Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: "Қазақстан Республикасында өндiрiлген акциздеуге жататын тауарларға және құмар ойын бизнесiне арналған акциздердiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1747 P961747_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 516-құжат): көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: "Спирттiң барлық түрi (тауар өндiрушiде осындай өнiмдi шығару құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда ликер- арақ, күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар, шарап, бальзам, емдiк және фармацевтiк дәрi- дәрмектер жасауға босатылғандарынан, сондай-ақ мемлекеттiк медициналық мекемелерге босатылатындарынан басқа) 0,3 экю/литр" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын; "Спирттiң барлық түрi (тауар өндiрушiде көрсетiлген өнiмдi шығару құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмектер жасауға босатылғандарынан, сондай-ақ мемлекеттiк медициналық мекемелерге босатылатындарынан басқа) 3,0 экю/литр" Тауар өндiрушiде осындай өнiмдi шығару құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда ликер-арақ бұйымдары, күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар, шараптар, бальзамдар жасауға босатылған спирттердiң барлық түрлерi 0,3 экю/литр"; "Импортталатын акциздеуге жататын тауарлардың акциздiк ставкалары және акциздер алуға жатпайтын, акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың алып өту нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 мамырдағы N 907 P970907_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 23, 209-құжат): аталған қаулының 1-қосымшасында: "2207, 2208-ден Спирттiң барлық түрлерi 0,3 экю/литр күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар мен бальзамдар, арақ, ликер-арақ бұйымдары, коньяктар 1,7 экю-литр" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "2207, 2208-ден Спирттiң барлық түрлерi 0,3 экю/литр Тауар өндiрушiде осындай өнiмдi шығару құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда ликер-арақ бұйымдары, күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар, шараптар, бальзамдар жасауға босатылған спирттердiң барлық түрлерiнен 0,3 экю/литр Күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар және бальзамдар, арақ, ликер-арақ бұйымдары, коньяктар 1,7 экю-литр" 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн. 3. Осы қаулы 1998 жылдың 1 наурызынан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1747 және 1997 жылғы 30 мамырдағы N 907 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 13 ақпан N 108. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.10.27. N 1087 қаулысымен. ~P981087
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз