Қазақстан Республикасының ең аз қамтамасыз етiлген азаматтарын шағын несиелендiрудiң 1998-2000 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 12 ақпандағы N 103

      Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейiнгi Стратегиясының "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, бiлiмi мен әл-ауқаты" ұзақ мерзiмдi басымдығын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1998 жылға арналған нақты тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған 1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ең аз қамтамасыз етiлген азаматтарын шағын несиелендiру бағдарламасы (бұдан әрi - шағын несиелендiру бағдарламасы) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөнiндегi кеңестiң қоғамдық қор нысанындағы Қазақстан Республикасының ең аз қамтамасыз етiлген азаматтарын шағын несиелендiрудiң үкiметтiк емес ұйымын (бұдан әрi - "Шағын несие" үкiметтiк емес ұйымы) құруға қатысу туралы ұсынысы қабылдансын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi:
      заңмен белгiленген тәртiппен "Шағын несие" үкiметтiк емес ұйымының құрылтайшысы болсын;
      "Шағын несие" үкiметтiк емес ұйымының атқарушы органын және оның өкiлдiгiн орналастыру үшiн Алматы және Ақмола қалаларында үй-жайлар бөлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi "Шағын несие" үкiметтiк емес ұйымының қайтарымсыз негiзде мемлекеттiк еңбекпен қамтуға жәрдемдесу қорының 1998 жылға арналған бюджетiнен шағын несиелендiру үшiн көзделген қаражатты бөлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi шағын несиелендiру бағдарламасын жүзеге асыру үшiн техникалық және қаржы көмегiн тарту жөнiнде халықаралық ұйымдармен және шетелдiк мемлекеттермен келiссөздер жүргiзсiн.
      6. Республиканың облыстарының, астанасының, қалаларының,

 

аудандарының, поселкелерiнiң, селоларының және ауылдарының әкiмдерi

"Шағын несие" үкiметтiк емес ұйымының қызметiне жан-жақты жәрдем

көрсетсiн.

     7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi

агенттiгiне жүктелсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1998 жылғы 12 ақпандағы

                                          N 103 қаулысымен

                                             бекiтiлген


          Қазақстан Республикасының ең аз қамтамасыз етiлген

             азаматтарын шағын несиелендiрудiң 1998-2000

                          жылдарға арналған

                            бағдарламасы


                          1. Жалпы ережелер



 
       Шағын несиелендiру - кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдай туғызуға және ең аз қамтамасыз етiлген азаматтардың өзiн-өзi жұмыспен қамтуына бағытталған несиелендiрудiң нысандарының бiрi. Қазақстан Республикасының ең аз қамтамасыз етiлген азаматтарын шағын несиелендiрудiң 1998-2000 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру қайтарымдылық жағдайда, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн ең аз қамтамасыз етiлген азаматтарға ақшалай және/немесе тауарлық несие беру процесiнде туындайтын қатынастардың жүйесiне негiзделген.
      Бағдарламамен республиканың ең аз қамтамасыз етiлген азаматтары, негiзiнен, село халқы, басым көбi еңбекке қабiлеттi жастағы жұмыссыздар қамтылатын болады. Осы Бағдарлама 1998 жылдан бастап, аймақтар бойынша кезең-кезеңiмен Қазақстанның бүкiл аумағын қамтиды.
      Кедей адамдардың басым бөлiгi, әдетте, оңтүстiк облыстарға тән, саны жағынан көп үй шаруашылықтарында байқалып отырғаны ескерiлiп, 1998 жылы Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының оңтүстiк аймақтарында, Қостанай облысының Арқалық қаласында шағын несиелендiру жөнiнде тездiк жобаларды жүзеге асыру ұйғарылуда.
      Шағын несиелер, олар Мемлекеттiк еңбекпен қамтуға жәрдемдесу қорынан төленетiн әлеуметтiк қолдаудың кез-келген түрiнен өз еркiмен бас тартқан жағдайда, ресми жұмыссыз деп танылған азаматтарға берiледi.
      Ең аз қамтамасыз етiлген азаматтарды шағын несиелендiру бағдарламасын iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының ең аз қамтамасыз етiлген азаматтарын несиелендiрудiң үкiметтiк емес ұйымы ("шағын несие" ҮЕҰ) құрылады.
      Шағын несиелерге қызмет көрсетудi ел аймақтарында тармақты филиалдық желiлерi бар уәкiлеттi банк жүзеге асыратын болады. "Шағын несие" ҮЕҰ өзiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес банктiң шоттарында орналастырылған ақшаға иелiк етедi.
      Банк шағын несиелерге қызмет көрсету (төлем тапсырмаларының негiзiнде қаражат төлеу, беру-қабылдау және басқалары) үшiн жауапкершiлiкте болады.
      Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн, ҮЕҰ-ден басқа, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң тиiстi бөлiмшелерi, қоғамдық және ғылыми ұйымдар, шетелдiк және жергiлiктi сарапшылар, жергiлiктi атқарушы органдар жұмылдыратын болады.
      Шағын несиелендiру мынадай принциптерге:
      * ең аз қамтамасыз етiлген азаматтар үшiн несие ресурстарының қол жетерлiк болуына;
      * шағын несиелендiру және халықты тиiстi оқыту жөнiнде толық

