"Ертiс химия металлургия заводы" акционерлiк қоғамында оңалту рәсiмдерiн жүргiзу жөнiндегi одан арғы шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 19 ақпандағы N 118

      "Ертiс химия металлургия заводы" акционерлiк қоғамын қаржылық сауықтыру жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 8 қазандағы N 1426 P971426_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Ертiс химия-металлургия заводы" акционерлiк қоғамын оңалтушы басқарушының - "Құндыбай" акционерлiк қоғамының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1994 жылғы 29 қарашадағы N 475 өкiмiне сәйкес мемлекеттiк материалдық резервтен ақша түрiнде алған тауарлық несиенi, оның iшiнде:
      олардың салыну бағасы бойынша 303 180 теңге сомасына 52 тонна НОК-1 неодим тотығын, 24 тонна ЛаО-Ж лантан тотығын, 4,6 тонна ФТК-дағы танталды, 34,3 тонна ЛаО-К1 лантан тотығын, 91 тонна НБОФ-2 ниобий бес тотығын, 20 тонна штабиктегi НБШ-1 ниобийiн, 12,5 тонна ЦеОД церий қос тотығын, 74 тонна - құйма НБ-1 ниобийiн, 174,3 тонна ЦеОЛ церий қос тотығын, 4,5 тонна НБОФ-0 ниобий бес тотығын қайтару туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Мемлекеттiк материалдық резервтiң "Ертiс химия металлургия заводы" акционерлiк қоғамының қоймаларында сақтаулы сирек және сирек жер металдарының:
      1999, 56 кг торий тотығының (ТУ МГУУ-4), 14,5 кг штабиктегi НБШ-0 ниобийiнiң, 1,1 кг штабиктегi НБШ-1 ниобийiнiң, 250926,0 кг ЛаОД лантан тотығының, 215101,7 кг ЛаОЖ лантан тотығының, 300 кг ЛаОК-1 лантан тотығының, 235,8 кг НММ-3 металл неодимнiң, 320,3 кг СММК-1 карботермикалық самарийдiң, 785,0 кг ГдО-Л, 41,0 кг ГдО-Д, 17255,0 кг ГдО-Г гадолин тотығының қалған мөлшерi броннан алынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетiне бiр айлық мерзiм iшiнде осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген материалдарды тендерлiк негiзде сату тапсырылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Ертiс химия-металлургия заводы" акционерлiк қоғамы дәрменсiз борышкер деп танылған сәттен бастап "Ертiс химия-металлургия заводы" акционерлiк қоғамының барлық деңгейдегi бюджеттердiң және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы негiзгi берешектерiне үстеме мен айыппұл санкцияларын алты айға, ал сот оңалту рәсiмiн он сегiз айға дейiн мерзiмге (қосымша) ұзарту туралы шешiм қабылдаған жағдайда- ұзартылған мерзiмге тоқтата тұрсын.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады