердiң аударылуына;
импорттық лицензиялар беруге;
iшкi рынокта тауарларды сату, сатып алу, тасымалдау, бөлу және пайдалануға байланысты ережелерге қатысты.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi:
Тараптардың кез келгенiнiң Кеден одағын немесе еркiн сауда аймағын құру мақсатымен, не осындай одақ немесе аймақ құру нәтижесiнде үшiншi елдерге беретiн басымдықтарына;
Тараптардың заңдарына сәйкес дамушы елдерге берiлетiн басымдықтарына;
шекара бойындағы сауданы жеңiлдету мақсатымен көршi елдерге берiлетiн басымдықтарына;
арнаулы келiсiмдерге сәйкес Тараптардың бiр-бiрiне беретiн басымдықтарына қатысты қолданылмайды.
3-бап
Тараптар өзара саудада Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумақтарына экспорт/импорт кезiнде тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiндегi қолданыстағы тауарлардың (жұмыс және қызмет түрлерiнiң) экспорты мен импортын лицензиялау және квоталау туралы олардың заңдарына сәйкес тарифтiк емес реттеу шараларын қолдануды сақтайды.
Осы Хаттамаға қол қою кезiнде:
Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 298 Қаулысымен;
Өзбекстан Республикасында - Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 шiлдедегi N 287 Қаулысының 3,4,5,6,8,9-қосымшаларымен және 1996 жылғы 18 маусымдағы N 219 Қаулысының 2-қосымшасымен белгiленген тауарлардың (жұмыс және қызмет түрлерiнiң) экспорты мен импортын тарифтiк емес реттеу саласындағы шектеулер күшiнде болады.
1. Осы Хаттама 1997 жылғы _____ маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және аталған Келiсiммен бiр мезгiлде күшiне енедi.
2. Осы Хаттама 1997 жылғы _____ маусымдағы Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi
арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмнiң 2-бабымен көзделген жаңа
Хаттама жасалатын кезеңге дейiн қолданыста болады.
Алматы қаласында 1997 жылғы 2 маусымда екi түпнұсқа данада,
әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ
мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Хаттаманы түсiндiру мақсаттары үшiн орыс тiлiндегi мәтiн
пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
1997 жылғы " " маусымдағы Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан
Республикасының Үкiметi арасындағы
Еркiн сауда туралы Келiсiмнiң Еркiн
сауда тәртiбiнен алып тастаулар
туралы Хаттамасына
N 1 Қосымша
Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына
импорттау кезiнде оларды еркiн сауда тәртiбiнен
алып тастауға жататын тауарлардың
ТIЗБЕСI
Тауардың аты СЭҚ ТН-ның коды
Күрiш 1006
Алкогольдi және алкогольсiз 22 топ
iшiмдiктер (2201,2202 және 2209-дардан басқа)
Темекi және темекінi өндiрiстiк 24 топ
алмастырушылар
1997 жылғы " " маусымдағы Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан
Республикасының Үкiметi арасындағы
Еркiн сауда туралы Келiсiмнiң Еркiн
сауда тәртiбiнен алып тастаулар
туралы Хаттамасына
N 2 Қосымша
Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасынан
экспорттау кезiнде оларды еркiн сауда тәртiбiнен
алып тастауға жататын тауарлардың
ТIЗБЕСI
Тауарлардың аты СЭҚ ТН-ның коды
Табиғи бал 0409
Картоп 0701
Мақталық тұқым (егiс үшiн), 120720100
басқа тұқымдар 120720900
Мақта линтi 140420000
Өсiмдiк майы 1507, 1512, 1516
Қант 1701, 1702