 

ақпарат беру жолымен заемшыларды iрiктеу өлшемдерiнiң және шағын

несиелер беру тәртiбiнiң ашықтығына;

     * несиелердiң қайтарымдылығына және шағын несиелендiрудi кеңейту

үшiн қаражат жинақтауға негiзделедi.

     ЕСКЕРТУ. I-бөлiктiң 3 абзацы өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.08.01.

              N 730 қаулысымен. 


P980730_
 



     II. Бағдарламаның мақсаттары


     осы Бағдарлама мынадай мақсатты:

     * еңбекпен қамтуды қамтамасыз етудi, кiрiстердi көбейтудi,

кедейшiлiктi төмендетудi;


 
       * халықтың еңбекке қабiлеттi еңбекпен қамтылмаған бөлiгi арасында жеке және отбасылық кәсiпкерлiктi дамытуды көздейдi.
 
      III. Шағын несиелердi берудiң шарты
 
      Шағын несиелер жеке кәсiпкерлiк қызметпен айналысқысы келетiн, бiрақ қажеттi бастапқы капиталы мен несиелер алу үшiн кепiлдiгi немесе өзге қамтамасыз етерлiк мүмкiндiгi жоқ, ең аз қамтамасыз етiлген азаматтар мен жұмыссыздарға берiледi.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi бағдарламаның шеңберiнде:
      белгiленген тәртiппен жұмыссыз деп танылғандардың iшiнен ең аз қамтамасыз етiлген азаматтардың саны туралы "Шағын несие" ҮЕҰ ақпарат ұсынады;
      қажет жағдайларда белгiленген тәртiппен жұмыссыз деп танылғандардың қатарынан ең аз қамтамасыз етiлген азаматтарды жеке кәсiпкерлiктiң ұсынылған түрлерi бойынша оқытуды жүргiзедi;
      кепiлдiң болмауы не жетiспеуi себебi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы N 927 қаулысымен P970927_ бекiтiлген "Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражатынан жаңа жұмыс орындарын құруды және жеке кәсiпкерлiктi дамытуды қолдаудың тәртiбi туралы" ережеге сәйкес заем алмаған, бiрақ кәсiпкерлiк қызметте белгiлi бiр тәжiрибесi бар кәсiпкерлердiң тiзiмдерiн шағын несие алған заемшыларды бiрiктiру үшiн "Шағын несие" ҮЕҰ-на ұсынады.
      Шағын несиелендiру топтарын құру жан-жақты ынталандырылатын болады.
      Осы Бағдарламаның мақсаты үшiн ең аз қамтамасыз етiлген азаматтардың санатына жан басына шаққанда iс жүзiнде тұтыну бойынша есептелген ең төменгi азық-түлiк себетiнiң құны мен ең төменгi азық-түлiктiк емес себеттiң құнын қамтитын өмiр сүрудiң төменгi деңгейiнен төмен кiрiсi бар адамдар жатады.
 
                   IV. Шағын несиелендiрудiң тетiгi
 
      Шағын несиелендiрудiң талаптары шағын несиелендiрудiң мақсатты арналуы мiндеттi түрде көрсетiлетiн несие шартында айқындалады.
      Шағын несиелер заемшы мен "шағын несие" ҮЕҰ арасындағы жасалған, берiлген қаражатты мақсатты жұмсау және оларды жеке мұқтаждарына (тамақ өнiмдерiн алуға, киiм-кешек, тұрмыстық мақсаттағы заттар сатып алуға) пайдалануға тыйым салынатындығы айтылатын несие шартының негiзiнде, тек ақшалай нысанда ғана берiледi. Сондай-ақ, несие шартында алынған қаражатты қайтару жөнiндегi талаптар нақты айтылуы тиiс.
      Шағын несиенi өтеудiң мерзiмдерi қызметтiң түрiне қарай жеке белгiленедi.
      Шағын несиенi қайтару өнiмдi өндiру және сату циклы ескерiле отырып несие шартының тараптары келiскен, қаражатты қайтару кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Екiншi (үшiншi) шағын несиенi алу кезiнде бiрiншi (екiншi) шағын несиенi iске асырудың нәтижесiнде жинақталған және екiншi (үшiншi) шағын несиенiң есебiнен сатып алынған мүлiктiң кепiлi түрiнде қамтамасыз ету талап етiледi.
      Бiрiншi шағын несие жұмыс өндiрiсiнiң және көрсетiлетiн қызметтiң циклы ескерiле отырып, 18 айдан аспайтын мерзiмге, жылдық 5 проценттiк ставкамен 400 АҚШ долларына дейiнгi сомада берiледi.
      Одан кейiнгi шағын несиелер несие шартының тараптарымен келiсiлген жылдық проценттiк ставкамен, неғұрлым iрi сомада берiледi.
      Екiншi және кейiнгi шағын несиелердiң алынуы:
      * оның алдындағы шағын несиенiң шарттарын толық орындауға және қайтаруға;
      * материалдық базаның нығаю дәрежесiне байланысты болады.
 
                       V. Шағын несие беру тобы
 
      Шағын несиелендiру тобын (ШНТ) ерiктi негiзiнде iрi сомада шағын несие алуға үмiткер, ең аз қамтамасыз етiлген азаматтар құрады.
      ШНТ-ның әрбiр мүшесi мiндеттемелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген мөлшерлерде және тәртiппен ынтымақтастықты жауаптылықта болады.
      ШНТ-ны құру - сауатты заемшыларды тәрбиелеу және оның мүшелерiн

 

кәсiпкерлiкке машықтандыру мақсатын көздейдi.

     ШНТ-нiң құрылуына жергiлiктi басқару органдары мен мүдделi

қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi, сондай-ақ беделдi адамдар мен көрнектi

қоғам қайраткерлерi жәрдем көрсетуi тиiс.

     ШНТ-нiң функциясына:

     * нақты бизнес-идеялар әзiрлеу, несие өтiнiмдерiн бағалау және

оларды iске асыру;

     * "шағын несие" ҮЕҰ-ның жергiлiктi өкiлдiктерiмен және

банк-агентпен өзара iс-қимыл жасау кiредi.


              VI. Ең аз қамтамасыз етiлген азаматтарды

                 несиелендірудiң үкiметтiк емес ұйымы

                   ("Шағын несие" ҮЕҰ) және шағын

                       несиелендiрудiң жүйесi



 
       Ең аз қамтамасыз етiлген азаматтарды шағын несиелендiрудiң үкiметтiк емес ұйымы қоғамдық қор нысанында құрылады. "Шағын несие" ҮЕҰ шағын несие беру үшiн заңдарда және өзiнiң жарғысында белгiленген тәртiппен банк қызметiнiң жекелеген түрлерiн көрсететiн болады.
      "Шағын несие" ҮЕҰ қоғамдық қорының жоғарғы органы Қамқоршылық

 

кеңесi болып табылады. Қамқоршылық кеңесiнiң құрамы, оның Төрағасын

тағайындау, оның функциялары мен мiндеттерi "Шағын несие" ҮЕҰ қоғамдық

қорының Жарғысында айтылады.