Майлық дақылдардан жем, ұн және 2304, 2306, 230990
сықпа жем және өсiмдiк майы
тұнбасының басқа қалдықтары
(мақталық тұқымдарды қоса алғанда)
Күкiрт қышқылы 2807
Дәрiлiк мақта, дәке, бинттер және
соған ұқсас (медициналық) бұйымдар 3005
Минералдық немесе химиялық, азот
немесе фосфор тыңайтқыштары 3102, 3103
Лактар, сырлар және пигменттер 3203-3210
Терi, иленбеген терi шикiзаты 4101-4103, 4104
4106, 4108, 4109
Табиғи және жасанды терi 4301, 4302
Қағаз және қатырма қағаз, қағаз 4801, 4803, 4806,
массасынан және қатырма қағаздан 4809, 4812, 4813,
жасалған бұйымдар 4816, 4818, 4820
Мақта талшығы және мақта
қалдықтары 5201, 5202, 5203
Дәрiлiк мақсатта, түбiр және тоқыма
тозаңы, түйiншiктер 560121, 560130
Асыл және жартылай асыл тастар, 7103, 7104, 7106
бағалы металдар 7107, 7108, 7109
7110, 7111, 7112
Мыстан жасалған бұйымдар, мыс 7405-7409, 7413-7419,
қалдықтары мен сынықтары 7404
Алюминийдiң қайта қорытпасы 760120900
Алюминийден жасалған бұйымдар, 7603-7614, 7615,
асхана бұйымдары, асүйлiк және 7616, 7602
өзге бұйымдар (күйге қарсы
қабатталған ыдыстардан басқа),
алюминий қалдықтары мен сынықтары
Өзге бағалы емес металдар 8104, 8105, 8108,
(магний, кобальт, титан, 8109, 8111, 8112
цирконий, марганец, бериллий, (811291100-811299900-ден басқа)
хром, германий, ванадий)
Түстi металл сынықтары мен 810191900,810291900,810310900,
қалдықтары 810420000,810510900,810600100,
810700100,810810900,810910900,
811000190,811100190,811211000,
811220390,811230100,811240190,
811291390,811300100
Қапталған өткiзгiштер 8544
Көркемөнер шығармалары, 9701, 9702, 9703,
коллекция бұйымдары және 9704, 9705, 9706
антиквариат
"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан
Республикасы Үкiметiнiң арасындағы еркiн сауда
туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасына
АНЫҚТАМА ПАРАҚ
1. Заң жобасының бастамашысы Қазақстан Республикасының
(органның толық атауы) Үкiметi
2. Заң жобасын дайындау жөнiндегi құрылған жоқ
жұмыс тобының құрамы
3. Заң жобасы жөнiндегi бас Халықаралық Iстер, қорғаныс
комитет және қауiпсiздiк жөнiндегi
комитет
4. Заң жобасының Қазақстан
Республикасының Парламентiнде 29.01.1998 ж.
тiркелген күнi
5. Заң жобасы бойынша Қазақстан
Республикасы Парламентi
тұрақты комитеттерiнiң
қорытындылары
6. Заң жобасы бойынша Қазақстан Әдiлет министрлiгi
Республикасы Үкiметiнiң,
министрлiктердiң,ведомстволардың,
басқа мемлекеттiк органдар
мен қоғамдық бiрлестiктердiң
қорытындысы
7. Заң жобасының ғылыми жүргiзiлген жоқ
сараптамасы
8. Заң жобасы жөнiнде баяндама Қазақстан Республикасы
жасау кiмге тапсырылды Стратегиялық жоспарлау
және реформалар жөнiндегi
агенттiгiнiң төрағасы
Қазақстан Республикасының
министрi - Е.Ә.Өтембаевқа
9. Балама жобалардың болуы жоқ
10.Заң жобасының Қазақстан
Республикасының Парламентiне
тапсырылған күнi
11.Парламенттiң заң жобасын
бiрiншi оқылымда қараған
күнi және оның нәтижелерi
12.Жобаны пысықтау және оны
екiншi оқылымға әзiрлеу
тапсырылған бас комитет
(комиссия) басқа орган
13.Заң жобасын халықтық ұсынылған жоқ
талқылауға ұсыну және оның
мерзiмi
14.Комитеттiң заң жобасы жөнiндегi
қорытындысы (екiншi оқылымның
алдында)
15.Заң жобасын Парламенттiң екiншi
оқылымда қарауы және оның
нәтижесi
16.Заңның күшiне ену уақыты
17.Басқа да белгiлер