     "Шағын несие" ҮЕҰ-ның қызметiн ұйымдастыруды Атқарушы дирекция

(орталық орган) және аймақтық, кiшi аймақтық, жергiлiктi өкiлдiктер

жүзеге асыратын болады.


     "Шағын несие" ҮЕҰ-ның ұйымдық құрылымы:

     1. Орталық орган - атқарушы дирекция

     2. Алты аймақтық өкiлдiк:

     1-шi аймақ: Батыс Қазақстан, Атырау және

                 Маңғыстау облыстары;

     2-аймақ: Ақтөбе және Қызылорда облыстары;

     3-аймақ: Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл және

              Алматы облыстары;

     4-аймақ: Шығыс Қазақстан және Павлодар

              облыстары;

     5-аймақ: Қарағанды және Ақмола облыстары;

     6-аймақ: Қостанай және Солтүстiк Қазақстан

              облыстары.

     Бастапқы кезеңде 2-шi, 3-шi және 4-шi аймақтардың өкiлдiктерi

құрылатын болады.


     3. "Шағын несие" ҮЕҰ-ның шағын несиелендiрумен қамтылған 10 елдi

мекендi бiрiктiретiн кiшi аймақтық өкiлдiктерi.

     4. "Шағын несие" ҮЕҰ-ның 10 шағын несиелендiру тобын

бiрiктiретiн жергiлiктi өкiлдiктерi.


     "Шағын несие" ҮЕҰ-ның негiзгi мiндеттерi:


     * Бағдарламамен қамтылған ең аз қамтамасыз етiлген азаматтар

тобының шеңберiн ұдайы кеңейтiп отыру;

     * Донорларды белсендi iздестiру және шағын несиелендiру үшiн

гранттар тарту;

     * Шағын несиелендiрудiң нақты, транспаренттi және таралған

жүйесiн қалыптастыру;


 
       * Бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жариялау және оны жүзеге асыруға жұртшылықтың кең шеңберiн, оның iшiнде мемлекеттiк органдарды тарту жолымен Бағдарламаның ашықтығын қамтамасыз ету;
      * Бағдарламаның iске асырылу барысын бақылау, үйлестiру және талдау және оның даму перспективасын айқындау;
      * Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiн, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiн Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы уақытылы және толық ақпаратпен қамтамасыз ету;
      * жергiлiктi жерлерде заемшыларды несиелендiру, қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз ету болуы тиiс.
 
                VII. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi
 
      Бағдарламаны қаржыландыру мынадай көздерден:
      1. Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының бюджетiнде Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының кiрiс бөлiгiне осы мақсатқа арналып түскен соманың шегiнде көзделген қаражаттан.
      2. Халықаралық ұйымдар мен шетелдiк мемлекеттердiң гранттарынан.
      3. Отандық және өзге де донорлық ұйымдардың гранттарынан, сондай-ақ жеке жылу берулерден.
      4. Шағын несиелер бойынша сыйақылардың (мүдделердiң) "Шағын несие" ҮЕҰ есебiнен жиналған қаражатынан.
      5. Заңдарда тыйым салынбаған және Бағдарламаның мақсаты мен принциптерiне қайшы келмейтiн өзге де көздерден көзделедi.
      Бағдарламаны iске асыруға арналған шығыстар шағын несиелер берумен және оларға қызмет көрсетумен тiкелей байланысты шығыстардан басқа, Бағдарламаны басқару жөнiндегi қызметтi қамтамасыз етуге арналған шығыстарды ("Шағын несие" ҮЕҰ-ның Қамқоршылық кеңесi айқындаған мөлшерлерiнде) қамтуы тиiс.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады